0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет135/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

107 
 
қайшылығы мол тартысты ғұмырында қараңғы қалың елін жарқын 
болашаққа сүйреуден басқа бақыт бар деп білмеген ірі тұлға, халықтың 
"рухани көсемі”. 
Алайда мынаны ұмытуға болмас: ел боламыз десек А. Байтұрсынұлы 
қалдырған рухани мұраны толық игеріп, ол шыққан ұлттық идея биігінен 
көрінуіміз керек. 
...Тән көмілер, көмілмес еткен ісім, 
Ойлайтындар мен емес бір күнгісін 
Жұрт ұқпаса, ұқпасын, жабықпаймын 
Ел бүгіншіл, менікі- ертеңгі үшін,- деген А.Байтұрсынұлы бүгінде бізді 
болашаққа шақырып тұр.
Балалар, оқуға бар жатпа қарап, 
Жуынып, киініңдер шапшаңырақ. 
Шақырды тауық мана әлдеқашан, 
Қарап тұр терезеден күн сығалап,-
деген өлең шумақтарымен балаларды мектепке оқуға шақырды. Оның бүкіл 
өмірі қазақтардың өзін-өзі анықтауына, мәдениетін, білімін және ғылымын 
дамытуға, ғасырлар бойы өзіндік халық шығармашылығын сақтауға деген 
қамқорлыққа толы болды. Мұхтар Әуезов 1923 жылы Байтұрсыновтың баға 
жетпес еңбектерін ескере отырып, оны «қазақ зиялы қауымының көсемі» деп 
текке атаған жоқ.Қазақ халқының тәуелсіздігі жолында ақтық демі біткенше 
күрескен осынау ұлы адамның аты ұлт жүрегінде мәңгі сақталуы тегін емес. 
Сондықтан, Ахаңды қазақтың ұлттық мәдениетінің Хан Тәңірі деп 
бағалаймыз. 
«Ұлтын керек қылып, халыққа қызмет қылатын деген қазақ балалары 
қазақ жұмысына қолынан келгенше қарап тұрмай кірісіп істей білсе – ұлт 
жұмысы ұлғайып, толықпақшы»,- деген Ахмет Байтұрсынов.
Халқының азаттығы, елінің тәуелсіздігі мен ұлттық мемлекеттігі
жөнінде жан аямаған күрескер Ахмет - өз арманы жолында арыстанның 
аузына, зымыстанның түбіне бара жүріп, халқына қалтқысыз еңбек сіңіре 
білді. Ол қазақты бай, кедей деп алалап бөлмей, бәрінің мүддесін бірдей 
қорғады, қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуын көздеді.
А.Байтұрсынұлы еңбегі қазақ үшін жасалған мәңгілік еңбек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет