Байланысты: Зиянды әдеттер темекі шегу, алкоголь, есірткі мен уытты заттар қабылдау.
Зиянды әдеттер: темекі шегу, алкоголь, есірткі мен уытты заттар қабылдау. Жоспар :
1.Зиянды әдеттер 2. Темекі тарту, алкоголь, есірткі және уытты заттардың адам ағзасыназиянды ықпалы
Әдет — бұл, адам үшін орындалмаса болмайтын, орындалуы қажеттілікке айналған, онсыз бәрі ойдағыдай болмайтын іс-әрекет. Зиянды әдеттер — бұл, адам денсаулығына зиянын тигізетін және өз мақсаттарын іске асыруға, өз мүмкіншіліктерін өмірінде толыгымен пайдалануға кедергі болатын әдеттер. Зиянды әдеттердің ерекшеліктері қандай?
Зиянды әдеттер бірқатар ерекшеліктерге ие:
Көбіне зиянды әдеттер, соған ұшыраған адамның денсаулығына жағымсыз әсер ететіндей, айналасындағылардың денсаулығына да әсері бар.
Зиянды әдеттер нәтижесінде, міндетті түрде адамның қалған бар іс- әрекеттерін, оның ісін өзіне бағындырып алады.
Зиянды әдеттердің ерекше белгісі: үйренісіп кету, онсыз өмір сүре алмайтын халге жету.
Никотиннің адамға әсері - аса жағымсыз. Никотин тәжірибеде барлық органдарға әсер етеді, бірақ орталық жүйке жүйесіне, жүрек-қантамырлық, эндокриндік жүйелерге әсері тым жоғары.
Никотин инсульт пен жүрек ауруларына әкелетін тамыр асклерозының өсуіне себеп болады. Никотин тромбтардың пайда болуына себеп болады, канцерогенді (обырдың (рак) өсуіне себеп болатын) әсерге ие. Адам ағзасына тигізетін зиянды әсерінің ең қауіптісі - бұл, келер ұрпақта тек дами беретін жасушаларды мутацияға ұшырататын қабілеті бар.
Никотиннің ағзаға енетін негізгі жолы - бұл өкпе. Никотин және оның басқа компоненттері демді ішке тарту кезінде темекі түтіні кеңірдектен, қолқадан өтіп, альвеоларға түсіп, ол жақтан қанға сіңеді. Бір тартқаннан 8 секундтан соң никотин миға түседі, оның концентрациясы тек темекі тартып болған соң 30 минуттан кейін төмендейді. Никотиннің негізгі метаболизм (алмасу) процессі бауырда, бүйректерде және өкпеде өтеді.
Темекі тартпайтындар темекі тартатындардың ортасында болғанда, темекі тартатын адамдарға қарағанда обырға ұшырау қаупі 20% жоғары және егер де отбасында, пәтерде көп темекі тартылса, темекі шекпейтіндерде обырға ұшырау қаупі 70% артады. Ата-анасы темекі тартатын балалар тыныс ауруларымен, ата- анасы темекі тартпайтын балаларға қарағанда 2 есе көп ауырады.
Никотин жүйке жасушалары үшін өте уытты. Никотиннің аз дозасы өте қысқа уақытта ми қыртысының қозғыштығын күшейтеді, сосын жүйке жасушаларының қызметін басады, олар бірте-бірте әлсіреп, ақыл-ой қызметі мен мидың басқа да функцияларын төмендетеді. Қозу мен тежелу процесстерінің бұзылуы неврозға тән симптомдарды тудырады, олар қатты бас ауруларымен, ашушаңдық, дисфория, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі, ұйқысыздық, бас айналу, абыржулық, саусақтардың дірілдеуімен білінеді. Сонымен, темекі тарту қажеттілігі рақаттану үшін емес, невроз симптомдарын өшіру үшін туындайды.
Никотин жүрек жұмысын жеделдетеді, қантамырларды тарылтады, қан қысымын көтереді. Никотин әсерінен жүрек қызметінің, асқазан, ішек қызметі бұзылуы, т.б. басталады.
Никотин ми тамырларын тарылтатындықтан ми қанмен оттегіні жеткіліксіз алады, сондықтан темекі тартушының ақыл-ой қызметі бұзылады. Темекі тартқанда жүйке жүйесінің перифериялық бөлімі де зардап шегеді, бұл ауырсынулармен, аяқ- қол сезімталдығының (шаншулар, ұю) бұзылуымен білінеді.
Темекі тарту қатты жөтелге, тыныс алудың қиындауына әкелетін қақырықтың пайда болуына себеп болады. Әсіресе таңертеңгі жөтел азапты келеді. Әдетте, темекі тартушыларда қарлыққан, дөрекі дауыс қалыптасады, бұл әйелдер үшін тым жаман.
Алкогольдің зияны
Ең әуелі, алкоголь миға қауіпті, өйткені, басқа органдарға қарағанда концентрациясының аса көп бөлігі осы жерде шоғырланатындықтан миға аса қауіп туғызады. Алкоголь ми қабығының бұзылуына, ұюына және басқа бөлімдерінің бұзылуына әкеледі.
Алкоголь ас қорыту органдарына: өңеш, асқазан, ұйқы бездеріне жағымсыз әсер етеді. Мұнда алкогольдің адам ағзасына әсері, ас қорыту органдарының жасушаларының ішкі қабығының бұзылуына және зақымдануына, тканьдарының
күйіп, солуында; асқазан сөлін шығаратын бездердің атрофияға ұшырауында; инсулин шығарушы жасушалардың жойылуында көрінеді. Бұл, өз кезегінде, қоректік заттардың сіңу процессінің бұзылуына әкеліп соғады, ас қорыту ферменттерінің бөлінуінің азаюы, асқазанда тамақтың іркілуіне әкеледі. Сонымен, алкогольдің денсаулыққа әсері, іштегі күрт ауырсынулармен, асқазан мәселелері, гастрит, қант диабеті, панкреатит, асқазан обыры ауруларымен білінеді.
Асқазан мен ішектен алкоголь қанға түседі және мұнда алкогольдің адам ағзасына жағымсыз әсері жалғасады. Алкоголь, адам қанының жасушалары - эритроциттердің бұзылуына себеп болады. Осының нәтижесінде деформацияланған қызыл қанды денешіктер оттегіні өкпеден тканьдарға (көмірқышқыл газын кері) тасымалдауға, сонымен қатар, басқа да бірқатар функцияларды орындауға қабілетсіз болады. Осының салдарынан алкоголь тұтынушы адам жүрек-қантамыр жүйелерінің ауруларына: ишемиялық ауруларға, атеросклерозға, аритмияға ұшырайды.
Алкогольдің денсаулыққа әсері, сонымен қатар, қандағы қант реттелуінің бұзылуында болады. Бұл қауіпті зардаптарға: диабетті жағдайларға, тамырлар мәселесіне, жүйке жүйесі мен мидың жұмысының бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін.
Жүрек-қантамырлар жүйесі үшін жастар арасындағы көп тараған зиянсыз сусын болып саналатын - сыраны көп мөлшерде тұтыну қауіпті. Бұл өгіз жүрекке әкеліп соғады - оны тағы да сыралық деп атайды, бұл жағдайда жүректің көлемі үлкейіп, көбірек жиі жиырылуға бейім болады. Осыдан - әртүрлі аритмиялар, қан қысымының көтерілуі пайда болады.
Алкогольдің денсаулыққа әсері жүйке жүйесінде де білінеді, соның салдарынан, психикалық уланулардың орталықтарының параличі: зейін мен есте сақтау, қоршаған ортаны қабылдау, ақыл-ой дамуы, ойлау, есірткіге тәуелділіктің пайда болуы, адамның дағдарысқа ұшырау мәселелері.
Алкогольдің алдында, әсіресе бауыр қорғансыз болады. Алкогольдің әсерінен бауыр жасушалары жойылады - олардың орнында тыртық пайда болады, ол бауыр функцияларын орындай алмайды, бұл көптеген зат алмасу бұзылуларына әкеліп соқтырады.
Алкогольдің денсаулыққа әсерінің нәтижесінде көп тараған бауыр ауруы - бауыр циррозы. Көп жағдайда адамдар одан қайтыс болуы мүмкін.
Ақыр соңында, алкогольдің көп дозасы алкогольдік комаға, ажалды нәтижеге әкеліп соқтырады.