Сабақтың тақырыбы Өмір танымның көзі Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



бет1/2
Дата13.09.2022
өлшемі22,15 Kb.
#149375
түріСабақ
  1   2


Бұйрығына 7-қосымша


Нысан

Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы республикалық «Жас ұлан» мектебі
(білім беру ұйымының атауы)


Қысқа мерзімді жоспар


Өмір танымның көзі
(сабақтың тақырыбы)



Бөлім:

Таным жолында

Педагогтің аты-жөні

Малкаева Ш.Д.

Күні:

01.09.-04.09.2021ж.

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Өмір танымның көзі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

Жалпыадамзаттық құндылықтар – танымның мақсаты. Адами таным бастаулары.

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың «өмір», «өмір сүру құндылығы», өмірдің мәнін түсіну, адам атына лайықты өмір сүру,өмірге деген құштарлық түсініктерін кеңейте отырып, жалпыадамзаттық сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың барысы



  1. Ұйымдастыру кезеңi.

  2. Тыныштық сәті

Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар! Денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: күн нұры сіздің төбеңізден өтіп кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің хауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп сәуле шашуда. Қолыңыз тек жақсы ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады, аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте бірте қарқын және шұғыланы бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен нұрмын ».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жәймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет