Негізгі шағымдар: Бүйрек және несеп жолдарының ауруларына тән негізгі шағымдар: ауырсынулар - бас ауырсынуы, бүйрек және несеп ағар жолдарының ауырсынуы, жүректің ауырсынуы, несепке отырған кездегі ауырсыну, ісінулер, несеп бөлудің бұзылуы, көрудің нашарлауы, ентігу, қызу көтерілу және тері қышуы.
Бүйрек және несеп жолдары зақымданғанда ауырсыну бел аймағында, несеп жолдарының бойында және қуық тұсында болады. Ауырсынудың тұрақты және ұстамалы түрі, не бір жақтан не екі жақтан бірдей байқалуы мүмкін.