Құтыру
Құтыру (Rabies) – жануарлар мен адамдардың өткір өтетін инфекциялық ауруы, клиникалық – анатомиялық жағынан ауыр жүке күйзелісі болатын энцефаломиелит белгілерімен байқалады.
Этиологиясы мен патогенезі: құтырық қоздырушысы – вирус, ол көбіне орталық жүйке жүйесіне шоғырланады, сондай-ақ, сілекей, жас, ұйқы безі және инфекция қақпасының жүйкелік аумақтарында болады. Кейде вирусты церебральді сұйықтықтан, сүттен табады. Зақымдалу тістеу арқылы, кейде вирустың зақымдалған теріге, жаңа пайда болған жараға түсіуі салдарынан пайда болады.
Вирус ағзаға зақымдалған тері арқылы ене отырып, жүйке бағаналарының периневральді кеңістігіне таралады. Бас және жұлынға жете отырып, ол ганглиозды ұлпаларда көбейеді.
Орталық жүйке жүйесіне вирус «құтырық түйіндері» түзілген элементтерімен және ретикулоэндотелиальді жүйенің (РЭЖ) торшаларыныың анық білінетін пролиферативті реакцияларымен сүйемелденетін дистрофияялық, некробиотикалық және қабыну өзгерістерін тудырады. Бұл өзгерістер паренхиматозды ағзалардағы қан айналамының бұзылуына және оларда іркілген құбылыстардың дамуына алып келеді. Орталық жүйке жүйесінің ауыр зақымдалуы және оған байланысты функциональді күйзелістер летальді аяқталу мен жүйкелік симптом кешеннің дамуына алып келеді.
Құтырық кезіндегі патологиялық үрдістер спецификалық емес. Бірақ, әсіресе иттерде анықталатын өзгерістер кешені көп жағыдайда өзгеше. Ашып сою кезінде жүдеуді, ағзалардың, кілегей қабықтардың, серозды қабаттардың цианозы байқалады. Іркілген құбылыстар құрсақ қуысы ағзаларында дамыған. Қан нашар ұйыған, қою-қызыл түсті. Тері, тері қабаты және серозды қабаттар құрғақ. Құрсақ және кеуде қуыстарында, сондай-ақ перикардитте сұйықтықтар жоқ. Ауыз бен тілдің кілегей қабықтарында сұр түсті құрғақ шырыш қабықшаларымен жабылған эрозиялар кездседі.
Сілекей бездері гиперемияланған, ісінген. Өлген иттердің асқазан қуысында бөгде заттар табылады және қалыпты азықтық қоспалар мүлде болмауы мүмкін. Бірақ, ас қазаны жиі бос болады, оның кілегей қабығы ісінген, гиперемияланған, қанталауан, Ішекте (жиі жіңішке ішекте) іркілген және катаральді құбылыстар. Ірі қара малдарда:алдыңғы қарынның азықтық массаларға толуы (атония белгілері),өткір жүректік гастроэнтерит және жұмыршақтың серозды қабығының астындағы кілегей қабықтарында ұсақ қанталаулар болады.
Несеп қабы созылыңқы және несепке толы, кейде бос болады. Бас миында гиперемия, жұмсақ ми қабықшасы мен мидың ісігі, кейде қанталаулар, атап айтқанда мишық пен сопақша миды. Гиперемия мен ісік құбылыстары жұлында байқалады. Аурудың ерте кезеңдерінде өлтірілген жануарларды ашып сойған кезде теріс нәтедие береді.
Гистологиялық зерттеу кезінде құтырықтың негізгі өзгерістері бас миында, жұлында, жүйке ганглиялары мен перифериялық жүйкелерде болады. Бас миының зақымдалуы іріңсіз полиэнцефалиттің дамуымен сипатталады. Үрдіс сопақша мида және аммонды мүйіздерде анық көрінеді. Тамырлар адвентициясында және периваскулярлы лимфатикалық кеңістіктерде торшалық жиналулар пайда болады. Олар негізінен лимфоидты торшалардан тұрады. Аурудың ұзақ уақыттық ағымы кезінде плазмалық торшаларға ие болады. Тамырлардың айналасында муфталар түзіледі. Ганглионарлық талшықтардың айналасындағы глиялардың пролиферациясы дамиды. Бая ағымды жағыдайларда бұл жүйке ұлпаларының ыдырауына және олардың глия элементтерімен арласуына алып келеді (шынайы нейронофагия). Нәтежиесінде өлген торшалардың орындарында «құтырық түйіндері» түзіледі. Аналогиялық көрінісі жұлында байқалады, бірақ қабыну үрдісі таңдамалы сипатқа ие. Бас миына қарағанда, жұлынның сұр затындағы қан құйылулар жиі кездеседі.
Ганглинозды торшалардағы дистрофиялық өзгерістері гидролиздің, вакуолизацияның, пикноздың дамуында және торшаның толық ыдырауы кезінде айқын көрінеді.
Ганглинозды торшалардың цитоплазмасында ерекше анықталатыны – Бабеш Негри денешіктері. Олардың өлшемдері 1-27 микрон.
Олар дөңгелек, сопақ, кейде үш бұрышты, пішіні алмұрт тәрізді болады. Құрылысы күрделі: бүһұлар пішіні әр түрлі базофильді түйіршікті түзілістері болатын, жақсы боялғангомогенді торшалар (жидек, разетка, шар тәрізді және т.б), бұл денешіктер басқа торша ішілік қосылыстардан өзгеше. Спонтандық құтырық кезінде 95 % барлық жағыдайда, басқа жануарларда
75% Бабеш Негри денешіктері кездеседі.
Инкубациялық кезеңде өлтірілген жануарларда Бабеш Негри денешіктері табылмаса, олар ганглинозды торшалардың цитоплазмасының ішінде не сыртында ұсақ денешіктер түрінде кездеседі (кейде ірі, дөңгелек, ацидофильді құрылыссыз гранулалар).
Ацидофильді қосылыстар сау мысықтар мен аммонды мүйіздерде үлкен полиморфтық торшалар түрінде кездеседі. Бірақ бұл денешіктері бар торшаларда пішіні жағынан ауытқулар болмайды.
Кейбір зерттеушілер Бабеш Негри денешігінің денесінле «құтырықтың» қарапайым денешіктері болады деп есептейді.
Бас миы мен жұлындағы ұқсас өзгерістер жұлын және симпатикалық ганглияларда дамиды.
Перифериялық жүйкелерде қабынулы дистрофиялық өзгерістер дамиды. Гистологиялық зерттеу кезінде эндо- және периваскулярлы инфилтраттар анықталады.
Диагнозды патологиялық –анатомиялық ашып союлар мен гистологиялық зерттеулер негізінде қояды.
Орталық жүйке жүйесін міндетті түрде анамнезге есепке алу керек. Гистологиялық зерттеу үшін үлкен жарты шарлардың қабықшасынан, аммонды мүйіздерден, мишық пен сопақша мидан кесекетер кесіп алады. Материалды зертханаға жіберер алдында глицириннің 30%-дық ерітіндісінде бекітеді.Диагноз қою кезінде күмәнді жағыдайлар туындағанда биосынама қояды (қояндарға немесе теңіз шошқаларына жұқтыру).
Достарыңызбен бөлісу: |