ЕГДЕ ЖӘНЕ ҚАРТ НАУҚАСТАРДАҒЫ ФАРМАКОТЕРАПИЯНЫҢ РАЦИОНЛЬДЫ ПРИНЦИПТЕРІ.
7049 топ ЖДТ интерны: Илесова Д.Н
Жоспар:
Кіріспе бөлім
Егде және қарт жаста медикаментозды терапияның негізгі мәселесі.
Дәрілік заттардың фармакокинетиканың жасқа байланысты өзгерістері..
Дәрілік заттардың фармакодинамиксының жасқа байланысты өзгерістері..
Егде және қарт жастағы науқастардың дәрілік терапия принциптері.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
Қазақстанда орташа өмір сүру жасы 65-67 жас, ұзақ өмір сүру көрсеткіштері бойынша біздің ел 153 орында . Егде жастағы адамдардың аурулары теориялық және практикалық медицинаның маңызды мәселесі болып отыр. Ағзаның бейімделу қабілетінің жасқа байланысты үдемелі төмендеуі, оның реактивтілігінің өзгеруі патологияның дамуына ыңғайлы жағдай туғызады. Жас адамдармен салыстырғанда егде жастағы адамдарда (60-74 жас) аурушылдық деңгейі екі есе жоғары, ал қарт жастағы адамдарда (74 жас және жоғары) 6 есе жоғары.
Егде жастағы науқасқа ем жүргізгенде дәрігер алдына айқын қол жетімді мақсат қою керек. Егер жас адамдарда емдеу мақсаты негізгі ауруды емдеу және бұзылған қызметтерді максималды қалпына келтіру болса, ал егде және қарт жастағы науқастарда – симптомдар айқындылығын төмендету және бұзылған қызметтердің орнын толтыру. Емдеуші дәрігер емді өмір сапасын жақсартуға және сақтауға бағыттау керек, ол гериатрияның негізгі стратегиялық тапсырмасы.