Сабақтың мақсаты: Топырақ өсімдіктерге тамыр жүйесі арқылы енетін барлық қоректік заттардың көзі. Сабақ жоспары



Дата07.02.2022
өлшемі21,93 Kb.
#86252
түріСабақ
Байланысты:
Практикалық жұмыс.№3docx


Практикалық жұмыс №3
Тақырыбы: ТОПЫРАҚТЫҢ ҚОРЕКТІК РЕЖИМІ
ЖӘНЕ ОНЫ РЕТТЕУ
Сабақтың мақсаты: Топырақ - өсімдіктерге тамыр жүйесі арқылы енетін барлық қоректік заттардың көзі.
Сабақ жоспары:

  1. Өсімдік қорегінің басты элементтері

  2. Түрлі топырақтардағы қарашірінді мен жалпы азот қоры

  3. Топырақтың өсімдіктерге түсетін фосфаттармен қамтамасыз етілу шкаласы (100г топырақтағы мг)

  4. Топырақтың ауыспалы магниймен қамтамасыз етілу шкаласы

Өсімдіктерге қажетті азот, фосфор, калий, кальций, магний, күкірт, темір, сондай-ақ басқа да көптеген макро- мен микроэлементтер топырақта сіңімді және сіңірілмейтін формаларда болады. Олардың көпшілігі органика-лық және минералдық қосылыстар түрінде суда ерімейтін, өсімдіктердің қоректенуі үшін онша сіңімсіз және сіңірілмейтін болып келеді. Тек элемент-тердің азғантай бөлігі ғана топырақта еритін тұздар түрінде өсімдіктер қоре-гінің тікелей көзі.
Өсімдік қорегінің басты элементтері – азот, фосфор және калий топы-рақта түрлі күйде болады.
Азот. Оның топырақтағы көзі, бәрінен бұрын топырақ азотының 90%-ын құрайтыны органикалық заттар болып келеді. Бұл элементтің қарашірін-дідегі мөлшері түрлі топырақтарда гектарына бірнеше тоннамен өлшенеді (7-кесте).
Азот топыраққа түрлі жолдармен келеді. Топырақты онымен байыту-дың басты көзі, оған енгізілетін азотты минералдық және органикалық тың-айтқыштар, сондай-ақ өсімдіктер, өлген макро- және микроағзалар қалдықта-ры мен олардың тіршілігінің түрлі өнімдері. Азоттың бірқатар мөлшері (жы-лына 1 гектарға 10-нан 30кг дейін) топыраққа тотықтар түрінде атмосфера-ның жауын-шашынымен бірге келеді.
Топырақ азотпен біршама дәрежеде азотжинайтын ұсақ ағзалар – бұршақты өсімдіктер тамырларында тіршілік ететін түйнек бактериялары тіршілігі нәтижесінде молайтылады.

7-кесте. Түрлі топырақтардағы қарашірінді мен жалпы азот қоры



Топырақ типтері


мен
типшелері



Қабаттардағы қорлар (т/га)





0-20см




0-100см


қарашірінді





азот


қарашірінді



азот





Шымды-күлгінді және күлгін 56 3,6 100 6,6
Сұр орман 104 5,6 175 9,4
Қара-сұр орман 117 6,7 196 14,0
Күлгінденген қара топырақтар 132 7,0 452 25,0
Сілтіленген « 192 9,4 549 26,5
Мықты (типті) « 224 11,3 709 35,8
Кәдімгі « 137 7,0 426 24,0
Қара-қоңыр топырақтар 99 5,6 229 15,2
Сұр топырақтар 41 2,8 93 8,6
Қызыл топырақтар 153 4,7 282 1 0,5
Сонымен қатар, ұсақ ағзалардың жеке топтарының әсерінен топырақта мынандай азотты айналдыратын процестер болады: аммонификаттау, нитри-фикаттау және денитрификаттау.
А м м о н и ф и к а т т а у д а топырақтағы барлық органикалық заттар ыдырайды. Аралық өнім ретінде қарашіріндінің азоттық қосылыстары алына-ды. Олар әрі қарай ыдырап аммиакқа айналады.
Н и т р и ф и к а т т а у д а топырақта түзілген аммиактың көп бөлігін нитрификаттайтын бактериялар пайдаланады да азот қышқылына айналдыра-ды. Ол топырақтың қандай да бір негізімен қосылып топырақ ерітіндісінде өсімдіктер сіңіретін нитраттар (селитралар) түзеді.
Нитрификаттау процесі үшін ылғал, қолайлы температура мен ауа қажет. Дұрыс және уақытылы топырақ өңдеу топырақта азот, сондай-ақ басқа қоректік заттар жинау үшін өте маңызды болып саналады.
Топырақта жиналған нитраттарды топырақтағы өсімдіктер, ұсақ ағза-лар және саңырауқұлақтар пайдаланады. Нитраттар өсімдіктерде көк балау-салар, тамырлар, түйнектерде, әсіресе тұқым түзуге пайдаланылатын ақуыз бен басқа азотты заттарда синтезделеді.
Микробтардың ағзасында да нитраттар ақуыздық заттарға айналады. Биологиялық сіңірудің осындай оң әсері нитраттарды топырақтың жырту қабатынан жуылып кетуден сақтайды. Нитраттарды қорек еткен ұсақ ағзалар, өлгеннен және ыдырағаннан кейін азотты босатады, ол белгілі химиялық ай-налудан кейін қайтадан өсімдік мұрасы (мүлкі) болып шыға келеді.
Нитраттар топырақпен сіңірілмейді және суда өте тамаша ериді. Олар ылғалмен топырақта төменнен жоғарыға қарай және керісінше, жылжып оты-рады. Жаңбырдан кейін нитраттар суда тез ериді және сумен бірге топырақ-тың ылғалданған тереңдігіне дейін түседі. Сонан кейін олар су ерітіндісінде топырақтың бетіне көтеріледі және кепкен кезде қабыршақ түзе алады. Осындай құбылыс көп мәрте қайталанады: оны нитраттардың миграцияла-нуы дейді. Жоғарыға миграцияланғанда нитраттар кейде топырақ бетінде жиналып қалады. Оларды өсімдік тамырларына қарай жылжыту үшін, әсіре-се отамалыларды өсіргенде топырақты үнемі қопсыту қажет.
Д е н и т р и ф и к а т т а у д а топырақта жиналған нитраттар шығындалады. Бұл процесс денитрификаттар – ұсақ ағзалар тіршілігінен туындайды. Микробтар нитраттарды аммиак, тіпті атмосфераға ұшып кететін бос азотқа дейін ыдыратады.
Денитрификаттау топырақта ауа жетіспегенде, сабанды немесе сабаны мол көңді топыраққа жыртып сіңіргенде, ауыр сазды топырақтарда және өте көп ылғал болған кезде күшейіп кетеді. Бұл процесті бәсеңдету үшін ауыр топырақтарда қосымша қопсытулар жүргізу, ылғал жеткілікті немесе ылғалы мол аумақтарда топырақтағы артық суларды жою қажет. Жеңіл топырақтарда натрий селитрасын көктемде себуде және үстеп қоректендіруде берген дұрыс.
Топырақтағы азот мөлшерін органикалық және минералдық (азотты) тыңайтқыштар беру, сондай-ақ негізінен топыраққа көпжылдық (жоңышқа, беде) немесе кейін жыртып тастайтын біржылдық бұршақтарды (бөрібұршақ) егу арқылы атмосфералық азотты мобилизациялаумен толықтыру қажет. Жо-ңышқа мен беденің 1 гектардан 150-200кг азот сіңіретіні белгілі. Оның үштен бірі топырақта қалса, қалғандары оған көң түрінде келеді.
Фосфор топырақта минералдық және органикалық формада 0,005-0,25% шамасында. Ол органикалық формада қарашіріндіде, өсімдік және жа-нуар қалдықтарында болады. Фосфор элементі тау жыныстары – апатиттер мен фосфориттер құрамына кіреді. Олардан тыңайтқыш зауыттырында су-перфосфат пен фосфортит ұнын алады.
Физика-механикалық және химиялық бұзылудың әсерінен фосфоры бо-латын заттар ерітіндіге өтеді және фосфор қышқылы қосылыстарында бірте-бірте өсімдіктер қоректенуі үшін сіңімді түрге айналады.
Бұл процесте ұсақ ағзалардың да рөлі үлкен. Олар ерімейтін фосфат-тарды еритін күйге айналдыратын сірке, сүт, май және басқа органикалық қышқылдар бөліп шығарады. Өлі органикалық қосылыстардағы фосфорды сіңімді формаға айналдыратын да түрлі ұсақ ағзалар.
Бірақ топырақта фосфор қышқылы қосылыстарының өсімдіктерге түсе-тін формаларының түспейтіндерге айналуы да байқалады. Мысалы, топырақ-қа кәдімгі суперфосфатты енгізгенде жеңіл қозғалатын фосфор қышқылы хи-миялық сіңіру әрекетінен өсімдіктерге түспейтін кальций, темір және алюми-нийдің фосфор тұздарына айналады. Бұндай процесс фосфор қышқылының ретроградациясы деп аталады. Егер топыраққа түйіртпекті суперфосфат бер-сек оны бәсеңдетуге болады.
Топырақтың фосфор тыңайтқыштарын қажет етуін химиялық әдіспен анықталатын, өсімдіктерге түсетін (сіңімді) фосфор мөлшері бойынша анық-тайды. Ол үшін 8-кестедегі шкалаларды пайдаланады.
8-кесте. Топырақтың өсімдіктерге түсетін фосфаттармен қамтамасыз етілу шкаласы (100г топырақтағы мг)



Фосфор мөлшері

Кирсанов бойынша



Мачигин


бойынша

топырақ үшін





шымтезек үшін



Өте төмен


Төмен
Орташа
Жоғарылау
Жоғары
Өте жоғары





< 2,5
2,5 - 5,0
5,1 – 10,0
10,1 –15,0
15,1 –25,0
> 25,0





< 5,0
5,1 –10
10,1 - 20
20,1 - 40
40,1 - 60
> 60

< 1,0
1,1 - 1,5
1,6 - 3,0
3,1 - 4,5
4,6 - 6,0
> 60

Топырақтың жылжымалы фосформен қамтамасыз етілуін ескере фосфор тыңайтқыштарының мөлшерін белгілейді.
Калий мөлшері топырақта орташа 1-2% болса, 4-5% шамасында сирек. Ол сазды және саздақ топырақтарда көп болса, құмды, шымтезекті және әкті топырақтарда аз болады.
Калий топырақта көбіне ортоклаз, мусковит, биотит, нефелин сияқты өсімдіктерге түспейтін немесе аз түсетін минералдар формасында болады. Минералдардан, әсіресе соңғы үшеуі химиялық және физикалық бұзылу әсе-рінен бірте-бірте, бірақ өте жәй еритін жағдайға өтеді. Топырақтағы өсімдік-терге түсе алатын калийдің негізгі формасы топырақ коллоидтарының бетін-де адсорбцияланған ауыспалы калий. Оның мөлшері қара және сұр топырақ-тардың 100 граммында 50мг дейін.
Топырақта калийді қатырып жапсыратын немесе фиксациялайтын кері процесс те жүреді. Ол ауыспалы формадан ауыспайтынға өте алады. Фикса-цияға енгізілетін тыңайтқыштың калийі де ұшырайды.
Өсімдікке түсетін калийді анықтау үшін де Кирсановтың әдісін қолда-ну қабылданған. Әдетте, 9-кестедегі түсетін (ауыспалы) калиймен қамтама-сыз етілу шамасы қолданылады. Бірақ топырақтағы ауыспалы калийдің мөлшері өсімдіктердің түсетін калиймен қамтамасыз етілгендігінің толық көрсеткіші бола алмайды, себебі ауыспалы калийден басқа, өсімдік ауыспайтын калийдің де бір бөлігін пайда-ланады. Одан басқа ауыспалы калийдің мөлшері, оны пайдалану барысында ауыспайтын калий есебінен қалпына келе алады.
Калийдің жетіспеуі де, оның молдығы да өнімнің мөлшері мен сапасы-на әсер етеді.

9-кесте. Топырақтың өсімдіктерге түсетін калиймен қамтамасыз етілу шкаласы (100г топырақтағы мг)





Калий мөлшері

Кирсанов бойынша



Мачигин


бойынша

топырақ үшін





шымтезек үшін



Өте төмен


Төмен
Орташа
Жоғарылау
Жоғары
Өте жоғары



< 4,0
4,1 - 8,0
8,1 – 12,0
12,1 –17,0
17,1 –25,0
> 25,0





< 8,0
8,1 –10,0
16,1 – 24,0
24,1 – 34,0
34,1 – 60,0
> 60

< 5,0
5,1 – 10,0
10,1 - 15,0
15,1 – 20,0
20,1 - 30,0
> 30


Магний. Кейбір топырақтар, әсіресе шымды-күлгінді, құм және құмдау-ыттарда магнийдің мөлшері шамалы. Егер оның жалпы мөлшері саздақ топы-рақтарда 1-2% болса, құмдарда ол бар болғаны 0,005-0,1% төңірегінде. Маг-нийдің негізгі бөлігі силикаттарға кіреді және өсімдіктерге түсуі қиын. Суда еритін және ауыспалы магний, оның жалпы қорының 10%-ын құрайды, ал жеңіл топырақтардың 100 граммында оның мөлшері 0,5-2,5 мг. Соның ара-сында магний топырақтан жауынмен жуылып кетеді, өсімдіктермен пайдала-нылады (1 гектардан дәнділер 10-15кг алып кетсе, картоп, беде, қант қызыл-шасы одан 3-5 есе көп құртады).
Магний аммиакты тыңайтқыштар бергенде топырақтан жылдам шетте-тіледі, сондықтан бұл элементті тыңайтқыш беріп толтыру қажет. Ауыспалы магний мөлшері бойынша топырақтың магниймен қамтамасыз етілу дәрежесі
10-кесте. Топырақтың ауыспалы магниймен қамтамасыз етілу шкаласы

Магнийдің мөлшері



MgO (100г топырақта мг)



Өте төмен
Төмен
Орташа
Жоғарылау
Жоғары



< 3,0
3,1- 6,0
6,1- 9,0
9,1- 11,0
> 11,0

және топырақтың магний тыңайтқышын қажетсінуі туралы төрелік етуге бо-лады (10-кесте).
Күкірт. Күкірттің мөлшері қара және қоңыр топырақтарда 0,2-0,5%, шымды-күлгіндіде 0,01-0,1% төңірегінде. Оның біраз бөлігі органикалық заттар құрамына кіреді. Күкірт өсімдіктермен сіңіріледі, сондай-ақ топырақт-ан жуылып кетеді. 1 гектардан оның алып кетілуі 15-25кг құрайды. Оның қо-рын органикалық тыңайтқыштар мен кейбір күкірті болатын минералдық тыңайтқышпен толтырмаса, күкірттің жетіспеушілігі, әсіресе жеңіл топырақ-тарда сезіле бастайды.
Микроэлементтер. Олардың топырақта жетіспеушілігі өсімдіктердің жағдайлары мен өсіп-жетілуінде, өнімділігінде, сондай-ақ малдардың, егер олар қажетті микроэлементтерді жайылымнан ала алмаса денсаулығы мен өнімділігінде көрініп тұрады.
Топырақтарда жетіспеушілігі көбіне сезілетін элементтер қатарына бор, мыс, марганец, молибден, мырыш, кобальт және йодтар жатады.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Жанзақов М. Егіншілік. Қызылорда, «Тұмар» 2010
2. Жанзақов М.М., Мырзабек К.А., Кенбаев Б.Қ. Жалпы егіншілік.Қызылорда, Тұмар, 2005
3. Карипов Р.Х. Практикум по земледелию. Астана, 2005




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет