Өнімнің сапасы ― тағайындалу мақсатына сәйкес белгілі бір қажет-тіліктерді қамтамасыз ету үшін өнімнің жарамдылығын өзідеріне шартты түрде тәуелді ететін оның қасиеттерінің жиынтығы. Ол өнідірістің түрлі сатыларында қалыптасады және бірқатар көрсеткіштермен сипатталады: сенімділік, ұзақтөзімділігі, функционлдығы, эстетикалылығы.
Сапалы өнім жоғары тұтынушылық қасиеттерге ие, көтеріңкі ұсыныс пәніне йналады, қажеттіліктерді толық қанағаттандырады. Сапа көрсеткіш-тері өнім өндірушілердің де, тұтынушылардың да сәйкес келмеуі мүмкін мүдделерін қозғайтын болғандықтан, басымдылық тұтынушы жағында болғанда ол қоғамның мүдде-ықыластары жағынан алғанда бағалануы тиіс. Қоғам сапаны тек шынайы жоғарылатуды ғана, яғни тұтынуда өткізілетін сапаны танып мойындайды. Мысалы, машинаның бір буынының функциялану мерзімін ұзарту бағытында шексіз жұмыс істеу бекер, егер жалпы алғанда машинаның ұзақтөзімділігі басқа буындарының жетілмеуінен өспесе.
Өнімнің қандай да бір түрінің сапасын көтеру мәселесін шешу жеке бір кәсіпорынға қиын, өйткені бұл процеске тек ішкі (ішкіөндірістік) факторлар ғана емес, «қоғам сапасы» деп аталатын сыртқы факторлар да ықпал етеді. «Қоғам сапасы» блогына кіретін барлық элементтерді жетілдірусіз өнімнің жоғары сапасына сенім арту қиын. Бірақ жоғары сапалы өнім кәсіпорынға жетістікті кепілдік етеді, ал кәсіпорынның жетістігі қоғамның жетістігіне әкеледі. Бұл процесті «сапа пирамидасы» түрінде ұсынуға болады (1-сурет).
1-сурет. Сапа пирамидасы
2. Сапа басқару объектісі ретінде
Сапаны басқару ― бұл, өнімді ойластырып жасау, өндіру, айналымға салу, эксплуатациялау және тұтыну кезінде оның сапасының қажетті деңгейін орнату, қамтамасыз ету және ұстап отыру; сапаны жүйелі түрде бақылау арқылы және оған әсер ететін жағдайлар мен факторларға мақсаттын таймай ықпал ету арқылы жүзеге асырылады (ГОСТ 15467-79). Сапаны басқару дегеніміз ― тауардың өмірлік циклінің барлық сатыларында (енгізу, өсу, кемелденуі, сұранысты қолдап отыру) өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз етуге бағытталған экономикалық, ұйымдастырушылық, техника лық және басқа да ісшараларды жүргізу.
Қазіргі заман түсінігінде сапаны басқару бойынша ісәрекет өнім өнді ріліп болғаннан кейін тиімді бола аламайды; ол өнім өндіру барысында үз діксіз жүзеге асырылуы, сонымен қатар, өнім өндіру процесінің алдында болуы тиіс.
Сапаны басқару келесі принциптерде құрылады:
нысаналылық ― сапаға қатысты нақты мақсат болуы қажет;
жоспарлылық ― жүзеге асырылуы тиіс сапа саласындағы ісшаралар дың жиынтығы жоспарланады;
үздіксіздік;
интенсивтілік ― сапаны жоғарылауы экономика дамуының интен сивті факторларына жатады;
жүйелілік жол табу;
кешенділік ― сапа мәселелерін оның тәуелді болуы мүмкін барлық аспектілерді ескере отырып шешу;
сапаның тұтынушылардың сұраныстарына дәл сәйкес келуіне тырысу;
үнемі жетіліп отыру ― кәсіпорынның бәсекелестік қабілетіне үлес қосады.
Өнім сапасын басқару ― жалпы алғанда өндірісті басқарудың құрам-дас бөлігі, оның қасиеттерінің, функцияларының бірі. Сондықтан ол қолда-ныстағы басқару жүйесінің аясында дамиды және орындалады, сапа сала-сында саясатты жасауда, өнімге деген сұранысты анықтау, өнімді құру, жасау және күтім жасау бойынша нақты және жақсы ұйымдастырылған жұмыста тұжырымдалады. Ғылымның бұл саласы басқарудың жалпы теориясына сәкес «жүйе», «орта», «бағдарлама» және т.б. түсініктерді қолданады.
Сапаға өндірістің негізгі факторлары мен жағдайларынан басқа көптеген кездесоқ, жергілікті және субъектитвік факторлар әсер етеді. Осы факторлардың барлығына ықпал ету, сапаның тиісті деңгейін қолдап отыру үшін басқару жүйесі, яғни өнім құру процесіне үнемі әсер ету шараларының жиынтығы қажет.
Басқарушы және басқармалы жүйелерді ажыратады. Басқармалы жүйе ұйымды, фирманы, басқа да құрылымдарды басқарудың түрлі деңгейлерімен ұсынылған; басқарушы жүйе ― сапа менеджментін құрады және қамтамасыз етеді.
Өнім сапасын басқару мен қамтамасыз етудің негізгі санаттарын қарастырайық.
Өнім сапасын басқару мен қамтамасыз ету жүйесі өзара байланысты келесі санаттарға сүйенеді: объект, мақсат, әдістер, функциялар, басқарушы-лық қатынастардың сипаттамалары және басқалар.
Басқару объектісі ― өнімнің сапасы, оның қасиеттерінің жиынтығы немесе олардың бір бөлігі, тобы, өнімнің жеке бір қасиеті. өнімнің сапасын басқаруды тиімді ұйымдастыру үшін басқару объектісі бөіп көрсетіліп қана қойылмай, бүкіл процесті жақсырақ зердеге түйіп, ұйымдастыруға мүмкіндік беретін басқа да санаттар дәл анықталуы тиіс.
Басқару субъектісі ― барлық сатылардағы басқарушы органдар және өнім сапасының жоспарланған деңгейіне қол жеткізуге және қолдап отыруға жауапты тұлғалар.
Басқару мақсаты ― өндіруші мен тұтынушының экономикалық мүдделерін, сонымен қатар, қауіпсіздік пен экологиялылық талаптарын ескерілген өнім сапасының білгілі бір деңгейі мен күйі; сапа қасиеттерінің жиынтығы және тұтыну сипатына сәйкес келетіндей және өндіріс пен тұтынудың тиімділігін, тұтыну үшін жетімді бағаны, қалыпты өзіндік құнды және өнімнің жеткілікті пайдалылығын қамтамасыз ететіндей анықтап белгіленуі, қол жеткізілуі және қамтамасыз етілуі тиіс сапаның деңгейі.
Сапаны басқару әдістері ― басқару органдары өнімнің жоспарланған күйі мен сапасына қол жеткізуді және оны қолдап отыруды қамтамасыз ете отырп өндірістік процеске ықпал жасайтын жолдары.
Сапаны басқару әдістерін төрт топқа бөлуге болады: ұйымдық, әлеуметті-ұйымдық, экономикалық, ұйым-технологиялық.
Ұйымдық әдістер ― талап етілетін сапаны қамтамасыз ететіндей бас-қармалы жүйеастыларды ұйымдастыруға үлес қосатын әдістердің жиынтығы. Әдістердің бұл топтарына нормалардың, түсініктемелердің, консультация-лардың, танысымдардың, сақтанушылықтар негізінде жалпыұйымдық пен сызықты-функционалдық регламенттеуге негізделген жарлықтық (бұйрық-тар, директивалар, қаулылар, нұсқаулар, өкімдер), дисциплинарлық, мотива-цияны қамтамасыз ететін (жауапкершілікті және ынталандыру нысандарын белгілеу), тұрақтандырғыш әдістерді жатқызады.
Әлеуметті-психологиялық әдістер ― жұмыскерлердің рухани мүдде-леріне, тиісті сапаны қамтамасыз етумен байланысты олардың ынта-жігер-лерінің қалыптасуына ықпал ету тәсілдерінің жиынтығы. Мұндай әдіс-терге мыналар жатады: кәсіпорынға беріліп жұмыс істеуді, осы кәсіпорынның жұмыскері ретінде өзіне құрметпен қарауды, кәсіпорынның жетістіктері үшін мақтан етуді, өнегелік ынталандыру нысандарын тәрбиелеу және насихаттау.
Сапаны басқарудың экономикалық әдістері ― сапа саласында эконо-микалық ынталандыруды қолдануға негізделген ықпал ету тәсілдері және сапа саласындағы белгіленген мақсатқа қол жеткізуге материалдық мүдде-лілікті құру тәсілдері. Экономикалық әдістер тобына сонымен бірге мыналар кіреді: сапаны басқару саласындағы іс-әрекетті қаржыландыру; өндірісті экономикалық ынталандыру; тұтынушыларға олардың талаптарына сәйкес келетін өнім мен қызмет көрсетулерді ұсыну; өнім мен қызмет көрсетулердің жаңа және модернизацияланған түрлерін жоспарлау және құру; өнімге және қызмет көрсетулерге олардың сапа деңгейін ескерумен баға қою; сапаны экономикалық ынталандыру қорларын түзу; өндірістік жүйенің әрбір жұмыс орнында және жалпы алғанда сапаны басқару жүйесінде еңбектің сапасын ескере отырып, еңбекақы төлеу мен материалдық көтермелеу жүйесін қолдану; жабдықтаушыларға олардың өнімді жеткізіп беруіне және қызмет көрсетулеріне қарай ықпал етудің экономикалық шарларын пайдалану.
Ұйым-технологиялық әдістер процесс пен өнімнің сапасын бақылау әдістеріне және процесс пен өнімнің сапасын реттеу әдістеріне бөлінеді. Ұйым-технологиялық әдістерде негізгі орынды сапаны басқарудың жүйелілік әдістері алады.
Сапаны басқару құралдарына мыналар кіреді:
басқару органдары және сапаны басқару жүйелерінде арнайы функция-лардың орындалуын басқаратын тұлғалар пайдаланатын ұйымтехника, бай-ланыс құралдары;
өнімнің сапа көрсеткіштерін регламенттейтін және сапаны басқару бойынша арнайы функциялардың орындалуын ұйымдастыратын нормативтік құжаттама банкі;
мемлекеттік эталондарды, өлшеу құралдарын қамтитын метрологиялық құралдар;
өлшеулердің бірыңғайлығын қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің (МӨЖ) регламенттейтін құжаттары;
заттар мен материалдардың қасиеттері туралы стандартты анықтамалық мәліметтердің мемлекеттік қызмет базасы (СММҚ).
10. Сапа облысындағы кәсіпорынның саясаты. Саясатты әзірлеу кезінде ұйымдастырудың мақсаттары мен міндеттері.
Сапа менеджмент жүйесі саясат және мақсаттар ұйым үшін бағдар болу үшін бекітеді. Олар керекті нәтижелерді анықтайды және осы нәтижелерге жету үшін ұйымдар қорлардың қолдануына септігін тигізеді. Сапа саласындағы саясат сапа саласында мақсаттарды әзірлеу және талдау үшін негізді қамтамасыз етеді. Сапа саласындағы мақсаттарды сапа саласындағы саясат және үнемі жақсартуға қажеттілікпен келістіру қажет. Ал, нәтижелер өлшенетін болу керек. Сапа саласындағы мақсатқа жету өнім сапасына жұмыс тиімділігіне және қаржылық көрсеткіштерін оң әсер ете алу және соның арқасында қызығушы тараптардың қанағаттануына игі әсерін тигізеді.
ИСО 8402 стандартында мынадай: «Сапа саласындағы саясат – жоғары басшылықпен ресми қалыптастырылған сапа саласындағы негізгі бағыттар мен мақсаттарды ұйымдастыру» деген анықтама берілген.
Анықтаманың ескертуінде сапа саласындағы саясат жалпы саясат элементтері болып табылады деп айтылып, жоғары басшылықпен бекітіледі.
Саясаттың осыған ұқсас анықтамасы СЕҰ (Сапа бойынша Еуропалық ұйым) сөздігінде не келтірілген.
Сапа саяатын анықтау кезінде кездесетін бірінші мәселелері кәсіпорын қызметінде оның рөлін және орнын анықтау және кәсіпорын сапа саясаты мен стратегиясы ара қтынастары болып табылады.
Сапа саласындағы саясатты қалыптастыруға әсер ететін негізгі факторлар: өткізу рыногындағы жағдай, кәсіпорынның ішкі жағдайы (технологиялық мүмкіндіктер мен персонал), кәсіпорынның қабылдаған стратегиясы және жалпы саясаты, экономиканың жалпы жағдайы және инвестициялардың тартылуы, ғылыми-техникалық прогресс және бәсекелестердің жетістіктері болып табылады.
Кәсіпорынның тұрақты жұмыс жасау жағдайында сапа саясатындағы негізгі бағыты болып сапа саласында бәсекелестерді басып озу екендігі белгілі.
Сапа саясаты тапсырыс берушілердің кәсіпорында сапа саласындағы жұмыс бағыттары және мақсаттары дұрыс анықталғандығына және кәсіпорында қажетті сапалы өнім өндіруді қамтамасыз ететін, оларға жету үшін нақты құралдар таңдап алынғандығына сендіру қажет. ИСО 9001:2001 стандартында мынадай талаптар келтірілген:
Жоғарғы басшылық сапа саласындағы саясатын:
ұйым мақсаттарына сәйкес болуын;
сапа менеджмент жүйесінің талаптарға сәйкес болуын және тиімділігін үнемі жақсартуға міндеттердің болуы;
сапа саласындағы мақсаттарды қою және талдауға негіздерді құруды;
ұйым қызметкерлеріне жеткізілуі және түсінікті болуы;
үнемі қажеттілігіне ұдайы талдауының қамтамасыз етуі қажет.
«Фудмастер» АҚ үшін ИСО 9000 стандарттар талаптарына сәйкес сапа саласындағы саясат және мақсаттар төмендегідей үлгіде болады.
«Фудмастер» АҚ-ның сапа саласындағы саясаты мен мақсаттары.
«Фудмастер» АҚ-ның сапа саласындағы саясаты кәсіпорынның барлық жұмысшылары мен жетекшіліктің жалпы саясатының ажырамас бөлігі болып табылады, стратегиялық маңызы бәсекеге қабілеттілігі мен өндірісті кеңейту мақсатымен барлық шығарылатын өнім мен көрсетілетін қызмет түрлерінің сапасын бақылау, жоғрылату және ұстап тұруды үнемі жақсартуға негізделген.
Тамақ өндірісі соның ішінде сүт өндірісіне қатысты және «Фудмастер» АҚ-да қолданылуы мүмкін ИСО 9000 бөлімдерін ескере отырып, тұтынушы талаптары мен қажеттіліктерін толқ қанағаттандыра алу үшін сапа концепциясын бекіту және кеңейту жоспарлануда.
Сонымен, «Фудмастер» АҚ өзінің негізгі мақсаты ретінде өз өнімі мен қызмет көрсетулер сапасын кәсіпорынның барлық персоналын бұл поцеске ынталандыру арқылы үнемі жақсартуды көрсетеді.
Қазір біз МЕСТ, ТШ және басқа да нормативті-техникалық құжаттар талабына сәйкесөнім шғарамыз. Сапа менеджмент жүйесін ендіру, біздің кәсіпорында оны функцияналдау біздің тұтынушыларымыздың жеткізілетін өнім орнатылған талаптарға сәйкес болатындығына үлкен сенімділігін тудырады.
Біздің сапа саласындағы саясат біздің тұтынушылардың күтулерін толық қанағаттандыратын өнім шығару болып табылады. Бұл үшін кәсіпорындағы әрбір қызметкер сапаға жауап беретін және әрбір қызметкер сапаны жетілдіруге және біздің өнімді шығаруда өнімділікті арттыруда қатысу қажет.
Біздің кәсіпорын әрекетінің негізгі принципі: сапа барлығынан да жоғары.
Бұл мақсатқа жету үшін біздің кәсіпорында 9000 сериялы халықаралық ИСО стандарттар талаптарына сәйкес шығарылатын барлық өнімге сапаны қамтамасыз ету жүйесі дайындалады.
Кәсіпорында сапа менеджмент жүйесін ендірудің қортынды мақсаты шығарылатын өнімге халықаралық сапа сертификатын алу және басқару моделдерін жақсарту болып табылады, өйткені орнатылған басқару жүйесін барлық деңгейде тиімдендіру кәсіпорында көптеген проблемаларды шешуен жаға сапалы деңгейге шығруға мүмкіндік береді: өнім сапасы, персонал жұмысының сапасы, соңында халықаралық деңгейде біздің өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді.
Персонал жұмысының сапасы ИСО сапа сенеджментінің сегіз прниципін нақты орындаумен қамтамасыз етіледі:
Тұтынушыға бейімделу.
Басшылық жетекшілігі.
Қызметкерлерді қызықтыру.
Үрдістік келісім.
Менеджментке жүйелі келісім.
Ұдайы жақсарту.
Фактілерге негізделген шешімдерді қабылдау.
Жеткізушілермен өзара тиімді қатынастар.
11. Сапа бойынша басшылық. Негізгі тағайындалуы
Сапа бойынша басшылық (Quality Manual) бірінші деңгейдің құжаты болып табылады. Бұл құжатта сапа саласындағы саясат баяндалады және ұйымның сапа жүйесі сипатталады. Сапа бойынша басшылық сапа жүйесінің негізін қалайтын құжат ретінде роль ойнайды және оның жұмысшы қалпында анықтамалық құжат қызметін атқарады.
ИСО 10011 сәйкес сапа бойынша басшылық келесідегідей мақсаттар үшін қолданылуы мүмкін:
- сапа жүйесін тиімді енгізу;
- кәсіпорынның сапа саласындағы саясатын баяндау;
- сапа жүйесінде процестерді тиімді басқару;
- сапа жүйесінің аудиті үшін нормативті негізді қамтамасыз ету;
- үзіліс жағдайында сапа жүйесінің қызмет көрсету тұрақтылығын қамтамасыз ету;
- кәсіпорынды сапаны қамтамасыз ету саласында персоналмен қамтамасыз етуді дайындау;
- кәсіпорынның келісім түзу жағдайында өзінің сапа жүйесінің ИСО 9000 сериялы стандартарына сәйкес екендігін көрсету;
- сапа жүйесін таныстыру.
Сапа бойынша басшылықты құру келесілерден тұрады: кіріспе бөлмі; сапа саласындағы кәсіпорын саясаты және бөлімшелердің осы саладағы тапсырмаларын баяндайды; кәсіпорын құрылымының сипаттамасы; сапа жүйесінің элементтері бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды сипаттайтын бөлімдер; сапа бойынша басшылықты қайта қарау және түзету бойынша жағдайлар.
Сапа бойынша басшылықта кәсіпорынның ИСО стандартының әрбір ережесі бойынша сәйкестікке қалай қол жеткізетіндігін көрсетіледі. Бұл құжаттың көлемі артып кетпеу үшін онда бекітілген және қолданыстағы құжаттарға сілтемелер беріледі. Сапа бойынша басшылықтың формасы оған өзгерістерді оңай енгізуге болатындай етіп таңдалады.
Сапа бойынша басшылықты дайындауды кәсіпорынның уәкілетті құзырлы тобы жүзеге асырады. Оны дайындау кезінде келесі іс-шаралар орындалады:
- сапа жүйесіне ИСО стандарты анықталады;
- сапа жүйесінде жүзеге асырылатын процедуралардың тізілімі құрастырылады;
- сапа жүйесін пайдаланушылар туралы ақпараттар жиналады;
- сапа бойынша басшылықтың құрылымы және формасы анықталады;
- сапа бойынша басшылықтың қабылданған құрылымы және формасына сәйкес сапа жүйесінің құжаттары жіктеледі.
12. Сапа бойынша басшылықтың құрылымы
Сапа бойынша басшылық келесілерден тұруы керек:
- атауы, тағайындалуы және қолданылу саласы;
- мазмұны;
- сапа бойынша басшылық туралы және кәсіпорын туралы ақпаратардан тұратын кіріспе бөлімі;
- кәсіпорынның сапа саласындағы саясаты мен мақсаты;
- ұйымдық құрылымның сипаттамасы, жауапкершілігі және құзыреттілігі;
- сапа жүйесінің элементтерінің сипаттамасы және сапа жұйесінің құжатталған процедураларына сілтемелер;
- егер қажет болған жағдайда, «Анықтамалар» бөлімі;
- егер қажет болған жағдайда, басшылыққа сілтеме;
- егер қажет болған жағдайда, көмекші ақпараттардың қосымшасы. приложение с дополнительной информацией, если необходимо.
Атауы, тағайындалуы және қолданылу саласы
Сапа бойынша басшылықтың атауы және әрекет ету ортасы сапа бойынша басшылық қолданылатын ұйымды нақты анықтау керек. Сондай-ақ бұл бөлім сапа жүйесінің элементтерін қолдануды анықтау керек.
Мазмұны
Сапа бойынша басшылықтың мазмұнында бөлімдердің атаулары келтіріледі және оларды оңай табу үшін олар нөмерленеді.
Кіріспе бөлімі
Кіріспе бөлімінде мүдделі кәсіпорын туралы және сапа бойынша басшылық туралы жалпы мәліметтер келтіріледі.
Сапа саласындағы саясат және мақсаттар
Сапа бойынша басшылықтың осы бөлімі кәсіпорынның сапа саласындағы саясатын және мақсаттарын бекіту керек.
Ұйымдық құрылымның сипаттамасы, жауапкершілігі және құзыреттілігі
Сапа бойынша басшылықтың бұл бөлімінде кәсіпорынның жоғарғы деңгейінің сипаттамасы келтіріледі. Сондай-ақ жауапкершілігін, құзыреттілігін және өзара байланыстарын көрсететін құрылымдық схемасын көрсетуге болады.
Сапа жүйесінің элементтері
Сапа бойынша басшылықтың қалған бөлімдері сапа жүйесінің барлық қолданылатын элементтерінің сипаттамасынан тұруы керек.
Сапа жүйесінің жлементтеріне талаптар ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарттарында немесе осы кәсіпорында қолданылатын стандартта бекітілген.
Анықтамалар
Егер анықтамалардан тұратын бөлім басшылықта қажет болған жағдайда, әдетте ол «Қолданылу саласы» бөлімінен кейін орналастырылады. Бұл бөлімде осы сапа бойынша басшылықта қолданылатын терминдер мен ұғымдарға анықтамалар беріледі немесе сапа саласындағы терминологиялық құжаттарға сілтемелер көрсетіледі.
Көмекші мәліметтер үшін қосымша
Басшылыққа қажетті көмекші ақпараттардан тұратын қосымшалар кірістіріледі.
13. Сапа бойынша басшылықтың құрамы. Сапа бойынша басшылық элементтері. Сапа бойынша басшылықтың құрылымы
Сапа бойынша басшылық - бұл ұйымның ерекшелігі туралы көрсетілім беретін концептуальды құжат. Ұйымның визиткалы карточкасы сияқты және ол мыналарды кірістіреді:
- лицензиялауға жататын қызметтердің барлық түріне ұйымның лицензиялар тізімі;
- ұйымдық құрылым;
- СМЖ-нің толық сипаттамасы және оның әрекеттерінің жерлердегі қолдану аймағы.
Сапа бойынша басшылық электронды, қағаз жүзінде немесе типографиялық әдіспен алынған бірыңғай құжат сияқты бекітілуі мүмкін. Бөлімдерді бекіту кезінде оның элементтерінің ИСО 9001:2009 стандарты негізіне сай екендігін қадағалау қажет. Сапа бойынша басшылық ИСО 9001 стандарты элементерінің бірі болып табылады.
Корона ЖШС СМЖ-сін ендіруде ең маңызды қызметкерлердің бірі жауапты басшы болып саналады. Жауапты басшы іс - әрекетіне қарай кәсіпорынның алға қарай жылжуы, оның дамуы және нарықтағы бәсекеге қабілеттілгі айқын болады.
Сапа бойынша басшылық Техникалық реттеу және метрология комитетінің Сапа менеджмент жүйесінің қолдану саласын, сонымен қатар Сапа менеджмент жүйесі процестері арасындағы байланыстар қарым қатынасын, СМЖ саласында өңделген құжатталған процедураларға сілтемелерді сипаттайды.
Сапа бойынша басшылық келесі құжаттамалардан тұрады:
1. Жалпы ережелер.
2. Нормативті сілтемелер.
3. Терминдер мен қысқартулар.
4. Сапа менеджмент жүйесі.
4.1 Жалпы талаптар.
4.2 Құжаттамаларға талаптар.
5. Басшылық жауапкершілігі.
5.1 Басшылық міндеттемесі.
5.2 Тұтынушыға жобалау.
5.3 Сапа саласындағы саясат.
5.4 Жоспарлау.
5.5 Жауапкершілік және ақпарат алмасу.
5.6 Басшылық тарапынан сараптау.
6. Ресурстар менеджменті.
6.1 Ресурстармен қамтамасыз ету.
6.2 Адам ресурстары.
6.3 Инфрақұрылым.
6.4 Өндірістік орта.
7. Өнімнің өмірлік циклінің процестері.
7.1 Өнімнің өмірлік циклінің процестерін жоспарлау.
7.2 Тұтынушалрмен байланысты процестер.
7.3 Сатып алу.
7.4 Кәсіпорын және қызмет көрсету.
8. Өлшеу, анализ және жақсарту.
8.1 Жалпы ережелер.
8.2 Мониторинг және өлшеу.
8.3 Сәйкес келмейтін өнімді басқару.
8.4 Ақпараттарды сараптау.
8.5 Жақсарту.
САПА БОЙЫНША БАСШЫЛЫҚТЫҢ ҰСЫНЫЛЫП ОТЫРҒАН ТҰРҒЫЗЫЛУЫ
(Кесте 3.1)
Сапа бойынша басшылық бөлімі
|
Бөлімнің қысқаша мазмұны
|
СТ ҚР ИСО 9001-2009 Пунктілері
|
Мазмұны
|
Сәйкес бөлімдермен қарастырылатын жетекшіліктің барлық бөлімдерінің тізімдері беттері мен бірге келтіріледі.
|
|
Сапа саласындағы саясат
|
Кәсіпорынның сапа саласындағы Саясаты жазылады
|
5.1-5.3
|
Сапа бойынша жетекшілікті тарату және қолдану облысы
|
Ұйымда және сыртқы пайдаланушылар үшін сапа бойынша жетекшіліктің қолданылу және таратылу саласы туралы мәліметтер келтіріледі.
|
4.2.2
|
Кіріспе
|
Ұйым, өнім, сапа бойынша жетекшілік туралы жалпы мәліметтер келтіріледі
|
4.2.2
|
Нормативтік сілтемелер
|
Сапа бойынша жетекшілікте сілтемелер келтірілген құжаттамалар белгіленулері мен тізімінен тұрады.
|
2
|
Терминдер, анықта малар, қысқартулар мен шартты белгіленулер
|
Қолданылған қысқартулар және шартты белгіленулердің терминдермен бірге анықтамалары келтіріледі.
|
3
|
Органиграмма
|
Сапа менеджменті жүй есінің органиграммасы келтіріледі.
|
|
Сапа менеджмент жүйесі
|
Ажыратулардың қажеттілігін негіздеу және жүйенің құжаттамаланған негізі және құрылымы, процестердің тізбектілігі және өзара әрекетін қоса алғандағы СМЖ көлемінің және әрекет ету саласының суреттемесі келтіріледі.
|
Бөлім 4
|
Жоғарғы жетекшіліктің жауапкершілігі және атқарушылығы
|
Сапа саласындағы мақсаттар және саясаттар құрылымдануы үшін жауапкершілік және олардың процеске дейінгі жазылуы келтіріледі.
Сапа саласындағы жоғарғы жетекшіліктің жауапкершілігі және атқарушылығы келтіріледі.
Жетекшілік өкілінің жауапкершілігі келтіріледі, олар төмендегілер:
- сапа менеджмент процестерпін ұстап тұру және ұстап тұруға;
- жоғарғы жетекшілікке есептерді ұсынуға;
- тұтынушылар талаптарын ұйым персоналына дейін жеткізуге;
- сыртқы ұйымдармен байланысты ұстап тұруға (қажет болған жағдайда)
|
5.1; 5.3; 5.4.1
5.1; 5.3; 5.4.1
5.5.1; 5.5.3;
5.1-5.4; 5.5.2
|
Процестер
|
Сапа саласындағы мақсаттарды жоспарлау, ұйымда СМЖ құру және оны дамытуды жоспарлау.
Жетекшілік тарапынан талдау
Процестердің қысқаша суреттемесі және оларды суреттеуші құжаттамаларға сілтемелер
|
5.4.2
5.6
6-8 бөлімдер
|
Процедуралар
|
6 бөлімде келтірілген міндетті процедураларға (процестерді суреттеу кезінде мүмкін), сонымен қатар басқа да құжаттамаланған процедураларға сілтемелер келтіру және қысқаша суреттеу
|
Бөлімдер 4-8
|
Қосымшалар
|
Кәсіпорынның ұйымдастырушы лық құрылымы, СМЖ басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы, кәсіпорындағы сапа қызметінің құрылымдың схемасы, құжаттамаланған процедураларда көрсетілген процестерге және іс әрекеттерге жауапкершіліктерді бөлу матрицасы, сонымен қатар СМЖ құжаттамаларының тізімі, (егер кәсіпорында мұндай тізім болмаса жеке құжаттама түрінде) келтіріледі.
|
|
Сапа бойынша басшылық құрылымы қағида бойынша ҚР СТ ИСО 9001-2009 стандарты құрылымына ұқсас болады, ол сапа жүйесін сертификаттау кезінде сыртқы аудиторлардың жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Сапа бойынша жетекшілікте кәсіпорында қандай жолмен ҚР СТ ИСО 9001-2001 барлық талаптарына сәйкестігі жүзеге асырылатыны көрсетіледі. Жетекшіліктің артық көлемінен қашу мақсатында онда бекітілген және пайдаланылып жүрген құжаттамаларға сілтемелер келтіріледі (стандарттар, процедуралар, процестерді суреттеу, әдістемелер, нұсқаулар, сапа бағдарламалары және т.б.).
14. ИСО 9001:2009 элементтері: жауапты басшы, ресурстар менеджменті, өнім өндірісі, өлшеу, анализ және жақсарту
Жауапты басшы
Жоғарғы басшылық сапа менеджменті жүйесін әзірлеу және енгізу жөнінде, сондай-ақ оның нәтижелігін
Техникалық реттеу және метрология комитетіне тұтынушылар талаптарының, сондай-ақ заңнамалық және нормативтік талаптардың маңыздылығын жеткізу;
Техникалық реттеу және метрология комитетіне сапа саласында саясатты әзірлеу;
Техникалық реттеу және метрология комитетіне сапа саласында мақсаттарды әзірлеуді қамтамасыз ету;
басшылық тарапынан талдаулар жүргізу;
қажетті ресурстармен қамтамасыз ету арқылы тұрақты жақсарту бойынша өзінің міндеттерін растауды қамтамасыз етуі керек.
Жоғарғы басшылық тұтынушылардың қанағаттандырылуын көтеру мақсатында олардың талаптарының анықталуы мен орындалуын қамтамасыз етуі керек.
Жоғарғы басшылық сапа саласындағы саясаттың:
ұйымға мақсаттарына сәйкес болуын;
сапа менеджменті жүйесінің талаптарға сәйкес болуын және нәтижелігін ұдайы жақсартуға арналған міндеттердің болуын;
сапа саласында мақсаттарды белгілеу және талдауға арналған негіздерді құруын;
ұйым қызметкерлеріне жеткізілуі және оған түсінікті болуын;
жарамдылыққа ұдайы талдануын қамтамасыз етуі қажет.
Техникалық реттеу және метрология комитетінің жоғарғы басшылығы, өнімге қойылатын талаптарды орындау үшін қажетті мақсаттарды қоса сапа саласындағы мақсаттар ұйымның сәйкес бөлімшелерінде және сәйкес деңгейлерінде белгіленуін қамтамасыз етуі қажет. Сапа саласындағы мақсаттар өлшене алатын және сапа саласындағы саясатпен сәйкестендіріле алуы керек.
Жоғарғы басшылық:
СМЖ талаптарын орындау үшін, сондай-ақ сапа саласында мақсаттарға жету үшін сапа менеджменті жүйесін құру мен дамытуды жоспарлауды;
сапа менеджменті жүйесін жоспарлау және оған өзгерістер енгізуде тұтастығы сақталынуын қамтамасыз етуі керек.
Жоғарғы басшылық жауаптылықтың және уәкілеттіліктің анықталуын және ұйым қызметкерлеріне жеткізілуін қамтамасыз етуі керек.
Жоғарғы басшылық ұйым басшылығы құрамынан басқа міндеттеріне қарамастан, мыналарға таралатын жауапкершілік жүктелетін және өкілеттілік берілетін өкіл тағайындауға тиіс:
СМЖ талап ететін процестердің әзірленуін, енгізілуі және жұмысшы қалыпта ұсталуын қамтамасыз етуге;
сапа менеджменті жүйесінің қызметі және оны жақсартудың кез келген қажеттігі туралы жоғарғы басшылыққа есептер ұсынуға;
барлық ұйым бойынша тұтынушылар талаптарын түсінуді таратуды қамтамасыз етуге жауапты және уәкілеттерге ие болуы керек.
Жоғарғы басшылық ұйымда СМЖ-нің тиімділігі мәселелері бойынша ақпарат алмасу мен коммуникациялардың сәйкес процестерін белгілеуді қамтамасыз етуі қажет.
Жоғарғы басшылық жоспарланған аралықтар сайын ұйымның сапа менеджменті жүйесінің үнемі жарамдығын, барабарлығын және нәтижелігін қамтамасыз ету мақсатында оны талдауы керек. Талдауға ұйымның СМЖ-н, оның ішінде сапа саласындағы саясат пен мақсаттарды жақсарту мүмкіндіктері мен өзгерістер енгізу қажеттіктерін бағалауды қосу керек.
Басшылық тарапынан талдау үшін кіріс деректер мына ақпараттардан тұруы керек:
аудит нәтижелері;
тұтынушымен кері байланыс;
процестер қызметі және өнім сәйкестігі;
ескертетін және түзететін әрекеттер мәртебесі;
басшылық тарапынан алдыңғы талдаудан шығатын кейінгі әрекеттер;
СМЖ-ге әсер етуі мүмкін өзгерістер;
жақсарту жөніндегі ұсыныстар.
Басшылық тарапынан талдаудың шығыс деректері:
СМЖ және оның процестерінің тиімділігін арттыруға;
өнімді тұтынушылар талаптарына сәйкес жақсартуға;
ресурстардың қажеттігіне қатысты барлық шешімдер мен әрекеттерді қамтуы керек.
Ресурстар менеджменті
Ресуртармен қамтамасыз ету
Ұйым:
сапа менеджменті жүйесін енгізу және оны жұмысшы қалыпта ұстау, сондай-ақ оның нәтижелігін ұдайы арттыру;
тұтынушылардың талаптарын орындау арқылы олардың қанағаттандырылуын арттыру үшін қажетті ресуртарды анықтауы және олармен қамтамасыз етуі қажет.
Ұйым сапа саласындағы мәселелер мен мақсаттарды жүзеге асыру үшін керекті ресуртарды анықтауға және қамтамасыз етуге міндетті, сонымен қатар өнімнің сапасын қамтамасыз ету үшін, үрдістердің орындалуының тиімділігі мен нәтижелілігі үшін, сапа менеджмент жүйесінің тиімді құрылымдауы үшін, тұтынушылар мен басқа да қызығушылық танытқан тараптардың талаптарын қанағаттандыруы үшін де міндетті.
Анықтау кезінде ресурстардың барлық түрлері ескеріледі, мыналарды қоса:
адам ресурстары;
инфрақұрылым;
өндіріс ортасы;
қаржылық құрамы.
Ресурстарды басқаруда негізгі көңілге алатындар:
кәсіпорын мүмкіншілігін ескере отырып, рационалды және өз уақытында ресурстармен қамтамасыз ету;
материалды ресурстарды тиімді басқару, сонымен қатар өнімді өндіруге арналған құрал-жабдықтарды және оның техникалық қызмет көрсетуі мен жөндеуін қоса;
материалды емес ресурстарды басқару, дайындау, қолдану және интеллектуалды жекеменшікті қорғауды қоса;
жаңа шешімдерді енгізудегі ықпал жасайтын механизмдерді дайындау;
кәсіпорын құрылымының жақсаруы;
ақпараттық қамтамасыз етуді басқару;
дайындау, оқыту жолдарымен мамандардың компетенттілігін жоғарлату және бағалау;
қоршаған ортаға зиян әкелмейтін өндірістің табиғи ресурстарын пайдалану мүмкіндігін және ұйымдастыруын талдау.
Ресурстармен қамтамасыз ету үшін кәсіпорын қолда бар ресурстарға талдау жүргізуге, ресурстардың барлық түрлері бойынша кәсіпорын талаптарын анқытау және жоспарлауға тиіс.
Керекті ресурстарды анықтау кезінде кәсіпорынның ұйымдастырушы – техникалық дамуы және шығарылатын өнімнің талаптары жорамалданады.
Адам ресурстары
Өнімнің ұсынылған талаптарға сәйкестігіне әсер ететін жұмысты орындайтын персонал алған бөліміне, даярлығына, дағдысы мен тәжірибесіне сәйкес білікті болуға тиіс.
ЕСКЕРТПЕ: өнімнің талаптарға тура немесе жанама сәйкестігіне сапа менеджменті жүйесі шеңберінде кез келген жұмысты орындайтын персонал әсер етуі мүмкін.
Біліктілік, даярлық және хабардар болуы
өнімнің талаптарға сәйкестігіне әсер ететін жұмысты орындайтын персоналдың қажетті біліктілігін анықтау керек;
қолданылатын жерде, қажетті біліктілік деңгейіне қол жеткізу үшін, дайындықты қамтамасыз ету немесе басқа әрекеттер қолдану керек;
қабылданған шаралардың нәтижесін бағалауы;
өз қызметкерлерінің әрекетінің өзектілігі мен маңыздылығын және сапа саласында мақсаттарға жетуге үлесі туралы хабардар болуын қамтамасыз етуі;
білімі, даярлығы, әдеттері және тәжірибелері туралы сәйкес жазбаларды жұмысшы қалыпта ұстауы керек.
Кәсіпорында жұмыс істейтін персонал сапа саласында кәсіпорын мүмкіндіктеріне әсер ететін факторлардың бірі болып келеді. Сапа менеджмент жүйесінің тиімді құрылымын қамтамасыз ету үшін барлық деңгейлерде компетенцияны қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жоспарлау және өткізу, оқытуды, квалификациялауды жүргізу керек.
Кәсіпорын сапаға әсер ететін жұмысты орындайтын персоналдың талаптарын анықтау керек.
Өнім өндірісі
Техникалық реттеу және метрология комитеті қызмет көрсетуді басқару жағдайында ұстауды жоспарлауы және қамтамасыз етуі керек. Басқару жағдайлары егер бұл мақсатқа сай келсе:
өнім сипаттамасын суреттейтін ақпараттың болуынан;
қажет жағдайда жұмысшы нұсқауларының болуынан;
сәйкес жабдықты қоданудан;
бақылау және өлшеу құралдарының болуы және оларды қолданудан;
мониторинг және өлшеуді орындаудан;
өнімді өндіру, жеткізу және жеткізілгеннен кейінгі әрекеттерді жүзеге асырудан тұруы керек.
Өнімді өндіру түріне байланысты ұйым қажетті өндірілілетін өнімнің құрамын және операция жүйелілігін анықтауы тиіс.
Ұйым өнім өндірісін нақты операция талаптарымен үйлестіріп немесе тұтынушы сұранысына сай шығарылған өнімге кепілді қамтамасыз ету қызметін көрсету.
Ұйым нәтижесін кезекті мониторинг немесе өлшеу арқылы тексеруге болмайтын өндіру және қызмет көрсетудің барлық процестерін растауға тиіс, соның салдарынан олардың кемшіліктері өнімді пайдалануды басқарғаннан кейін немесе қызмет көрсеткеннен кейін ғана анық болады.
Валидтеу бұл процестердің жоспарланған нәтижелерге жете алу қабілетін көрсетуі тиіс.
Ұйым, егер бұл қолданылса, осы процестер бойынша шараларды әзірлеуі керек:
процестерді талдау және бекіту үшін анықталған критерийлер;
сйкес жабдықтар және қызметкерлер біліктіліктерін бекіту;
нақты әдістер мен процедураларды қолдану;
жазбаларға қойылатын талаптар;
қайталама валидтеу.
Қажет жерде ұйым, өнімді оның барлық өмірлік циклінің кезеңдеріне сәйкес құралдар көмегімен сәйкестендіруі керек.
Ұйым өнім өндіру барысында мониторинг және өлшеу талаптарына қатысы бойынша өнімнің мәртебесін бірдейлендіруге тиіс.
Егер бақылап отыру талап болып табылатын болса, онда ұйым өнімді арнайы бірдейлендіруді және басқаруға жазбаларды жұмыстық күйінде сақтауға тиіс.
Егер тұтынушының меншігі жоғалған, бүлінген немесе пайдалану үшін жарамсыз болса, ұйым бұл жөнінде тұтынушыны хабардар етуге және жазбаны жұмыстық күйінде ұстауға тиіс.
Ұйым ішкі өңдеу барысында және арналған орнына жеткізу процесінде өнімді талаптарға сәйкестігін ұстап тұру мақсатында сақтауға тиіс. Егер бұны қолдануға болса, сақтауға сондай-ақ бірдейлендіру, тиеу - түсіру жұмыстары, буып - түю, сақтау және қорғау енуге тиіс. Сақтау өнімнің құрамына, бөліктеріне қолдануға тиіс.
Өнімді өлшеу және бақылау
Әдістемені жасау, жоспарлау және өнімді өлшеуді жүргізу келесі жағдайларда талап етіледі:
жеткізушімен жеткізілген өнімді өлшеу және тексеру үшін;
өмір циклының барлық сатысы бойынша өз өнімінің орнатылған талапқа сәйкестігін тексеру және өлшеу;
Өнімді өлшеуді жүргізуді жоспарлау үшін мыналарды анықтау талап етіледі:
дайындау процесінде әрбір нүктенің орналасуы және өлшеу про цесінің бірізділігі;
әр нүктеде өлшеуге жататын сипаттамалар;
қолданылатын қабылдағыш критерийлері және өлшеуге жататын нормалаушы көрсеткіштер орнатылған құжаттама;
өлшеуге қолданылатын қажетті құралдар және жабдықтар;
тұтынушы тексеруіне жататын өнімнің таңдалған сипаттамалары;
тапсырыс берушінің қатысуымен орындалатын немесе орнатылған заңнамамен немесе нормативтік құжаттармен орган жүзеге асыратын сынау немесе бақылау;
егер заңнамамен немесе регламенттейтін органмен немесе жүргізу үшін тұтынушылармен талап етілсе, үшінші жақты Тарту;
типін сынау;
процесс барысында сынау немесе бақылау;
өнімнің тексерілуі;
өнімнің бекітілуі;
өнімді өлшеуді жүргізу кезінде қолданылатын сапа менеджмент жүйесі немесе жұмысшылардың біліктілігі немесе процесте, өнімге, материалға сәйкес қажеттілік;
сынауды бітіру жән қабылдау және барлық орнатылған бақылау түрлері бекіту мақсатында дайын өнім бақылауын жүргізу реті мен көлемі;
өнімді өлшеу процесінің шығу мәліметтеріне талаптар.
Өнімнің өлшеу және бақылау нәтижелерін тіркеу үшін қолдануға болады:
бақылау және сынау протоколдары;
нәтижелерді тіркеу үшін журналдар;
орнатылған формалар (кестелер, бақылау парақтары және т.б);
шығаруға рұқсат;
материалдардың шығарылуы туралы шешім;
қажет болған жағдайда сертификаттар.
Жақсарту
Ұйым сапа саласында саяаст пен мақсатты қолдануда, аудит нәтижелерінде, мәліметтерді талдауда, түзетуші және ескертуші әрекеттерде, сонымен бірге басшылық тарапынан талдауда сапа менеджмент жүйесінің нәтижелілігін үнемі жақсартып отыру керек.
Ұйым жақсарту үшін мүмкіндіктер іздеу бойынша үнемі жұмыс жасуды жүзеге асыру керек. Потенциалды жақсарту диапазоны жақсартудың көп жылдық жоспарларына дейін үздіксіз қызметтен болуы мүмкін.
Жақсарту бойынша жұмыстарды жоспарлау және жүзеге асыру кезінде процестің тиімділігі мен нәтижелілігіне назар аудару қажет. Бұл әрекеттер алға қойған мақсаттарға жетуге кепілдік үшін бақылау қажет.
Жақсарту бойынша жұмыстарды жоспарлауда тиімділік пен жоғары нәтижелілік үшін жоспарланған нәтижелерге жетуде мониторинг бойынша, процестерді талдау және өлшеу бойынша ақпараттарды қолдану қажет.
Ұйымның сапа менеджмент жүйесі саясатты өзгерту есебімен, аудит нәтижелерімен, ескертуші және түзетуші іс-шаралар және мәліметтер талдауы болуы тиіс.
Үнемі жақсарту бойынша жұмыстарды жүргізу үшін жақсарту әдістемесін жасау қажет. Мұндай әдістеме барлық қызметкерлерге түсінікті болуы қажет, процестің, өнімнің жақсаруына жетуге бағытталған, сапа менеджмент жүйесі және күнделікті жұмыста қолданылуға жарамды болуы қажет.
Жақсы нәтижелерге үнемі жақсарту бойынша жұмысқа персоналдарды қызықтыру жолымен жетуі мүмкін. Бұған жетуге болады, егер:
қызметкерлер, процесс, бөлімшелер, ұйым үшін нақты мақсаттар жасауды қамтамасыз ету;
тұтынушылар талабына қызметкерлерге дейін жеткізілуін қамтамасыз ету;
жақсартуды тіркеу;
тұтынушылар талаптарын орындау деңгейі мен мақсатқа жету деңгейіне үнемі баға жүргізу;
басшылық тарапынан жақсару айырмасын мойывндау;
үнемі жақсарту бойынша жұмыстарды орындау үшін персоналдар мотивация жүйесін құру.
Жоғары басшылыққа жақсартудың активті мүмкіндігін іздеуге адамдарды қызықтыратын шарт жасау қажетті.
Бұған көмегімен жетуге болады:
персонал үшін мақсаттар қою;
практика және бәсекеге қабілеттілік бойынша ақпараттарды қызметкерлерге жеткізу;
жетістіктерге алғыс.
Ұйымда негізгі күш бизнес-процестің үнемі жақсартылуына бағытталуы тиіс:
процестің нәтижелілігін бағалау (процесс мақсатына жету бағасы);
процесс тиімділігінің бағасы (ресурстарды қолдану тиімділігінің бағасы);
ішкі тұтынушылардың қанағаттану деңгейін бағалау;
процесс тұрақтылығын тексеру;
жоспарланған және жоспарланбаған процесс өзгерісінің әсерін бағалау.
15. Сапа мененджменті жүйесін құжаттамасы. Сапа мененджменті жүйесінің құрылымы және иерархиясы. Сапа өнімін қамтамасыз ету сұлбасы
Сапа менеджмент жүйесінің құжаттамасы - сапа жүйесiнiң тиiстi жұмыс жасаулары және өнім сапасын қамтамасыз етуі үшiн қажеттi құжаттардың жиынтығы.
Сапа менеджмент жүйесінің құжаттамасы:
- сапа саласындағы саясат және мақсаттар туралы құжатталып рәсімделген өтініштерден;
- сапа жөніндегі жетекшіліктен;
- ИСО 9001 стандартпен талап етілетін құжатталған процедуралардан;
- жұмыс және оның процестерін басқаруды тиімді жоспарлауды қамтамасыз ету үшін ұйымға қажетті құжаттардан;
- ИСО 9001 стандартпен талап етілетін жазбалардан тұруы керек.
СМЖ құжаттамасының негізгі мақсаттары: ақпараттандыру, сәйкестік дәлелдері, білімдермен алмасу.
Бұл құжаттамалардың құрамына кіретін негізгі құжаттар:
СМЖ құжаттарының тізбесі;
Сапа саласындағы саясат;
Сапа бойынша басшылық; құжатталған үрдістер;
Жұмысшы, қызметтік нұмқаулар, бөлімшелер туралы ережелер.
Жұмысты жоспарлау тиімділігін қамтамасыз ету және сапа туралы білімді, процестерді бақылау үшін құжаттар.
ИСО 9001 стандарты келесі міндетті құжаттардың 6 процедуралары барын белгілейді:
құжаттарды басқару;
жазбаларды басқару;
ішкі аудиттер;
сәйкессіз өнімдерді басқару;
түзетуші әрекеттер;
ескертуші әрекеттер.
Сапа менеджмент жүйесінің құжаттамасына негізгі талаптар 4.1 суретте келтірілген.
4.1 сурет. Сапа менеджмент жүйесіне негізгі талаптар
Қарастырылған талаптардың біреуі орындалмаған жағдайда сапа менеджмент жүйесінің құжаттамасының тиімділігін төмендетеді.
СМЖ құжаттамсының құрамын және құрылымын анықтау – құжаттаудың негізгі сұрақтарының бірі болып табылады. Сапаны басқару жүйесі бойынша барлық құжаттарды 5 деңгейге бөлуге болады (4.2 сурет). Бұл схема құжат түрлерін көрсетіп қана қоймайды, сондай-ақ СМЖ құжаттамасын құрастыруды анықтайтын олардың арамсындағы өзара байланысын көрсетеді.
4.2 сурет. Сапаны басқару жүйесі құжаттарының құрылымы
Бірінші этапта сапа менеджментін құруды регламенттейтін құжаттар әзірленеді. Бұл құжаттаманы базалық құжат ретінде қарастыру керек. Базалық құжаттама сапа бойынша жалпы жетекшіліктен, сондай-ақ сапа менеджмент жүйесінің жеке элементтеріне қатысты жалпы ұйымдық және жалпы әдістемелік құжаттардан тұрады. Сапа бойынша басшылық сапа менеджмент жүйесінің негізін қалайтын құжат ролін ойнайды, және оның жұмысшы жағдайында анықтамалық материал қызметін атқарады.
Сапа менеджмент жүйесінің кұжаттамасы ҚР СТ ИСО 9001:2009 стандартының «Құжаттамаға қойылатын талаптар» бөліміне сәйкес жүргізіледі.
Сапа менеджмент жүйесінің құжаттамасы:
Құжатталып рәсімделген сапа саласындағы саясат пен мақсаттар туралы өтініштерден;
Сапа жөніндегі жетекшіліктен;
Осы стандартпен талап етілетін құжатталған процедуралардан және жазбалардан;
Ұйыммен процестерді тиімді жоспарлау, жүзеге асыруды және оны басқаруды қамтамасыз ету үшін оған қажетті ретінде анықталған жазбаларды қоса құжаттардан тұруы керек.
Сапа жөніндегі жетекшілік.
Ұйым:
Қандай да болмасын шектеулерге түсініктемелер мен енгіздемелерді қоса сапа менеджменті жүйесінің қолданылу саласынан;
СМЖ үшін әзірленген құжатталған процедуралардан, немесе оларға сілтемелерден;
СМЖ процестерінің өзара әрекетіне сипаттамадан тұратын сапа жөніндегі жетекшілікті әзірлеуі және жұмысшы қалыпта қстауы керек.
Құжаттаманы басқару.
СМЖ-нің құжаттары басқарылуы керек. Жазбалар құжаттардың арнайы түрі болып табылады. Басқарудың қажетті жабдықтарын анықтау үшін:
Құжаттарды шығарылғанына дейін барабарлығын тексеруді;
Қажеттігіне қарай құжаттарды талдау және көкейкесті ету мен қайта бекітілуін;
Өзгерістердің және құжаттарды қайта қарау мәртебесін сәйкестендіруді қамтамасыз етуді;
Олардың қолданылу орындарында құжаттардың сәйкес нұсқаларының болуын қамтамасыз етуді;
Құжаттардың нақты және жеңіл сәйкестендірілетін күйде сақталуын қамтамасыз етуді;
Ұйымның СМЖ-н жоспарлау және жұмыс істеу үшін оған қажетті деп тапқан сырттан келген құжаттарды бүрдейлендіруін және оларды жіберуді басқаруды қамтамасыз етуі;
Көнерген құжаттардың қасақана пайдалануының алдын алу және қандай да бір мақсаттар үшін қалдырылған құжаттарға сәйкес сәйкестікті қолдануды қарастыратын құжатталған процедура әзірленуі керек.
Жазбаларды басқару.
СМЖ-нің талаптарға сәйкестігін және жұмысының тиімділігіне растауды бекіту үшін жазбалар жүргізілуі, басқарылуы керек. Ұйым жазбаларды бүрдейлендіруді, сақтау, қорғау, қалпына келтіру, сақтау және алып тастау кезінде қажет болатын басқару құралдарын анықтау үшін құжатталған процедураны белгілеуге тиіс. Жазбалар айқын, оңай бірдейлендіретін болып қалуға және қалпына келтірілуге тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |