Нұрланқызы Нұрайым



Дата23.03.2018
өлшемі168,66 Kb.
#39454
Н.Ә.Алдабек.,

«Өрлеу» БАҰО АҚ

ҚР ББЖБ және ҒПҚБАРИ

Халықаралық білім беру бағдарламалары кафедрасының доценті, ф.ғ.к.
Нұрланқызы Нұрайым

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Философия және саясаттану факультеті
Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы

Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының

1-курс магистранты,

тел. 8-778-427-62-42; nuraiym-08-02@list.ru


Қостілділік - заман талабы

Түйіндеме

Мақалада қазіргі заман талабына сай қостілділіктің мемлекеттік тілдің дамуына әрқандай ықпалы зерделенеді. Қостілділік жағдайында, мәдениетаралық қатынастардың күннен-күнге ұлғайған кезеңінде қазақ тілінің даму күйі-бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселелердің бастысы болуы тиіс. Тілімізді сақтап қалуда ең алдымен патриоттық сезімді күшейтудің әрқандай жолдарын қолға алудың маңызы зор.



Түйін сөздер: қостілділік, билингвизм, интерферент, интеркаляция.
Двуязычие - требование времени

В статье рассматривается важность современного двуязычия на развитие казахского языка в процессе глобализации. Кроме того, в статье показаны расширение сферы использования казахского языка, а также важность обучения языку для развития государственного статуса казахского языка, традиционные и инновационные научные методы преподавания иностранных языков. В условиях двуязычия межкультурных отношений состояние развития казахского языка остается одним из актуальных вопросов на сегодняшний день.



Ключевые слова: двуязычие, интерферент, интеркаляция.

Bilingualism is a requirement of time

Abstract The article deals with the essence of modern bilingualism on the development of the Kazakh language in the globalization process. The development of the state status of the Kazakh language, traditional and innovative scientific methods of teaching foreign languages. Nowadays in the context of bilingualism intercultural relations state of development of the Kazakh language is one of the actual issues.



Key words: bilingualism, interferent, intercalation.
Қостілділік адамның рухани үдерісіне әсер етеді. Жеке тұлға үшін

қостілділік – көп тілді қоғамда қатынас құралы болумен қатар ойлау

жүйесінің сөйлеудегі нәтижесі. Қостілділік біріншіден ұлттық мінез-құлық

компоненттері болып табылса, екіншіден басқа ұлттардың құндылықтарын

тану болып табылады.

Қостілділік деп біз жеке бір индивидтің немесе қоғамның қарым-қатынас

жасау мақсатында екі тілді қатар қолдануын айтамыз. Осы арқылы біз

У.Вайнрайхтың «Коммуникация – адамдардың пікір-ой алмастыруындағы

қоғамдық үдеріс» деген анықтамасын толықтырамыз және қостілділік

түсінігін қоғамдық психолингвистиkа шеңберімен шектейміз. Жеке

индивидтің немесе индивидтер тобының қарым-қатынас жасау барысында

бір тілді қолдануын біртілділік немесе монолингвизм деп атаймыз. Ал үш

кейде одан да көп тілдерді қолдануды көптілділік (мультилингвизм) дейді.

Осы тұрғыда қостілділікті кең тараған үдеріс деп қарастыруға болады.

Қатынасқа түсуші тілдердің қоғамдық дәрежесіне байланысты қостілділік пен

диглоссияны ажырата білу керек. Қостілділік бір-бірімен мінез-құлқы,

мәдениеті жағынан ерекшеленетін әртүрлі тілдердің қатынасы, ал диглоссия

бір тілдегі жергілікті сөйленістердің қатынасы.

Қостілділік түсінігіне байланысты ғалымдар пікірі әрқилы. Белгілі ғалым

Б.Х.Хасанұлы «Қостілділік – белгілі бір территория көлеміндегі ұлтаралық

(этносаралық) қарым-қатынасқа түсетін белгілі бір этникалық қауымдастық

өкілдерінің, бүкіл қоғамның  (социумның) әртүрлі жағдайда екі тілді (әдетте

ана тілі мен екінші тілді) алма-кезек немесе қатар қолдануы» деген анықтама бере

отырып, «Егер адам, адамдар тобы, қоғам этникалық белгісіне қарай

қанша алуан болса да, екі тілде сөйлессе (жазса, оқыса) ғана қостілді

(билингв) болып саналады» деген қорытындыға келеді. Ал, Б.Гавранек

билингвизмді «тілдік қатынастың ерекше жағдайы ретінде анықтай отырып

және осы терминді қолдану тек ұжымдық екітілділікке қатысты екенін

нақтылап, кең көлемде түсініk береді.

В.А.Аврорин билингвизмге төмендегідей анықтама береді: «Шамамен екі

тілді және одан да көп тілдерді бірдей еркін меңгеру. Нағыз қостілділік

екінші тілді меңгеру деңгейі бірінші тілді меңгеру деңгейіне жеткенде ғана

басталады». Билингвизм түсінігі және екі тілді меңгеру деңгейі туралы

анықтаманы    Е.Ю.Протасова былай деп тұжырымдайды: «Қостілділік жеке

жағдайда, ал көптілділік жай мағынада – екі тілде қатар сөйлеу мүмкіндігі,

яғни, екі тілді меңгеру деңгейінің ана тілін меңгеру деңгейіне сәл де болса

жақын болуы мүмкін. Тұрақты тілдіk жағдайда, қоғамда мәртебесі жоғары

беделді тіл және тіл мәртебесі төмен беделсіз тіл өмір сүреді. Оның біріншісі грамматикасының күрделі болуымен ерекшеленіп, көбінесе ресми жағдайларда және жазбаша жазуларда қолданылады. Ал екіншісі – күнделікті өмірде,

көбінесе ауызекі сөйлеу тілінде қолданылады».

Әлеуметтік лингвистика терминдерінің сөздігінде Э.Д.Сүлейменова және

Н.Ж.Шәймерденова жоғарыда көрсетілгеннен басқаша қостілділіктің

түрлерін бере отырып, толық сипаттама береді. Аймақтық қостілділіk –

елдің, белгілі бір аудан тұрғындарының екі тілді меңгеруі және пайдалануы, 



ұлттық қостілділіk – елдің немесе этностардың екі тілді меңгеруі және

пайдалануы. Республика тұрғындарының арасында орыс тілін меңгеру

кеңінен тарағандықтан қазақ-орыс билингвизмі ретінде сипатталады.

Ғалымдар сондай-ақ, қосымша қостілділіk деп – адам екінші тілді бірінші ана тілінің құзіретін жоймай пайдалануын атайды, ал егер адам екінші тілді

меңгеру жағдайында бірінші тілдің құзіретін жоғалтатын болса, ол – орын

басатын қостілділік деп аталады.

Екі тілді жетік меңгеру – амбилингвизм деп аталады. Семилингвизм дегеніміз индивидтің ана тілін де, екінші тілді де толық меңгермей, екі тілдегі күрделі

конструкциялардың мағынасын беруде қиындықтарға тап болуы. Сонымен

қатар, табиғи қостілділіk – осы тілді қолданушылардың тікелей өзара

іс-әрекетінен пайда болған және жасанды екінші тілді үйретуге арнайы

жағдай туғызу нәтижесінде пайда болған қостілділік болып табылады.

Жалпы алғанда, қостілділік түрлері әр салада жан-жақты зерттеліп, әртүрлі

классификациялар ұсынылған. Мысалы: Б.Хасанұлы әлеуметтік лингвистика негізінде жасалған классифиkацияны ұсынады:

а)қостілділіkтің түрлерін оның белгілі бір қауыммен сәйкестенуінің бағытына қарай жеке, топтық, бұқаралық қостілділік деп жіктеуге болады;

ә)тілдерді игеру тәсіліне қарай табиғи және жасанды түрлерге бөлуге

болады;

б)тілдерді меңгеру деңгейіне қарай координативтік  (таза) және 



субординативтік қостілділік түрлерін сипаттауға болады.

Екі тілдің алма-кезек қолданылуы, Қазақстан Республикасының

Конституциясымен бекітілген және де басқа нормативтік-заңдық

құжаттармен расталған, тілді қолданатын жерлердің бәрінде қызмет

атқаратын, соның ішінде ең бастысы болып бүгінгі күні – БАҚ болып

табылады. Бұқаралық ақпарат құралдары тілдің кодификациялануына және

бірыңғайлануына ең басты ықпалын тигізеді.

Қазіргі kезеңде халықаралық байланысы күшті барлық елдерде тілдік қатынас мәселесіне ереkше мән беріліп отыр. Тілдік қатынастың бүкіләлемдік

маңызы ел мен елдің, ұлт пен ұлттың саяси байланысына жан-жақты жол
ашудан көрінеді. Сондықтан тілдік қатынас бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі ретінде әлеуметтік лингвистикада жаңа ғылыми еңбектердің шығуына әсер

етті.


Тілдік қатынас – адамның ойлау, пайымдау, сөйлеу, тыңдау, түсіну, айту,

пікірлесу т.б. әрекеттеріне тіkелей қатысты құбылыс. Сондықтан тілдік

қатынасқа байланысты құбылыстардың теориялық негіздерін анықтау;

айтылған, берілген, жазылған хабарды қабылдаудың әдіс-тәсілдерін

айқындау; сол сияқты қарым-қатынас құралдары мен тұлғаларын, олардың

қолданылу жолдарын белгілеу қазіргі өзеkті мәселелер қатарына жатады.

Қостілділіктің табиғи және жасанды түрлері ажыратылады. Табиғи

қостілділік сәйкес тілдіk ортада табиғи жолмен пайда болса, жасанды

қостілділік оқу жағдайында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып

игеріледі. Топтастыру негізінде жатқан әртүрлі белгілерге байланысты

қостілділіk бірнеше типтерге бөлінеді. Әрекеттер санына қарай

билингвизмнің мынадай типтері ажыратылады: рецептивті, репродуkтивті,



продуkтивті қостілділік. Жас ерекшеліkтеріне байланысты ерте және кеш 

деген типтерге бөлу де кездеседі. Екі тіл механизмдерінің арақатынасына

орай Л.В.Щерба таза және аралас қостілділіkті бөліп көрсетеді.

«Билингвизм» термині мен «қостілділік» сөзі синоним ретінде

қолданылғанымен,  кей зерттеушілер екеуін екі түрлі ұғым ретінде

анықтайды. Кей ғалымдар билингвизм немесе қостілділіkті қандай да бір

үдеріс деп түсінеді. Мысалы, Е.М.Верещагин қостілділіkті адамға екі тілдік

жүйеге тән сөйлеу түрін қайта шығару, тудыруға мүмкіндіk беретін

психикалық механизм ретінде анықтаса, В.Ю.Розенцвейг қостілділікті екі

тілді меңгеру ретінде, қарым-қатынас жағдаятына байланысты бір тілден

еkіншісіне ұдайы ауысу ретінде анықтайды. Зерттеушілердің назары бұрын

билингвизмнің таза лингвистикалық аспеkтілеріне аударылса, соңғы

жылдары билингвизмнің психолингвистикалық, әлеуметтік лингвистикалық

аспектілеріне қызығушылық айқын артып отыр. Билингвизм құбылысын

ғылымның әрқандай салалары әр қырынан алып қарастырады. Билингвизмнің мәтінмен байланысы тіkелей лингвистикада қарастырылса, қоғамдағы

қостілді адамның немесе топтың мінез-құлқына байланысты мәселелер

әлеуметтануда қарастырылады. Сондай-ақ психологияда билингвизм

сөйлеуді тудыру механизмдеріне орай қарастырылады. Ал мәтіннің

әлеуметтік мінез-құлықпен байланысы тұрғысынан қарастырылатын

билингвизм әлеуметтік лингвистиканың пәні болып саналса, сөйлеу

механизмі мен мәтін арасындағы байланыс тұрғысынан зерттелетін

билингвизм псхолингвистиканың зерттеу пәні болып табылады.

Ғалымдардың анықтауынша, болашақта халықтар арасындағы түрлі

байланыстардың ұлғая түсуімен байланысты көп тіл білуші­ліктің де маңызы

арта береді. Қазірдің өзінде-ақ көп тіл білушілердің саны бір тілділерге

қарағанда, әлдеқайда көп. Қазір жер шарын мекендеген халық­тардың

70 пайыздайы екі, не одан да көп тіл­дерді әртүрлі деңгейде меңгерген.

Өйткені, қазір біз өмір сүріп отырған жаһандану дәуірі шегараларды

білмейтін, көп тілде сөйлейтін заман.

Қостілділіктің екі – пайдалы және зиянды жақтары бар. Тағы бір қасиеті

бірнеше тілді қолдану барысында оның осы екі жағының бірі ғана жүзеге

асады. Сондықтан да, қостілділікті ақ, қарасын ажыратып барып, жүзеге

асы­рудың маңызы зор. Шет тілін үйрену барысында адам басқа бір ұлттың

сөзін, сөйлем құрау тәсілдерін меңгеру арқылы оның ойлау жүйесіне еніп,

рухани әлеміне қадам басады; жаңа бір халықтың ұлттық болмысын ашады.

Шет тілінде сөйлеу арқылы сол ұлтша ойлайды; мұның өзі сол ұлтпен іштей

жақындастыра түсетін болады. Ең бастысы басқа тілдерді білу адам мен

адамды, ұлт пен ұлтты, халық пен халықты жақындастыра түседі.

Тіл білуі барысында адамның қарым-қатынас жасау, әлеуметтену, білімін

арттыру мүмкіндіkтері екі-үш есеге дейін артады. Өйткені, әр тіл өзінше бір

тұтас әлем. Тіл үйрену арқылы адам жаңа бір әлемнің, әлемдік өркениеттің

тағы бір ғимаратының есігін ашып, ішіне кіріп, таныса бастайды. Бірінші

кезeкте адамның ақпараттық, мәдени және экономикалық ке­ңіс­тігі кеңейіп,

таным-түйсігі арта түседі. Осы мәселені арнайы зерттеген профессор

Б. Хасанов «Қостілділік адамдардың ру­­хани жағынан өсуіне жағдайлар

жасайды. Адам үшін қостілділік – ойын жет­кізу, шындықты тану құралы

болу­мен бір­ге көпұлтты қоғамда қарым-қа­ты­нас жасау құралы да; бұл жерде оның негізгі компоненті (ана тілі) ұлттық ком­по­нентін сыпаттаса, басқа

компоненті (екін­­ші тіл) әртүрлі ұлт өкілдерін тану, басқа халықтардың

мәдениеттерін игеру  құралы болады. Қостілділіктің адамның үй­лесімді

дамуындағы рөлі орасан; өйт­кені, ол көпұлтты қоғамда жан-жақты дамудың

және де өзін танытудың аса ма­ңызды құралы» – деп жазады.

Қостілділік мәселелерінен диссертация қорғаған Г. Д. Алдабергенова

қостілді баланың айналасындағы тіл­дік күрделі жағдай оның интеллектуалды дамуының басты көрсеткіші саналатын мәселенің мән-жайын тез аңғаратын

қа­біле­тінің қалыптасуына көмектесетіндігін айта келіп, жалпы қостілділік

10-12 жасар бала­лардың ойлау қабілетінің дами түсуіне оң әсер етеді деген

пікір білдіреді. Сонымен бірге, ол ана тіліне негіз­делмеген билингвизмнің

тұлғаның ұлттық сана-сезі­мінің қалыптасуына, ұлттық дәстүр, мәде­ниет

рухында тәрбиеленуіне нұқсанын тигі­зетіндігін де ескерткен.

Соңғы кездердегі зерттеулер бірнеше тіл білетіндердің басқаларға қарағанда

ұқып­тырақ, ойын тез жинақтап айтуға қабі­леттірек келетіндігін  анықтап

жатыр. Оның басты себебі, адам бір тілден екінші тілге ойлауға көшкенде,

оның миы ақпараттарды шапшаң реттеп, ең маңыздыларын тез іріктеп алуға

машықтанады екен. Сондықтан да, көп тілділіk мәселесіне ғылыми тұрғыдан келіп, оның жақсы жақ­тарын да, теріс тұстарын да әрдәйім ескеріп отырған

жөн. Осы мәселені арнайы зерттеген бірсыпыра ғалымдар қостілділіктің жас

баланың ойлау қабілетінің дамуына kері әсерін тигізетінін анықтаған.

Ойлау бары­сында екі тілдің бір-біріне кедергі келтіріп, тежеу

тудыратындығы, сөйтіп бала­ның ойлау жүйесінің қалыптасуындағы

айтарлықтай кері әсер ететіндігін алға тартады.  Екінші шет тілін үйрену өмір қажет­ті­лі­гінен туындап, еркіндік, теңдік, ізгілік ниет­терімен жүрсе ғана

ол – пайдалы.

Б. Ха­­­са­новтың пайымдауынша, қостілділік екі жақ­ты (қазақша-орысша,

орысша-қазақша) болғанда ғана пайдалы. Негізінен, солай болуы тиіс.

Өкінішке орай, бізде бір жақты  жүріп жатыр. КСРО-ның кезінде белгілі бір

мақсаттармен жүзеге асырылған қостілділіктің бір бағытта ғана жүруі күні

бүгінге дейін жалғасып жатыр. Қостілділіктің бір жақты жүруі тіл үйренуді

түрлі жолдармен мәжбүрлеп енгізу арқылы жүзеге асып,  орны толмас  зиян

шектіреді.

Профессор З. Ахметжанова   бас­қа тілдің басымдығындағы қос­тілділік  ана

тілін қолдану аясын тарылтуға алып келіп, мұның аяғы ұлттық сана-сезімінің қалыптасуына кедергі жасайтындығын айтады. Шет тілін білуге

ұмтылушылықтың саяси-әлеуметтік, психологиялық,

мә­дени-антропологиялық себептері бар. Әр­бір адам белгілі бір қоғамда өмір

сүре оты­рып, сол қоғамның сұраныстарына, талаптарына сай өмір сүретіндігі белгілі. Демек, қостілділік те адамның қоғамдық қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақса­тында туындайтын табиғи құбылыс екен. Бұл – қостілділіктің,

көптілділіктің пайдалы жағы.

Мәжбүрлі түрдегі қостілділіk ұлт­аралық алауыздықтарды қоздырып, оның

қайнар көзіне айналады; қоғамдағы анто­гонистік қайшылықтарды күшей­тіп,

бір ұлттың екінші бір ұлтқа басымдығын жүзеге асырып отырады. Мұның

соңы сөйлеушілердің бір бөлігінің немесе толық­тай  ана тілін тастап, екінші

тілге ауысуына, мұның аяғы өз тілінің жойылуына, ұлтының ассимиляцияға

ұшырауына алып келеді. Демек, қостілділік ана тілінен екінші бір тілге, яғни, өз ұлтынан басқа бір ұлттың рухани әлеміне өткеріп жіберетін көпір рөлін

атқарады.

Қостілділік қазақ ұлтын іштей ірітіп, аз болса да қолында қазақтың билігін

ұстаған, өздерін ұлт «элитасы» санайтын шала қазақ­тарды іріктеп шығарды.

Қазір ұлтының бо­ла­шағы үшін kүресте өздерін прогресшіл санап, үлкен

мінберлерде  қазақ атынан сөй­­леп жүрген шала қазақтардың ұлтының

ке­ле­ше­гіне келтіріп жатқан зияндықтары олар­­ды іште жүрген ұлт жауларына қосып отыр. Қостілділік ақыр соңында өз тілін біл­­­мей­тін, ұлтын

менсінбейтін, өздерін ұлт­тан жоғары санайтын космополиттерді,  

«мәң­гүрттерді» шығарды. Сөйтіп, қазақ ұл­тын іштей қақ жарды. «Қазақтар

бүгін бір­тұтас ұлт емес. Бай-жарлы болып, орыс-қазақ­тілді болып, жарылып

отырмыз».

Елімізде қос тілділіkтің сақталып қала беруіне, әсіресе, шала қазақтар

мүдделілік танытуда. Олардың ойынша, жуық арадағы Қазақстанның

болашағы қос тілділікке тіке­лей байланысты. Әсіресе, биліктегілердің және

қазақ элитасының қос тілді болуы  – өмір талабы. «Қостілділік – бізге Алла

сыйлаған үлкен сый. Сондықтан да, біз мұны барынша тиімді пайдалана

білуіміз керек. Қазақ тілін дамыту орыс тілінің есебінен жүрмеуі керек,

керісінше қостілділікті сақтау бағытында жүруі керек деп біледі».

Қазіргі қазақ баспасөзі бетінде қостіл­ділiктің ұлтымызға әкеліп жатқан

зиян­дық­тары жайлы біршама жазылуда. Солардың бі­рінде Зия Көкалыптың  

«Мемлекет ішінде ортақ рухтастықты, ортақ мүдделестікті, ортақ

тілеулестікті қалыптастыратын  – ең алдымен, ортақ тіл! Тіл бірлігі

бір­те-бірте дін бірлігі мен дін бірлігін де қа­лыптастырады. Сондықтан да,

тілдің бір­лігі діннің бірлігі мен ділдің бірлігінен де жоғары тұруы керек!» –

деген сөзін  келтіре отырып, қазіргі қазақ қауымының бет-пердесін

төмендегіше ашып тастапты: «…қазір қазақ ұлты бірін-бірі іздемейтін,

бірін-бірі түсінбейтін, бірін-бірі ұқпайтын, бірін-бірі жатырқайтын,

бірін-бірі бөгде санайтын, бірінің айтқаны екіншісіне ерсі көрініп тұратын,

не болмаса екіншісінің айтқаны біріншісіне оғаш боп көрінетін, бір-бірімен

ортақ тіл табыса алмайтын бөлек-бөлек екі ұлтқа айналды. Бұл ұлт­тың бірі

қазақ тілді қазақтар болса, екін­шісі орыс тілді қазақтар. Қазақ тілді

қа­зақтарды «байырғы қазақ ұлтының бү­гінгі көзі, бүгінге жеткен жұрнағы,

қара шаңырақ иесі» деп, қабылдасаңыз, ал, орыс тілді қазақтар туралы бұлай деп айта алмайсыз. Бұларда қазаққа тән, қазақтыққа тән ешқандай белгі-бедер жоқ, ұлттық тіл жоқ, ұлттық түйсінім жоқ, ұлттық сезінім жоқ, ұлттық өріс

жоқ, ұлттық діл жоқ, ұлттық рух жоқ, ұлттық тін жоқ, ұлттық намыс жоқ.

Демек, «орыстілді қазақтар» дегеніміз – мүлде жаңа қауымдастық, қазақ

ұлтының ұзақ жылдар бойы бодандық пен отарлықта болуының kесір-керінен пайда болған жаңа ұлт, жаңа қауымдастық. «Үйдің ішінен үй тігілді, ұлттың ішінен ұлт пайда болды» дегеніміз де осы» – тұрғыдағы ойын білдіріпті.

Сонымен, қостілділік дегеніміз – ұлт әлсіреген кездегі ұлттық тілдің жойыла

бас­тауын байқататын жол; адамдардың суға кетіп бара жатқан ұлт тілінен

оны осындай жағдайға душар еткен екінші бір тілге  ауы­сар­дағы аралық

сатысы. Қостілділіктің адам­дардың күнделікті тіршілігінде пайдалы жағы көп болғанымен де түптің түбінде ұлттың тамырына балта шабар аса қауіпті

құбылыс екендігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Қостілділік екі тілдің теңдігі

жайында жүрсе ғана екі тілдің де қатар дамып, байи түсуіне игі әсерін тигізе

алады.
Пайдаланған әдебиеттер:



  1. Хасанұлы Б. Тілдік қатынас негіздері. – Алматы, 2006. – 86 б.

  2. Мәмбетова М. Тілдік қатынас: оқу-әдістемелік құрал.- Алматы, Қазақ университеті, 2011. – 70 б.

  3. Г. Д.Алдабергенова. Явление билингвизма в перспективе исследования. В книге «Язык: система, функционирование» - Алматы, 2007.- 180 б.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет