Аммиак және аммоний тұздары



Дата08.02.2022
өлшемі235,68 Kb.
#121395
Байланысты:
Аммиак және аммоний тұздары
кд каз сайт (1), ІІ.2 Сана және бейсана - Реферат Тақырыбы Сана. Бейсана. Өзіндік сана

Аммиак және аммоний тұздары

NH3

  • Аммиак — түссіз, өткір иісті, ауадан екі еседей жеңіл, тұншықтырғыш газ. Балқу температурасы -77,8°С, қайнау температурасы -33,4°С.
  • Аммиак суда өте ерімтал, 1 көлем суда 700 көлем аммиак ериді. Аммиак суда ерігенде аммиак гидратын NH3·H2О түзеді. Аммиактың судағы ерітіндісі аммиак суы немесе мүсәтір спирті (есінен танған адамға) дәріханада сатылады.

Аммиак оттекпен жанғанда


а) 4NН3 + 3О2 ═ 2N2 + 6Н2О оттегі жетіспегенде
ә) 4NН3 + 5О2 ═ 4NО+ 6Н2О оттегі жеткілікті мөлшерде
  • Аммиакты алудың негізгі өндірістік әдісі оны азот пен сутегінен синтездеу болып есептеледі. Бұл қайтымды және экзотермиялық реакция

  • N2 + 3H2 =2NH3-92,4кДж.

NH3 ҚОЛДАНЫЛУЫ

  • Аммиактан минералдық тыңайтқыштар, дәрі-дәрмектер, қопарылғыш заттар, азот қышқылы және нитраттар өндіріледі, аммоний тұздары алынады (17-сурет). Аммиак төменгі қысымда (0,7—0,8 мПа) оңай сұйылады, ол буланғанда көп жылу сіңіретін қасиетіне сәйкес тоңазытқыш қондырғыларда реагент ретінде қолданылады.

Аммоний тұздары

  • Аммоний тұздары — құрамында аммоний ионы NH4+ және қышқыл калдықтары болатын қатты кристалды, күрделі заттар. Мысалы, NH4CL, (NH4)2СО4, NH4NО3, т.б. Бұл тұздардағы аммоний ионы NH4+ қосылыста бір валентті металл орнына жүреді. Бұл тұздардың бәрі суда жақсы ериді.
  • Аммоний тұздарының барлығы суда жақсы ериді. Оларды қыздырғанда, аммиак бөле ыдырайды. Аммоний тұздары азот қышқылын алуға, тыңайтқыштар өндіруге, қопарылғыш заттар жасауға қолданылады.

Қыздырудың әсері

  • Аммоний тұздарын қыздырғанда, олардың айырылуы кұрамына қарай әртүрлі өтеді. Мысалы:
  • Ерекшелігі — бөлінген аммиак NH3 қайтадан хлорсутекпен әрекеттесіп, сынауықтың суык қабырғасында аммоний хлоридінің майда ақ кристалдарын түзеді. Аммоний тұздарын сілтімен қосып қыздырса, аммиак газы бөлінеді. Газ шығып жатқан түтіктің аузына ылғал қызыл лакмус қағазын ұстаса, ол лезде көгереді. Аммиак газын өткір иісінен де байқауға болады. Бұл әрекеттесу аммоний тұзын анықтауға сапалық реакция болып табылады

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет