Сабақ. Тақырыбы : Кіріспе. Еңбекті қорғау туралы жалпы түсініктер. Сағаттық деңгейі сағат. Еңбекті қорғау туралы жалпы түсініктер


өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган



бет8/87
Дата21.12.2021
өлшемі0,81 Mb.
#104596
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   87
Байланысты:
¦¦¦-¦¬¦¬TП ¦¬¦¦¦¦TЖ¦¬TП ¦ХTЪ 12
3-4 5-6 7-8 тусиник хат, Eng Plus gr 9 term 3 LP
өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган— өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты берілген өкілеттік шегінде іске асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі-уәкілетті орган) - еңбек қатынастары саласындағы өкілеттікті Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
еңбек қауіпсіздігінің жағдайлары — еңбек процесінде қызметкердің жұмысқа қабілеттілігі мен денсаулығына әсер ететін өндірістік орта мен еңбек процесі факторларының жиынтығы.

Қазақстан Республикасының өнеркәсіпте жұмысты қауіпсіз жүргізуді қадағалау мен бақылау - Мемлекеттік органның үкімет тарапынан арнайы құрылған еңбек инспекциясы жүзеге асырады.



2-бап. Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңдары
Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңдары
Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан құралған Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
Осы Заңның күші Қазақстан Республикасының азаматтарына, еңбек қызметін Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.
Жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасында еңбек қатынастары туындаған кезде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды бәрі орындауы міндетті.
Жеке еңбек шартында, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілерінде көзделген жұмыс орындарындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жағдайлары осы Заңда көзделген еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау деңгейінен төмен болмауға тиіс.
ҚР Конституциясының қабылданған еңбек туралы заңында көрсетілгендей заңның мақсаты барлық қызметкерлермен жұмыскерлер арасындағы еңбек қатынастарын дұрыс жүйеге келтіру, сол арқылы өндіріс нәтижелігін жоғарылату, еңбек өнімділігін арттыру, халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту және т.б. болып табылады.

ҚР-ның Еңбекті қорғау туралы заңы барлық жұмысберушілер мен жұмыскерлер және қызметкерлер арасындағы еңбек қатынасын реттейді және еңбек шартының жоғары деңгейін, жұмысшылардың әлемдік еңбек қорғау құқығын орнатады /егер халықаралық шарттарды (келісімдерде) еңбекті қорғауға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгендегіден биігірек талаптар белгіленсе халықаралық шарт (келісім) ережелері қолданылады/.



Еңбекті қорғау заңдарының актілері мыналардан тұрады:

ҚР Конституциясы; ҚР еңбекті қорғау туралы заңдар кодексі (ЕҚЗК); ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еңбек туралы қаулысы; сонымен қатар ҚР-ның еңбекті қорғау жөніндегі басқа да заңдар мен еңбек қауіпсіздігі және гигиенасы өндірістік орта жөніндегі нормативтік актілер, т.б.

Жұмыскерлермен қызметкерлердің еңбек туралы заңы жалпы және арнайы болып бөлінеді:

Жалпы еңбек туралы заң халық шаруашылығының барлық саласындағы орындалатын жұмыстар мен мамандықтар бойынша барлық жұмысшылар мен қызметшілердің еңбек қатынастарын реттейді.

Арнайы еңбек туралы заң халық шаруашылығының белгілі бір саласына тән мамандық пен жұмыстың арнайы шарттары белгіленген жұмысшылар мен қызметшілер еңбегін реттейді.

Еңбекті қорғау туралы заңға мыналар кіреді:

*мекемедегі еңбекті қорғауды ұйымдастыру мен жоспарлауды реттейтін мөлшерлер;

*өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі мен техника қауіпсіздігі ережелері;

*өндірістік жарақаттар мен кәсіби аурулардан жеке қорғану шаралары;

*еңбек қабілеті төмен тұлғалар мен жасөспірімдер және әйелдер еңбегін қорғау туралы

арнайы мөлшерлер;

*мемлекеттік бақылаудың жүзеге асырылуын анықтайтын және еңбекті қорғау туралы заңның сақталуын жалпы бақылау туралы мөлшерлер;

*еңбекті қорғау туралы заңның бұзылуына жауапкершілікті орнататын мөлшерлер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет