0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет130/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

Халық мақал-мәтелі 
Ахмет шығармаларындағы қолданысы 
Адасқаннның алды – жөн, 
арты - соқпақ 
Аюдың 
бір 
ақылы 
айтқан 
досқа, 
Бір жүріп, бірге тұрған көңіл қосқа
«Алды жөн адасқанның» деген сөз ғой, 
Тыңдаусыз, құр далада қалды босқа. 


102 
 
(Айна мен маймыл) 
Әлін білмеген әлек 
Әуелде 
Құдай 
өлшеп 
берген 
дене, 
Қаншама 
зорлағанмен 
артылмапты. 
Нақыл сөз «Әлін білмес әлек» деген 
Осындай әуре болған жаннан қапты. 
(Өгіз бен бақа) 
Аз жұмысты қиынсынсаң, 
көп жұмысқа тап боларсың 
Қайырдың 
ең 
абзалы 
бұл 
дүниеде 
-Біреуге 
қысылғанда 
жәрдем 
бермек. 
Кейбіреу 
зор 
бейнетке 
тап 
болады, 
Кей уақыт аз бейнеттен қашамын деп. 
(Ат пен есек) 
Жазмыштан озмыш жоқ. 
Адамның басы – Алланың 
добы 
«Жазмыштан озмыш болмас» деген сөзді 
Бекер 
деп 
пікір 
ету 
жарамайды. 
«Алланың адам басы - добы» деген, 
Қуса да қалай қарай домалайды. 
(Шымшық пен көгершін) 
Тентектің ақылы түстен 
кейін кіреді 
Білдірдік 
елдің 
сырын, 
ердің 
құнын, 
Елеріп 
ерегіске 
екі-үш 
күндік. 
Кіреді 
тентек 
есі 
түстен 
кейін, 
Мүшкілін халіміздің жаңа білдік. 
(Қазақ қалпы) 
Заманың түлкі болса, тазы 
боп шал 
«Заманың түлкі болса, тазы боп шал» — 
Деген 
сөз 
аятпенен 
бірдей 
маған. 
Алақтап 
артымызға 
қарағыштап, 
Жүргенде-ақ озып, ұзап кетті заман. 
(Ғылым) 
Көппен көрген ұлы той 
Басың жас, қызығың көп көрер алда, 
Мұңайма бақсызбын деп бүгін таңда 
«Ұлы той көппен көрген», -деген бар ғой, 
Байқасаң аман қалған адам бар ма?! 


103 
 
(Елге сәлем) 
Ақынның «Маса» жинағындағы шығармаларына 
ұлттың тағдыры, ұлт 
қамы, бостандық, әлеуметтік-қоғамдық, азаматтық идеялар мен өз 
басынан кешкен ауыр күндер, қуғын-сүргін, жоқтық пен қиыншылық арқау 
болды

Ахмет Байтұрсынұлы төл туындыларында да толғайтын 
тақырыбының идеялық түйінін тұжырымдауға да, шумақтарда өз ойына 
тұшымды үстеме ету үшін де халықтық паремиологиялық мол қорды тиімді 
қолданып отырғанын аңғарамыз. 
Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларында ұлтқа ғана тән когнитивтік 
санада қалыптасқан теңеулер де кездесетінін осы тақырып ауқымында айтқан 
жөн болады. Когнитивтік зерттеулер аясында мұндай оралымдар ұлттық 
теңеулер деп қарастырылып, көп зерттеліп жүр. Ақын шығармаларынан 
мысал келтіретін болсақ: 
Оларға еркін жүріп оттағандай
, Беріңіз кең 
жайылым, шөбі қалың; Бос белбеу, босаң туған бозбала көп, 
Киіздей шала 
басып қарпылмаған

Мәз болып байғазы алған балаларша
, Сатылып 
жылтыраған танасына; 
Қорыққанға қос көрініп, қойдай үркіп
, Тығылып 
тажалдың бұтханасына. Бұл мысалдардан көріп тұрғанымыздай қолданған 
теңеулер жай теңеу емес. Теңеудің 
–дай,- дей
, -
ша,-ше
жұрнақтары арқылы 
жасалған. Қазақ халқының, ата-бабаларымыздың көшпелі өмірі мал 
шаруашылығымен, төрт түлік малмен тығыз байланысты болғаны бәрімізге 
белгілі. Сол себепті, қазаққа ғана тән 
қойдың оттауы (жайылуы), қойдың 
үркуі, киіз қарпу, байғазы алу
ұғымдарын тірек етіп, оқырман қазақ 
қауымына тән сөз бейнелеу тәсілдерін қолдануымен ерекшеленеді. Ұлттық 
сипаты бар теңеулерді танымдық тұрғыдан талдап көрсек: 
еркін жүріп 
оттау
– малдың еркін, шөбі шүйгін кең жайылымда жайылуы. 
Киіздей шала 
басып қарпылмаған
– киіз басу процесіндегі қарпу кезеңі киіздің шет-шеті 
жиналып тегістеліп, ширауымен, тегістелуімен, көлемі шағындалуымен 
сипатталады. Соған орай, бос белбеу жігіттерді қарпу кезеңінен өтпеген, 
ширамаған киізге теңейді. 
Мәз болып байғазы алған балаларша: 
Байғазы -
қазақ дәстүрінде үлкеннің кішіге, негізінен балаға беретін сыйы. 
Үлкендерден жаңа зат, киімге байғазы алған балалар шаттанады. Осы сәттегі 
баланың аңғал әрі мәз болған күйіне орай теңеу жасалған. 
Қорыққанға қос 
көрініп, қойдай үркіп – 
әлдебір нәрседен шошып, үркіп дүркірей қашқан 
қойлардың әрекетімен сипаттаған құбылысын теңестіреді.
Бұл теңеулер – көркем ойлаудың ұлттық ерекшеліктері жинақталған, 
дүниетанымының ұлттық өзгешеліктері бас қосқан қолданыстар.
Танымдық теория арқылы тілдегі халықтың болмыс, тіршілігінің, 
мәдениетінің, таным-түсінігінің құпия сырлары, ұлттық өмірдің айнасы 
анықталады. Адамзат өзін қоршаған дүниедегі әлем бейнесін қалай таныса
ұлттың дүниеге деген көзқарасында сол ерекшелік тіл арқылы жарыққа 
шығады. 
 
А.Байтұрсынұлы сөз өнерін: «Ақыл ісі – аңдау, яғни, нәрселердің 
жайын ұғу, тану, ақылға салып ойлау, қиял ісі – меңзеу, яғни, ойдағы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет