Құрметті Білім Алушы! Бүгінгі тақырып: Present Continuous Tense (Present Progressive Tense) — Нақ осы шақ немесе Созылыңқы осы шақ
Present Continuous Tense (Present Progressive Tense) — нақ осы шақ немесе созылыңқы осы шақ — тура әңгіме болып жатқан кездегі іс-әрекеттерді сипаттайды.
Мысалы: I am writing a letter — Мен хат жазып отырмын.
Ағылшын тіліндегі нақ осы шақтың жасалу жолы (формуласы)
to be+Ving
Мысалы: Azat is eating — Азат тамақтанып отыр
Azat — Subject
is — to be етістігі
eating — verb+ing
Ағылшын тіліндегі нақ осы шақ -ing (АйЭнДжи) жалғауының жалғануы арқылы ерекшеленсе, қазақ тіліндегі нақ осы шақ “отыр”, “жатыр”, “тұр” етістіктері арқылы жасалады.
Нақ осы шақтағы сөйлемдердің түрлері
Жай сөйлем: We are playing football.
Сұраулы: Are we playing football?
Болымсыз: We are not playing football.
Достарыңызбен бөлісу: |