Жүректің созылмалы жетіспеушілігінде тағайындалатын дәрілер. Ілмектік диуретиктер



Дата29.09.2023
өлшемі19,64 Kb.
#183059
Байланысты:
Жүректің созылмалы жетіспеушілігінде тағайындалатын дәрілер.


Жүректің созылмалы жетіспеушілігінде тағайындалатын дәрілер.


1.Ілмектік диуретиктер;
2. қазіргі кездегі метаболиктер: триметазидин дихлоргидрат (предуктал), 3-(2,2,2-триметилгидра-зиний) пропионат дигидраты (милдронат), фосфокреатин (неотон) және т.д.
3.Калий және магний препараттары.
Жүректің созылмалы жеткіліксіздігі (ЖСЖ) – жүректің бұлшық етінің жиырылу қабілеті төмендейтін жағдай, организмнің ағзаларына және тіндеріне оттегі мен қоректік заттектерді жүрек жеткілікті мөлшерде жеткізе алмайды.
Созылмалы жүрек жетіспеушілігі
Жүрек-қан айналым жүйесінің созылмалы жетіспеушілігі адам организміндегі патологиялық жағдай.Жүректің созылмалы жеткіліксіздігі кезінде жүрек-қантамыр жүйесі адам ағзасының мүшелері мен тіндерінің қалыпты функциясын атқаруға қажетті қан қан көлемімен қамтамасыз ете алмайды.Жүрек-қанайналым жүйесінің созылмалы жеткіліксіздігінің патогенезінің негізінде жүректің жиырылғыштығының төмендеуі,миокардтың зақымдануы,жүрек қақпақшаларының жеткіліксіздігі,қолқаның,өкпе артериясының саңылауының тарылуы, қан тамырларының зақымдануы жатады.
Миокардтың зақымдануы нәтижесінде жүрек жеткіліксіздігі дамиды.Миокардың зақымдануы миокардит,кардиомиопатияда,диффузды кардиосклерозда,ірі ошақты миокард инфарктында жиі кездеседі.
Жүректің созылмалы жеткіліксіздігінің бастапқы кезеңінде қанайналым жеткіліксіздігі тек физикалық және эмоционалді жүктемеден кейін дамиды,ал тыныштық жағдайда гемодинамикалық көрсеткіштер қалыпты болады.Жүректің минуттық қан айдау көлемі және айналымдағы қан көлемі азайғанда ,систолалық фазаның бұзылысы кезінде гемодинамикалық өзгерістер дамиды.
Жүректің созылмалы жеткіліксіздігі кезінде адам ағзасының мүшелері мен тіндерінде микроциркуляция бұзылысы дамиды , нәтижесі дистрофиялық өзгерістерге алып келеді.Мүшелердегі дистрофиялық өзгерістерге байланысты олардың функциясы бұзылады:өкпелердің диффузиялық қызметі ,дезинтоксикациялық қызмет,бауырда белок пен гликоген түзілуінің бұзылуы және т.б.Бұл бұзылыстар адам ағзасының компенсаторлық реакцияларының іске қосылуын тежейді.
Жүрек-қантамыр жүйесінің созылмалы жеткіліксіздігінің ауыр сатысында ОЖЖ-нің,бүйрек,бауыр,өкпенің бұзылысы айқын көрінеді.
Жүректің –қанайналым жүйесінің созылмалы жеткіліксіздігінің еміндегі негізгі мақсат -зақымдалған жүректің функциональді жағдайын жақсарту,тамырлардың тонусын қайта қалпына келтіру,зақымданған мүшелердің функциясы мен микроциркуляциясын нормализациялау.жүректің созылмалы жеткіліксіздігі кезінде b-адреноблокаторлар кеңінен қолданылады,
b-адреноблокаторлардың антиангиналді және антиишемиялық әсері микардың оттегіге қажеттілігін төмендетуіне негізделген,b-адреноблокаторлар теріс хронотропты және теріс инотропты әсер етеді,сонымен қатар коронарлық қанайналымды жақсартады.

1. Ілмектік - Диуретиктер
Диуретиктер («су таблеткалары») көбінесе тұзды шектеудің өзі сұйықтықтың жиналуын төмендетпесе тағайындалады. Бұл препараттар бүйрекке тұз бен суды кетіруге көмектеседі, несеп түзілуін жоғарылатады және осылайша бүкіл денеде сұйықтық көлемін азайтады.
Ілмекті диуретиктер, фуросемид немесе буметанид сияқты, жүрек жеткіліксіздігі кезінде жиі қолданылатын диуретиктер. Бұл диуретиктер әдетте ұзақ мерзімді түрде ауыз арқылы қабылданады, бірақ төтенше жағдайда олар көктамыр ішіне енгізілгенде өте тиімді. Орташа және ауыр жүрек жеткіліксіздігі кезінде ілмекті диуретиктерге артықшылық беріледі.
Тиазидті диуретиктер, Гидрохлоротиазид сияқты, жұмсақ әсері бар және қан қысымын төмендетуі мүмкін, әсіресе жоғары қан қысымы бар адамдарға тағайындалуы мүмкін.
2. Қазіргі кездегі метаболиктер: триметазидин дихлоргидрат (предуктал), 3-(2,2,2-триметилгидра-зиний) пропионат дигидраты (милдронат), фосфокреатин (неотон) және т.д.
3. Калий және магний препараттары: Аспаркам, панангин,

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет