Ияк 18-01 топ Орындағандар

Дата08.12.2019
өлшемі9,61 Mb.
#53191
Байланысты:
тарих 1917жыл

1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін қазақ өлкесінде қоғамдық-саяси белсенділіктің артуы. Қазақ және мұсылман комитеттерінің құрылуы мен қызметі.

ИЯК 18-01 топ

Орындағандар:

Жұмағұл Еркебұлан

Мырзашова Айгүл

Қожасова Аружан

Құрал Бағжан

Қызыр Аружан

Керімбек Балауса

Жангазиева Ұлбосын

Ақпан төңкерісінен кейінгі жағдайы

  • 1917 жылғы екі революция кезеңіндегі Қазақстан 1917 жылғы ақпанда патша өкіметін құлату Ресей мен оның ұлттық шет аймақтарындағы саяси күштердің орналасуын түбірімен өзгертті. Ақпан революциясының нәтижесінде қосөкімет қалыптасты, бір жағында буржуазия мен буржуазияланған помещиктердің Уақытша үкіметі пайда болса, екінші жағында жұмысшы және солдат депутаттарының мүддесін көздейтін Кеңестер құрылды.

Қосөкіметтің мәні

Нақты билікке ие Уақытша үкіметтің күшті әлеуметтік базасы болмады, ал Кеңестер әлеуметтік күшке ие бола тұрып, нақты билікке қол жеткізе алмады. Соңғысының үміті — әлеуметтік жағынан төменгілердің тікелей қолдауына сүйене отырып, билікті революция арқылы басып алу еді

Уақытша үкіметтің ұлттық мәселе бойынша қабылдаған алғашқы актілерінің бірі 1917 жылы 20 наурызда Ресей азаматтарының құқындағы діни наным-сеніміне, ұлтына қарай шектеушілікті алып тастауы болды. Көктен іздегендері жерден табылғандай болған халық Уақытша үкіметке барынша қолдау көрсетуге даяр екендіктерін білдіріп, империяның түпкір-түпкірінен құттықтау жеделхаттар жөнелте бастады. Қызылжар қаласы мен уезінің мұсылмандары қалалық мешітте жұма-намаз күні бүкіл халыққа шаттық әкелген Уақытша үкімет мүшелеріне ұзақ өмір беріп, бақытты етуін Алладан өтініп, жаңа үкіметке адал қызмет етуге серт берді. Ресей тарихында бірінші рет діни нанымдық, нәсілдік кемсітушілік жойылды деп, ұлттар теңдігін қағаз жүзінде болса да жария еткен бұл акт бұрынғы бұратана атанған езгідегі елдердің орыстармен терезесін тең сезінуіне жол ашты. Қазақ халқының Ақпан төңкерісін зор қуанышпен қарсы алуының мәні де осында болатын.

Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті мен Уақытша үкімет билік орындарын құру туралы 5 наурызда арнайы қаулы жариялады. Осыған байланысты жергілікті басқаруда, ел өмірін жаңа мазмұнда ұйымдастыруда өзгерістер бола бастайды. Наурыз және сәуір айлары ішінде ескі әскери губернаторлық, уездік, болыстық және ауылнайлық басқару жүйелері жойылып, келмеске кетті. Олардың орнына Уақытша үкіметтің облыстық және уездік комиссарлық басқару жүйесі, сонымен бірге облыстық, уездік, болыстық және ауылдық деңгейде азаматтық комитеттер және олардың атқару орындары қалыптаса бастайды. Мамыр мен маусым айларында бұларға қосымша облыстық азық-түлік комитеті, жер комитеті және басқа осы сияқты басқару орындары құрылады.

ескі әскери губернаторлық, уездік, болыстық және ауылнайлық басқару жүйелері 

облыстық және уездік комиссарлық басқару жүйесі, сонымен бірге облыстық, уездік, болыстық және ауылдық деңгейде азаматтық комитеттер және олардың атқару орындары

1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде белсенділіктің айтарлықтай арта түсуіне облыстық, уездік қазақ комитеттері үлкен әсер етті.  Мысалы, 1917 жылдың 10 наурызында - Оралда (төрағасы - Әлібеков); 11-наурызында - Семейде  (төрағасы - Р.Мәрсеков);  Омбыда  (төрағасы - Е.Итбаев);  наурыздың аяғында -  Верныйда (төрағасы - И.Жайнақов) құрылған және т.б. облыстың қазақ комитеттері "Қазақ" газетінің көмегімен бірден-ақ қазақтардың облыстық съездерін дайындауға кірісті. Олар съездерге дайындалу барысында облыстық қоғамдық және басқа комитеттермен де,   Уақытша   үкіметтің   органдарымен де ынтымақтастық   жасады.   Мысалы, Ә.Бөкейханов  - Торғай облысы   бойынша, М.Тынышбаев  Жетісу облысы    бойынша (эсер А.Шкапскиймен бірге) Уақытша үкіметтің комиссарлары болды

Ал, А.Байтұрсынов, М.Шоқаев, М.Дулатов,  Ж.Досмұхамедов,  Х.Ғаббасов,  Ж.Ақпаев,  А.Бірімжанов,  Ә.Кенесарин, Р.Мәрсеков, тағы басқа қазақ зиялыларының өкілдері Уақытша үкіметтің жергілікті органдарында жұмыс істеді. Осындай байырғы қазақ халқының, әсіресе, ұлт зиялыларының саяси белсенділігі өскен жағдайда 1917 жылдың көктемінде: Торғай (Орынбор қаласы, 2-8 сәуір, 300-ден астам делегат, төрағасы - А.Байтұрсынов), Жетісу (Верный қаласы, 12-13 сәуір, 81 делегат, төрағасы - И.Жайнақов), Орал (Орал қаласы, 19-22 сәуір, 800-ден астам делегат, төрағасы - Ж.Досмұхамедов), Ақмола (Омбы қаласы, 25 сәуір-5 мамыр, 150-ге жуық делегат, төрағасы - А.Тұрлыбаев) қазақ облыстық съездері өткізілді. Бұл съездер ұлт азаттығын, жер мәселесін, діни, мәдени, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және басқа да проблемаларды шешу жолындағы күрестегі қазақ қоғамының қалың топтарының стратегиялық міндеттерін белгілеуге ұмтылуымен қатар, олардың осы мақсаттарға жетудегі тактикалық бағыттарын жасау жолында өздерінің одақтастары мен қарсыластарын да ашық көрсетуге тырысты. Облыстық съездердің ішінде Торғай съезі көлемі мен қабылданған шешімдері бойынша айрықша ерекшеленді. Съезд жұмыстарына Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, А.Қалменов, М.Шоқаев, М.Жұмабаев және басқа да сол кезеңдегі жас қазақ ойшылдары шешуші ықпал жасады. Соның арқасында съезд шешімдерінде "Алаш" қозғалысының бағдарламалық талаптары өз көрінісін тапты.

Тыл жұмысшыларының орыс жұмысшыларымен, солдаттармен қарым қатынаста болуы олардың саяси санасының өсуіне ықпал етті.

  • Верныйда «Қара жұмысшылар одағы»;
  • Сергиопольде (Аягөз) «Солдаттардың орыс мұсылман ұйымы»;
  • Петропавлда «Жас арбакештер одағы»;
  • Әултиеата мен Меркеде – «Қазақ жастарының революцияшыл одағы»;
  • Ақмолада – «Жас қазақ ұйымы»;
  • Спасск зауытында – «Жас жүрек ұйымы»;

Олар туған жерлеріне түрлі саяси партиялардың мүшесі болып оралды:

Ірі партиялардың бірі болып – «Алаш» партиясы құрылады

1905 жылы

  • «Алаш» қозғалысы пайда болады

1917 жылы

  • «Алаш» партиясы құрылады

Әлеуметтік негізі: капиталистік жолына бағыт алған зиялылар Мақсаты: Қазақ халқын отарлық езгіден азат ету.Автономиялық ұлттық мемлекет құру. Бағыты – эволюциялық-конституциялық жол

Алаш партиясының мүшелері

Әлихан Бөкейханов

жетекшісі

А.Байтұрсынов

М.Дулатов

Ш.Құдайбердиев

М.Тынышбаев

Х.Ғаббасов

Х.Досмұхамедов

Ж.Досмұхамедов

Ә.Ермеков

1917-1918 жылдардағы Қазақ газеті

1917 жылдың 245 нөмірінен бастап Қазақ газеті алаш партиясының үні әрі насихатшысына айналды. Осы саннан бастап газет бетінде қазақ халқының жеке мемлекет есебінде отау тігу мәселесі қауырт көтеріліп, мемлекет негізі не мәселелерін қарастырды.

Патшалық билікті құлатқан Ақпан революциясын қазақ қоғамы зор қуанышпен қарсы алды. “Қазақ” газеті 9 наурыздағы санында: "…Киіз туырлықты қазақтың оң жағынан ай, сол жағынан күн туды, жақсылық, қуаныш тек қана орыстікі емес, отаны Руссия болған жұрттың бәріне тегіс жақсылық, бәріне тегіс қуаныш" - деп жар салды. Ақпан революциясы қалың бұқараның саяси құқықтарын кеңінен пайдалануына мүмкіндік жасады, олардың саяси күреске ашық араласуын қамтамасыз етті. Елдегі қоғамдық өмірде саяси партиялардың ролі орасан өсті. Революция патшалық цензураны жойды. Жұртшылық сөз және жиналыс бостандығын кеңінен пайдаланды.

Саяси белсенділіктін тағы бір түрі.

Ақпан төңкерісінен кейін басталғанг қазақ қауымына тән қоғамдық-саяси белсенділіктің келесі бір және жарқын көрінісі 1917 жылдың көктем айларында қалыптаса бастаған облыстық немесе қазақ комитеттері жүйесі болды. Олар 1917 жылы негізінен сәуір мамыр айларында өткен облыстық және уездік қазақ съездерінде құрылды.

Атап айтқанда мұндай съездер:

  • 1917жылы сәуір айында Жетісудағы облыстық съезі;
  • 27 сәуір – 7мамыр аралығында Семей облыстық съезі;
  • 21-26 шілде аралығында жалпықазақ съезі;
  • 1917 жылғы мамыр айында мұсылмандардың Бүкілресейлік съезі;

Орынбор қаласындағы съезд

Орынбор қаласында 1917 жыл сәуірдің 2-8-інде аралығында өткен съездің жұмысына тоқталсақ. Оның 2 себебі бар: 1) бұл съезді дайындап, оны басқаруға сол жылғы шілдеде құрылған Алаш партиясының жетекшілерінің бірі болған Ахмет Байтұрсынов белсенді түрде араласты. Съездің жұмысы Байтұрсынов, Қадырбаев, Танашов, Алмасов, сол сияқты Алаш орда қозғалысының белсенді қайраткерлерінің ықпалы мен өтті және онда келешектегі Алаш партиясының кейбір бағдарламалық тұжырымдарын оған қатысушылардың талқысына түсті. 2)бұл съезд қабылдаған бір ғана Торғай облысына қатысты болмады, олар бүкіл Қазақстандық мәңге ие болды. Съезге жалпы алғанда 300-ден астам адам қатынасты. Олардың қатарында Торғай облысының өздерінен келген делегаттармен қатар Ақмола,Семей, Сырдария,Бөкей облыстары қазақтарының өкілдері болды.

Съезді кіріспе сөзбен ашқан қазақ газетінің редакторы А.Байтұрсынов қазақ қауымын бірлікке, жаңа өкіметті қолдауға, жер-жерлерден жаңа құрылыс пен бостандықтарды баянды ету үшін тәртіп пен тыныштық сақтауға шақырды.

Ақпан төңкерісінің қазақтар үшін қаншалықты маңызды болғанын А.Байтұрсынов:

Алғашқы революцияны қазақтар тура түсініп, қуанышпен қарсы алса, ол, біріншіден, бұл революцияның оларды патша өкіметінің қанауы мен зорлығынан құтқаруында және, екіншіден, оларды өзімізді басқарсақ деген ескі үмітінің нығая түскенінде еді

Мәжілістің мүшелері

А.Байтұрсынов

Төрағасы

Алпысбай Калменов

Уәлитхан Танашев

Сейтәзім Қадірбаев

Омар Алмасов

«Үш жүз» партиясы

1917 жылы күзде Омск қаласында «Үш жүз» партиясы («Қырғыз социалистік партиясы») құрылды.

Көлбай Тоғысов – партия жетекшісі

Мақсаты: большевиктік бағыт ұстау. Бұл партияның іс-әрекеті 1917 жылғы күз -1918 жылдың басы аралығындаелеулі түрде өзгереді.

  • Алғашқыда социал-революцияшылдар партиясымен одақтасты.
  • 1918 жылдың қаңтарынан Кеңес өкіметін нығайтуға бесене араласты.
  • 1918 жыл басынан большевиктердің алашордашыларға қарсы күресінде одақтасы болды.

Кадет партиясы

Мақсаты: Бөлінбес, біртұтас Ресей, конституциялық монархия құру. Қоныстандыру саясатын қолдау. Кадет партиясының құрамында болған Әлихан Бөкейханов бұл бағдарламамен келіспейтіндіктен, партия қатарынан шықты.

“Қазақ” газеті 1917 жыл 23 желтоқсан №256

“Мен кадет партиясынан неге шықтым?”

“Кадет партиясы жер адамға меншікті болып берілсе жөн, біздің қазақ жерді меншік қылып алса, башқұртша көрші мұжыққа сатып , біраз жылда сытырылып, жалаңаш келеді.

Кадет партиясы ұлт автономиясына қарсы. Біз Алаш ұранды жұрт жиналып, ұлт автономиясын тікпек болдым.”

Семейде кадет ұйымы «Свободная речь» газетін шығарып тұрды.

Эсерлер ұйымы

Партия эмблемасы

1917 жылы көктемде өлкеде эсерлер (социал-революционерлер) ұйымы құрылады.

Мақсаты: патша өкіметінің отарлау саясатын айыптау. 1917 жылдың жазына қарай Черняев кеңесінен басқа Кеңестер эсерлердің қолында болды.

«Жерді шаруаларға беру, жер – бүкіл халықтың меншігі» ұранын көтеру.

Эсер партиясының қазақ жеріндегі бөлімшелері

Қазақ комитеттерінің құрылуы, қоғамдық-саяси қызметі

Қазақ комитеттерінің құрылуы қазақ қоғамындағы үлкен жаңалық болды. Қазақ комитеттері - ұлт-азаттық қозғалыстың ақпан революциясынан кейінгі кезеңдегі

даму нәтижесі, оның өзінің түпкі, негізгі мақсаты - мемелекеттік еркіндікке ұмтылысының табиғи көрінісі, ұлттық мемлекет болуға жасаған алғашқы қадамын 11 наурызда облыстық Қазақ комитеттері Семейде (төрағасы Р.Мәрсеков) және Омбыда (төрағасы Е.Итбаев), ал осы айдың соңына қарай Алматыда (төрағасы И.Жайнақов) жұмыс жасай бастайды.

Наурыз айының ортасына қарай Торғай облыстық Азаматтық комитеті құрылып, оның қүрамына енгендердің арасында А.Байтұрсынұлы, Н.Бегімбетов, С.Кәдірбаев және М.Тұнғаншин бар еді.

Жаңа қалыптасқан саяси жағдайда қазақ қоғамының бастаушы саяси күшіне айналған қазақ демократиялық интеллигенциясына күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелерді жалпы ұлттық деңгейде жинақтап, белгілі бір тұжырымдарға келіп, бүкілресейлік Құрылтай жиналысына, келе жатқан түбегейлі өзгерістерге даярлық жасау керек еді. Мұндай жұмысты іске асырудың тиімді құралы түрлі деңгейде жиналыстар, съездер өткізу болатын. «Қазақ» газеті 1917 жылғы 9 наурыздағы санында жол қатынасының ауырлығы мен уақыттың тығыздығына байланысты тез арада жалпы қазақ съезін шақыру мүмкін еместігін айтып, «әуелі, қазіргі болған өзгерістердің мақсат, мағынасын түсіну үшін, екінші, учредительное собраниеге лайық адамдар» белгілсу мақсатында алдымен облыстық немесе облысаралық сиездер өткізуді ұсынып, оған болыс басына ең аз болғанда екі адамнан өкіл жіберу керектігін білдіреді. Жаңа құрылған Қазақ комитеттері наурыз айынан бастап-ақ ол сиездерді өткізуғе дайындық жасай бастайды.

Мұсылмандар қозғалысы

  • Ақпан революциясынан кейін Ресейдің ұлт аймақтарында мұсылмандар қозғалысы жандана түсті.1917ж мамырда мұсылмандардың Бүкілресейлік съезі болды.Соғысқа көзқарас» мәселесі бойынша съезд өзінің ұранын Еуропа,Азия мен Африка халықтарының өзін-өзі билеуі негізінде аннексиясыз және контрибуциясыз бітім деп мәлімдеді.

250 молданың қарсылығына қарамастан,Мұсылман әйелдері саяси құқықтары,азаматтық құқықтары жағынан да еркектермен тең болуы тиіс» деген қарар қабылданып,көп әйелалушылық пен қалыңмалға қарсы шықты.

  • 250 молданың қарсылығына қарамастан,Мұсылман әйелдері саяси құқықтары,азаматтық құқықтары жағынан да еркектермен тең болуы тиіс» деген қарар қабылданып,көп әйелалушылық пен қалыңмалға қарсы шықты.

Ақпан революциясынан кейін 1917 жылы сәуір айында Түркістан өлкесінде ірі қоғамдық-саяси ұйым “Шуро-и-ислам” құрылды. Ұйымға өзбек халқының көрнекті қайраткері М.Қ Абдурашидханов жетекшілік етті. “Шуро-и-ислам” ұйымы өлке мұсылмандарының мүддесіне орай Уақытша үкіметті қолдап, үкімет орындарына мұылмандардан өкіл енгізуді мақсат етті. Сонымен қатар аталмыш ұйым мыналарды жүзеге асыруды көздеген еді:

1)Қазіргі кездегі алдыңғы қатарлы қоғамдық-саяси көзқарастардағы мұсылмандарды насихаттау;

2)Ортақ мақсат үшін мұсылмандарды біріктіру;

3) Ескі билік өкілдерін жаңа өкілдермен ауыстыруды ұйымдастыруда тұрғындаға көмектесу;

4)Болуы мүмкін ұлтаралық шиеленістің алдын алу және арандатушылыққа қарсы күрес;

5)Өлкедегі барлық ұлттар мен олардың ұйымдарымен байланыс орнату, 6)мұсылмандардың негізгі мақсатымен оларды таныстыру

Достарыңызбен бөлісу:

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет