Бүйрек – тас ауруы (нефролитиаз) – бүйректің түбектері мен астаушаларына және несепағарға көлемі, құрылысы мен химиялық құрамы (фосфаттар, ураттар, оксалаттар, карбонаттар) әр түрлі тас байланатын ауру. Бұл созылмалы ағымды ауру, бүйректің сыңарын немесе екеуін де зақымдайды.
Несеп тасы барлық жаста да кездеседі. Ал қариялар мен балаларда бүйрек тасы сирек кездеседі де, қуықтасы жиі кездеседі. Бүйрек тасы оң жақ бүйректе жиірек кездеседі, екі бүйректер тасы аурулардың 15— 20%-де кездеседі. Бүйрек пен несепағар тастары 20—50 жаста жиі кездеседі.
Этиологиясы
- Қалыпты жағдайда несеп құрамында еріген кристалоидты және ерімеген коллоидты бөлшектер бар. Коллоид заттар кристалдардың жабысуынан сақтап, еріген халде сақтайды.
-Тастар пайда болуының 2 теориясы бар:
- Физика-химиялық теория-тепе-теңдік бұзылғанда кристалдар шөгіп, тасқа айналады.
- Матрица теориясы- органикалық негіздің (ядроның)пайда болуына байланысты.Ядро қызметін қан ұйындылары, ыдыраған тіндер, бактериялар атқаруы мүмкін. Осы органикалық қалыпқа кейін тұздар шөгуіне байланысты тастар түзіледі.
Тас пайда болуы үшін қанда немесе несепте тұздар концентрациясы артуы керек.
Кристализациялық қағида-тұздар еруі азайып, тұнуынан тас байлануын түсіндіретін қағида.
Бүйрек тастары
Бүйрек тастары-көптеген жағдайларда операция жасауды талап ететін сырқат.Тас бүйректің ішінде,оның табақшаларында,түбекшелерінде немесе несеп ағарда табылады.
Уролитаз- тастардың несепағарда кездесуі
Нефролитаз-тастардың паренхимасында түбекшерінде табақшаларында кездесуі.Уролитаз нефролитаз әсерінен пайда болады.
Химиялық құрамы бойынша бүйректе кездесетін тастар
Тастардың кездесетін орны