Мамандық: 0302000 «Медбикелік іс»
Біліктілік: 030204 3 «Жалпы практикадағы медбике»
№ 4.Тақырыптың атауы: Тыныс алу жүйесі ауруларында мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру
Сабақтың түрі: дәріс
Студент білу керек:
Қарау. Науқастың төсектегі жағдайы. Тыныс алудың сипаты: мұрынмен, ауызбен, еркін немесе қиналып демалу.Қарау. Науқастың төсектегі жағдайы. Тыныс алудың сипаты: мұрынмен, ауызбен, еркін немесе қиналып демалу.
Үй тапсырмасы: Жүрек қан тамырлар жүйесі ауруларында мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру
Тыныс алу жолдарымен ауыратын науқастарды тексеру.
Шағымдар :
|
Жөтел
Қақырықбөліну
Ентігу
Түншығу
Қанды қақырық
Көкірек торындағы ауру сезімі
Дене қызуының жоғарлануы
|
Ауру анамнезі
|
Бейімделу факторы
Еңбек орны, мамандығы
Әлеуметтік жағдайы
Жағымсыз әдеттер
Суық тию
Аллергиялық анамнез
Тұқымқуалаушылық
Эпидемиологиялық анамнез
|
Науқасты тексеру тәсілдері
|
Қарау
|
Пальпация
|
Перкуссия
|
Аускультация
|
Жалпы жағдайы
Диагноз
Ентігу
Түншығу
Саусақ, буын, тырнақ пішіні
Көкірек торының пішіні
|
Дауыс дірілі
Көкірек торының ұлпаларының ауырсынуы
|
Өкпе шекарасы
Өкпенің төменгі шекарасының қозғалмалылығы
Перкуторлы дыбыс өзгерісі
|
Тыныс алу типі
Бронхофонол
Сырылдар
Крепитация
Плевраның үйкелу шуы
|
Инструментальды және лабораториялық зерттеу тәсілдері.
|
Инструментальды
Рентгенологиялық
Рентгеноскопия
Рентгенография
Томография
Флюрография т.б.
Бронхоскопия
Бронхография
Спирометрия
Спирография
Пневмотахометрия
|
Лабораториялық
Жалпы қан анализі, жалпы зәр анализі
Қанды биохимиялық тексеру
Қақырықтың бактерологиялық анамнезі
Антибиотиктерге сезімталдығына байланысты қақырық анализі
Қақырық және экссуданттың цитологиялық тексерілуі
|
Тыныс алу жолдарының аурулары бар науқастарды тексеру: сұрау,қарау және кеуде қуысын пальпациялау . Перкуссия,аускультация.
Қарау
Жалпы қарау. Өкпе ауруының көбінде адамның санасы бұзылмайды. Тек өте жоғары қызуы бар және жалпы интоксикация белгілері бар адамдарда сандырақ және галлюцинация (жоқты көру) байқалады. Бұл негізінен крупозды пнвмонияда кездеседі, бронхопневмонияда өте сирек болады.
Аурудың төсектегі қалпы. Тыныс алу мүшелерінің ауруларында негізінен төсектегі мәжбүр (не амалсыз) қалпы жиі кездеседі.
Тер мен кілегей қабықтары. Науқас адамның түсінің ағаруы өкпеден қан кетуде байқалады.
Жалпы цианоз өкпеде эритроциттердің оттегімен толық қанықпауының салдарынан қанда бос гемоглабиннің көбейгенінен болады. Жалпы цианоздың себептері демікпенің ебептерімен бірдей.
Мүшелеп қарау. Өкпе ауруларының диагностикасында мойынды қараудың маңызы зор. Мойында лимфа бездерінің туберкулезінен кейін тыртық қалады. Ол өкпе туберкулезінің жанама белгісі болуы мүмкін.
Өкпе рагі де мойын бездеріне метастаз беруі мүмкін.
Тыныс алу мүшелерін тексергенде кеуде сарайын қарау ерекше орын алады. Кеуде сарайын қарағанда оның түрін, дем алыс жиілігін, дем алудың типін, кеуденің екі жағының дем алуға қатысуының симметриялығын анықтайды.
Қалыпты жағдайда сау адамдарда кеуде сарайының үш түрі болады; нормостеникалық, гиперстеникалық және астеникалық.
Патологиялық жағдайда кеуденің түрі әртүрлі болып өзгереді. Солардың ішінде өкпе ауруларын анықтауға маңызы барлары кеуде сарайының семген түрі және эмфиземалық түрі. Семген, не тегіс кеуде сарайының ені көлденең мөлшерінен анағұрлым төмен. Эмфиземалық не күбі тәрізді кейде сарайының сагитальды мөлшері фронтальды мөлшерден басым болады. Кеуде сарайы күбі сияқты үлкейеді. Бұл түр, атына сәйкес, өкпе эмфиземасына (өкпенің кебуі) тән.
Тыныс алу жиілігі. Қалыпта жағдайда сау адам 1 минутта 16-20 рет тыныс алады. Тыныс алу жиілеуі де (тахипноэ), сиреуі де (брадипноэ) мүмкін.
Қалыпты жағдайда тыныс алудың жиілеуі дене қызметінен, тамақ ішкеннен кейін және әр түрлі психикалық факторлардың әсерінен болады. Патологиялық жағдайда тыныс алудың жиілеуі өкпенің дем алатын бетінің азаюынан және дем алғанда кеуденің шаншуынан (дем алыс тайызда жиі болады) болады.
Кеудені сипап тексеру (кеуде сарайының пальпациясы)
Кеудені сипап қарағанда :
1.кеудеде ауратын жерлер барлығын.
2.кеуденің эластикалық (серпінділік) қасиетін
3.дауыс дірілінің өзгерістерін анықтайды.
Дауыс дірілінің күшеюі:
Өкпенің қабыну ауруларында.
Негізгі перкуссиялық дыбыстар.
Достарыңызбен бөлісу: |