Жасы кәмелетке толмағандарды қорғау жөніндегі нормативтік-құқықтық актілердің түрлері. 1) Нормативтік-құқықтық актілер түрлері. Нормативтік-құқықтық актілер
1. ҚР Конституциясы 30.08.1995ж.
2. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы Декларация Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының резолюциясымен 1948 жылғы 10 желтоқсанда № 217 А (III) қабылданған
3. Мемлекеттiк жастар саясаты туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 9 ақпандағы № 285-V ҚРЗ.
4. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 591 Заңы.
5. ҚР Қылмыстық кодексі (Жалпы бөлім). 2019 ж.
ҚР Қылмыстық кодексі (Ерекше бөлім).2019 ж.
6. ҚР Қылмыстық процестік кодексі 2019 ж.
7. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексі. 2019 ж.
8. ҚР Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім). 2019 ж.
ҚР Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім).2019ж.
9. Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі.
10. 2014 жыл 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының ішкі істер туралы Заңы
11. 2017 жылғы 30 маусымдағы № 81-VІ ҚРЗ. Қазақстан Республикасының Прокуратура туралы Заңы
12. Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 132 Конституциялық заңы.
13. Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 5 шілдедегі № 176-VІ ҚРЗ.
14. Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы.
2) Нормативтік-құқықтық актілерге жалпы сипаттама. 1. ҚР Конституциясы 30.08.1995ж. Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан Республикасының Ата Заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.
Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы. Алдыңғы конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын.