Can модальді етістігі айтушының іс-әрекетті істей алу қабілетін және мүмкіндігін білдіреді. Can модальді етістігінің келер шақтағы формасы жоқ, оның орнына келер шақта be able to модальді етістігі қолданылады. Can модальді етістігінің болымсыз түрі can’t немесе cannot. Мысалы: She can speak Chinese, but she can’t speak Japanese. - Ол қытай тілінде сөйлей алады, бірақ жапон тілінде сөйлей алмайды. Сұраулы түрінде модальді етістік бастауыштың алдында тұрады. Мысалы: Can she speak any foreign languages? – Ол қандай да бір шет тілінде сөйлей ала ма?
Can Cannot модал етістігі
Болымды түрі: can [кән, кэн]; болымсыз түрі: can not [кә(э)ннот, кә(э)ннат] немесе cannot; болымсыз түрінің қысқарған түрі: can’t [кәнт, кант]
cannot пен can not екеуінің еш айырмашылығы жоқ. Жазылулары әртүрлі болғанымен, мағынасы бір.
Can модальді етістігі қазақшаға сөзбе-сөз аударылмайды. Мағыналық тұрғыдан қарастырсақ, бір істі, әрекетті істеуге мүмкіншіліктің болуын білдіреді. Қазақ тілінде балама болу ғалайықты деп, “етістік + алу” деген грамматикалық формуланы ереже етуімізге болады. Мұндағы “етістік” дегеніміз етістіктің түбіріне -а, -е, -и, -й жалғауларының жалғанған нұсқасы. Ал “алу” дегеніміз көмекші етісік, жіктеледі (аламын, аласың, алады, …). Болымсыз түрінде “алу” көмекші етістігі “алмау” болып қолданылады. Мысалы: айта алмау, бара алу, келе алу, оқи алу