Сабақтың түрі: дәріс Студент білу керек


Сұрастыру методы субъективті метод деп



бет8/24
Дата12.12.2021
өлшемі417,2 Kb.
#99707
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24
Байланысты:
3 МС А№4 лекц

Сұрастыру методы субъективті метод деп те аталады. Себебі, әр адам өз ерекшеліктеріне (білім, тіл ерекшелігі, медицинадан хабарлылығы) байланысты шағымдарын, аурудың дамуын т.б өз пікірінше баяндайды. Тіпті аурудың бір белгісін әр адам әр түрлі сипаттайды.

Қалған методтармен анықталатын мәліметтер дәрігердің өзіне ғана байланысты болғандықтан, оларды объективті методтар деп атайды.



Сұрастыру, жоғарыда көрсетілгендей, ауру адамды тексерудегі маңызды тәсілдерінің бірі болып есептелінеді. Бұл метод ауруға байланысты көптеген мәліметтерді еске алуға байланысты болғандықтан (anamnesis еске түсіру) анамнез деп аталады. Сұрастыру методы бірнеше бөліктен тұрады:

  • паспорт бөлімі

  • ауру шағымдары

  • қазіргі (осы)аурудың даму тарихы(anamnesis morbi )

  • науқас адамның өмір баяны (anamnesis vitae)

  • мүшелер бойынша сұрастыру.

Паспорт бөлімі. Паспорт бөліміінде науқас адамның фамилиясы, аты, әексінің аты, жасы, жынысы, ұлты, кәсібі, мамандығы және тұрмыс орны анықталады. Бұл мәліметтердің әрқайсысының өзіндік диагностикалық не емдік маңызы бар.
Аурудың шағымы

Шағым деп науқас адамның өзі сезетін аурулық түйсікті айтады. Шағым негізгі шағым және қосалқы шағым деп екіге бөлінеді.Негізгі не бас шағым әр органның не әр жүйенің ауруына не жарақаттануына тән белгі. Мысалы, тыныс органдарының ауруына тән шағымдар-жөтел, қақырық тастау,ентігу т.б. негізгі шағымдар аурудың пайда болу мәніне сәйкес келеді.

Қосымша шағымдар организмнің патологиялық процеске жалпы биспецификалық реакциясының бейнесін ғана көрсетеді. Бұл шағымдардың сипаттамасы әр түрлі ауруларда бірдей болады. Қосымша шағымдарға мысалы,әлсіздік, дел-салдық, терлеу, ұйқы қашу, кейігіштік т.б. жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет