Су-ауру қоздырғышы Аурудың белгілері. Диагнозы. Емі және алдын алу шаралар



Дата17.03.2020
өлшемі21,4 Kb.
#60350
Байланысты:
Су-ауру

Тақырып : Жылқы мен түйе су-ауруы (трипаносомоздар)

Жоспар

  1. Су-ауру қоздырғышы

  2. Аурудың белгілері.

  3. Диагнозы.

  4. Емі және алдын алу шаралар

Су-ауру жылқы мен түйенің грансмиссивті протозоидтық ауруы. Трипаносомозбен ауырған малдың дене қызуы көтеріліп, денесінің әр жерінен ісіктер пайда болады, сөл бездері ісінеді, қат- ты арықтайды. Су-аурудың жіті және созылмалы түрлері болады.


Қоздыргышы. Т. ешті - морфологиялық белгілері жагынан басқа трипаносомаларға үқсас (6-сурет). Бүл паразитті әр елде әртүрлі атайды, жалпы оның 15 шақты атауы бар (Т'. сатеіі, Т. зоисіапепхе, Т. піпаекоМі]акі- то\>ае, Т. ециіпит және т.б. ). Паразитті алғаш 1880 жылы Индияда жылқы, қашыр, түйе қанынан тапқан ағылшын ғалы- мы Эванс. Ауруды Индияда сур- ра деп, атайды. Түйе трипано- сомозы көбнесе су маңында шығатын болгандықтан, қазақ халқы мүны су - ауру деп, атаған. Кейіннен бүл атау әдебиетте сақталынып қалды. Паразиттің дене түрқы 2,8-32 х 1,4-28 мкм. Мекені - қан плазмасы. Олар қан ішінде жылдам қозғалады. Трипаносомалар қарапайым жолмен 2-4, ал кейде көп бөлшекке бөлініп, көбейеді. Ауру малдан сау малға қоздырғышты қансорғыш жәндіктер-соналар тасымалдайды.
Эпизоотологиялық деректер. Бүл ауруға жылқы, түйе, есек, қашыр бейім. Сондай-ақ ит, үй қояндары, теңіз шошқасы және ақ тышқандар сияқты зергханалық жануарлар да ауырады.

Су-ауру Орта Азия республикалары мен Қазакстанда кездеседі. Әсіресе Шымкент, Қызылорда, Атырау облыстарында Орал және Сырдария озендері алқаптарында жиірек тіркеледі. Ауру қоздырғышын соналармен қатар шақпа іпыбындар да тасымалдайды. Су-ауру шыбын-шіркей көп батпақты, шалшықсулы, ағынсыз, қара сулары мол жайылымдарда жиірек кездеседі. Жаз бойы су- ауру трансмиссивті жолмен таралып, күзғе таман ауру малдың саны көбейе түседі. Мүндайда су-аурудың жасырын түрімен ауыр- ған жылқы мен түйе инвазияның неғізғі козі болып табылады. Су аурудан арылмаған және мал дәріғерлік-санитариялық шаралар дүрыс жолға қойылмаған шаруашылықта су ауруға түйе көп шал- дығады. Ауру малға дер кезінде ем және жақсы күтім жасау ке- рек, себебі бүл инвазияға шапдыққан мал өздіғінен сауықпайды.



Аурудың белгілері.

Жылқы су-ауруының жасырын кезеңі 2- 3 апта. Алғашқыда байқаусыз дене қызбасы болады. Ауру мал- дың денесі босаңсиды, тәбеті қашады. Денесінің әр жерінде ісік пайда болады. Ісіктер жыныс мүшелері мен аяқтарында да болуы мүмкін. Дене ыстығы көтерілуімен қатар тыныс алуы және тамыр соғуы жиілейді. Ауруға жүйке жүйесі шалдыққан жылқы қозып алға үмтылады немесе сіресіп түрып алады.

Қан қүрамын зерттеғенде эритроңиттердің саны 2-3 млн-ға дейін азайғаны байқалады. Қанда анизоңитоз, пойкилоңитоз, эоози- нофилдер мен лимфоңиттердің көбеюі байқалады.

Қызуы котеріліп, денесі дірілдегі терлейді, кейде жылқы жа- тып алады.

Көбінесе су-аурумен жылқы созылмалы түрде ауырады. Дене қызуы қанда паразит көбейғенде байқапады. Мал тәбеті қашпай және азығы тоуір болса да жүдейді, көзінде ирит және кератит белғілері пайда болады. Кілеғей қабықтары бозарыңқы сарғыш тарткан. Кейде су-ауруға жүйке жүйесі де шалдығады. Жүрісі сенімсіз, жүрғенде мал аяқтарын жоғары көтереді, сүріншек келе- ді. Тәбеті сақталғанмен, кейінірек жылқының бөксе жағы салданып жатып қалады.

Түйе су ауруьшың жасырын кезеці 2-3 апта. Оның жіті және созылмалы түрлері бар. Су-аурудың жі ті түрінде ауық-ауық түйенің дене қызбасы 40°С дейін көтеріледі. Түйе тершең болып, жүргенде тез шаршайды да, көпі жата береді. Сол бездері үлғаяды, оларды қолмен үстағанда мал ауырсынады. Танаудан су, көзден жас ағады. Соңынан ауру созылмалы түрге айналады.

Аурудың созылмалы түрінде түйеиің жүні үрпиіп, үйісіп қала- ды. Мезгіл-мезгіл жүйке жүйесі қозып, түйе айнала береді, аяқтары ісінеді, арықтап, қүр сүлдері қалады. Су аурудың созылмалы гүрі бір жылдай байқалады. Ауру түйе кои жатып, суды көп ішеді. Кейінірек түйенің арт жығы салданып, титықтап барыи өледі. Аурудың бүл түрімен түйенің кәрісі де, жасы да ауырады.
Диагнозы.

Су-ауруға диагноз қойып, анықтау үшін эпизоо- тологиялық деректерді сараптайды, клиникалық белгілерін анық- тап, микроскопиялык және серологиялық зергтеулер жүргізеді. Аурудың клиникалык белгілері әр уақытта айқын бола бермейді. Олардың ішінде көңіл аударатыны: арықтау, түрақсыз қызба, ке- ратит, коньюнктивиг, дененің әр жерінде ісік пайда болуы.

Сондықтан зертханалық зерттеулер шешуші роль атқарады. Шыныға жаққан қан жүғындысын Романовский әдісімен бояп, немесе қан тамшысын микроскоппен қарап, трипаносомаларды іздейді. Паразиттің бір талы табылса болды малдың су-ауруы бо- лғаны. Бірақ микроскопиялық әдіс үнемі нәтиже бермейді. Өйткені ауру малдың қанында паразит түрақты кездеспейді. Сондықтан малдың қан сарысуын серологиялық реакңиялармен тексереді. Жылқының қан сарысуын комплементті байланыстыру реакңиясы- мен, ал түйенікін формалин реакңиясымен тексереді. Ол үшін зерт- телетін малдың 1 мл қан сарысуына 2 тамшы таза формалин ара- ластырылады да термостатқа немесе болмеге бір тәулікке қойыла- ды. Егер, түйе су ауруымен ауырған болса, қан сарысуы желім тәрізді болып үйып қалады, ал мал аурудан сау болса, сарысу күйінде қалады. Реакңия күдікті болса, пробиркадағы сарысу қой- малжыңданып, төмен қаратқанда ақырын ғана ағады. Бірақ бүл реакңияның да диагностикалық қүндылығы оте томен.

Кейбір жағдайларда диагнозды анықтай түсу үшін, биосынама әдісін қолданады. Яғни ауруға күдікті малдың қанын алып, нат- рий ңитратымен араластырып, зертханалық жануарларға егеді. Егер мал ауру болса, онда олардың қанынан 6-15 күн ішінде пара- зит табылады.



Өлекседегі өзгерістер.

Су-аурудан өлген жылқының кілегей қабықтары бозарыңқы, денесінің өр жерінде ісіктер бар. Ішкі мүшелері қангалаған. Жүрек еті босаңсыған, оның іші-сырты қанталаған. Ішектің ішкі қабаты ісінген, қанталаған, ішінде көп шырыны бар. Су-аурудан өлген түйе олексесіндегі озгерістері бүл ауруға тән емес. Өлексе арық, кілсгей және сірі қабықтары бозарыңқы. Лимфа бездері мен талагі үлғайған. Жүрек еті азғындаған, ішіндегі қаны сүйық, нашар үйыған.



Емі. Су-ауруды емдеу үшін азидии дәрісін 3,5 мг/кг мөлшерін- де 7% ерітінді түрінде бүлшық егке арасына 24 сағат салып 2 рет егеді. Ескеретін нәрсе, азидинді буаз гүйелерге егуге болмайды, ойткені олар дәрінің әсерінен іш тастайды. Түйенің су-ауруына қарсы жақсы нәгиже беретін дәрі - наганин мен азидин қоспасы. Алдымен 1,0 г нагининді және 3,5 г азидинді қайнатылған суға 10 - концентрацияда жеке-жеке ерітіп алып, араластырады. Қоспаны ауру малға әр 100 кг тірі салмағына 3,5 мл есебімен тері астына немесе қалың етке егеді.

Шет елдерде түйенің сурра (су-ауру) ауруын емдеу үшін циліеларзан дәрісін 0,25 мг/кг тірі салмағына есептеп бүлшық етке егеді.



Айырықша дәрілерден басқа аурудың белгілеріне қарай малға симптоматикалық ем шаралары қолданылады. Ауру малдың азығы мен күтімін жақсарту шарт. Малды емдегеннен кейін 6 ай оқшау үстап, оларды клиниклық, микроскопиялық және серологиялық зерттеулерден откізу керек. Аурудан жазылмаған малды қайта емдемейді, етке жіберген жөн.


Алдын алу және күресу шаралары. Суауру бар шаруашылықтарды инвазиядан арылту үшін, көктемде, жазда жоне күзде мал басын әр 3 ай сайын, қыста, көктемде және жаз айларында, кемінде 3 диагностикалық әдістермен тексеру керек. Клиникалық белгілсрі бар немесе формалин реакциясы оң нәтиже берген түйелерді бөліп алып, емдейді, ал қалған трипаносомоздан сау малдарды, одан сақтандыру мақсатымен наганин-азидин қоспасымен дауалайды. Ол үшін, наганиннің бір бөлігіне, азидиннің 3,5 бөлігін қосып, 10%-дық суспензия ретінде тері астына егеді. Одан басқа да трипаноңидтік дәрілерді қолдануға болады. Ьірақ, азидин дәрісін буаз інгендерге егуге болмайды, өйткені олар іш тастагі кетеді. Мал басын су-аурдан сақтандыру үшін масасоналары жоқ, су жагалауынан алыс жайылымдарды пайдаланады







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет