Ісінулер. Бүйрек ауруларында ісінулер жедел және созылмалы гломерулонефритте, нефротикалық синдромда, бүйрек амилоидозында байқалады. Пациенттен ісінулер қай жерде пайда болып қалай денеге жайылуын және таралу жылдамдығын сурау қажет. Бүйрек ісінулері жүрек ісінулеріне қарағанда көбінесе ертенгісін көз астында пайда болып, кейін аяқтарына түседі, ал өте ауыр жағдайда науқас күп болып ісінеді оны анасарка дейді. Бүйрек ісінулерінде тері бозарып, суық болады. Пациенттер ыңғайлы жағдай іздемейді, ентігу болмайды.
Қалтырау - қызу көтерілуі бүйректің және несеп бөлу жолдарының қабынуының салдарынан болады.
Терінің қышуы - уремия кезінде мочевина кристалдарының тері бездерінің саңылауына жииналуына байланысты болады