105 қол еместігін көреді. Қазақ баласы енді сауатын 4 бөгде тілде емес, яғни,
араб, татар, орыс тілдерінде емес, ана тілінде ашуы керек, білім-ғылыммен
қазақ тілінде сусындауы тиіс деп табады. Қазақ мектептерінің болуы, бүкіл
оқу-тәрбие жұмысы қазақ тіліне жүруі қажет екенін ашып айтып, күн
тәртібіне қояды, өзі де қазақ мектептерінің болуы, ана тілінде оқытылуы
үшін күреседі. А.Байтұрсынұлы өзінің алдына жүйелі бағдарлама
қойғанға ұқсайды: ол әуелі қазақтың ұлттық жазуын (графикасын) жасауды
мақсат еткен, бұл үшін араб алфавиті негізіндегі «Байтұрсынұлы жазуы»
дүниеге келген, екінші, сол жазумен сауат аштыруды ойлаған, бұл үшін «Оқу
құралы» атты оқулығын жазған. Одан соң қазақ тілінің грамматикалық
құрылысын ана тілінде талдап беру мақсатын қойған, мұны орындау үшін
«Тіл – құралы» кітабын жазған, төртінші, тілді дұрыс қолдана білу тәртібін
көрсетуді көздеген, бұл үшін «Тіл жұмсарды» кітабын ұсынған, бесінші,
сауат аштыру, қазақ тілін оқыту әдістемесін жасауды міндетіне алған, бұл
үшін «Баяншы» мен «Әліп-би астарын» жазған. Міне, бұлар – Ахмет
Байтұрсынұлының қазақ тілін зерттеудегі және оқу-ағарту майданындағы
жасаған істері мен еңбектері, осы салалардағы орнын көрсететін үлесі, Ахмет
Байтұрсынұлы қазақтың ұлттық білім-ғылымының көшбастары дегізетін
тарихи мұра. «Мысль» журналының 2016 жылғы №1 санында
«Интелектуальное достояние Ахмета Байтурсынова» аты материалды
оқысаңыздар, А.Байтұрсынұлы мектепте ана тілінде оқыту қажеттігіне
ерекше ден қойғандығы, мектепте ана тілінде оқыту үшін алдымен қазақша
жазу таңбаларын, яғни алфавитін жасап шыққандығы, содан соң балаларға
осы таңбаларды танытып, сауатын ашатын әліппеден бастап, сол тілді пән
ретінде үйрететін грамматика оқулықтарын жазу керек болғандығы толық
ашып жазылған.
А.Байтұрсынұлы өзінің барлық саналы өмірін қазақ қоғамында білім-
ғылымның дамуына, мектеп ағартушылық ісінің жанданып кемелденуіне
бағыштады. Ол ауыл мектептерінде, семинарияларда бала оқытты, оқу
тәрбие жұмысын жетілдіру саласында көп ізденді. Ахмет атамыздың әдебиет
майданында есімін асқақтатар болсақ, қалайда халықты ояту, оның санасына,
жүрегіне, сезіміне әсер ету жолдарын іздеген ақын ұлы Абай тапқан аударма
жасау дәстүріне мойын ұсынады. Бұрынғы ескі ертегі, хикая үлгілері емес,
енді жаңа өлеңдік форма – мысал арқылы көшпелі елдің жақсы білетін
стихиясы – жан-жануар өмірінен алынған шығармалар арқылы әлеуметтік
ойға ықпал ету мақсатымен Иван Андреевич Крыловтың туындыларын
аударып, «Қырық мысал» деген атпен 1909 жылы Петербургте бастырып
шығарды. Бір жағынан қызықты форма, екінші жағынан ұғымды идея,
үшінші жағынан қазақ тұрмысына ет-жақын суреттер ұласа келіп, бұл
өлеңдерді төл дүниесіндей етіп жіберді. Әртүрлі аңдар, әртүрлі адамдар
кейпінен хабар беріп, ишара тұжырым жасалады. Адамдардың мінезі, өмір
ағысы, тағдыр сабағы, заман қабағына қатысты көптеген жайттарды әсіресе
патша отаршылардың зорлық-зомбылығы, байлардың, жуандардың тепкісі,
елдің азып-тозуына байланысты сарындарды А.Байтұрсынұлы жұмбақтап,