Жұлынның құрылысы мен қызметі.
Бәріміз білетіндей , жүйке жүйесі дегеніміз адам мен жануарлар ағзасындағы қоршаған ортаға бейімделуін реттейтін жүйе болып табылады. Жүйке жүйесін біз алдыңғы сабақтарда эволюцияның дамуы бойынша 4-ке бөліп қарастырдық. Олар: диффузиялық , сатылы, түйінді және түтікшетәрізді. Ал , біздің тобымыз бүгін адамның жүйке жүйесінің бір бөлігі жұлын туралы баяндайды.
Адамның жүйке жүйесі орналасуы бойынша 2-ге бөлінеді. Олар: орталық жүйке жүйесі және шеткі жүйке жүйесі болып табылады.
Орталық жүйке жүйесі- басты мүшелері жұлын мен ми болып табылады. Орталық жүйке жүйесін қысқартып ОЖЖ деп атай аламыз.
Шеткі жүйке жүйесі-жұлын мен мидан тыс қалған барлық жүйке жасушалары кіреді. Мысалы, асқазан мүшесіндегі жүйке жүйесі жасушалары.
Сонымен қоса , жүйке жүйесі атқаратын қызметі бойынша 2-ге бөлінеді. Олар:сомалық жүйке жүйесі және вегативті жүйке жүйесі болып табылады.
Сомалық-адам басқара алатын мүшелері. Яғни, қаңқа бұлшық еттері, қол және аяғы.
Вегативті немесе автономды-адам басқара алмайтын ішкі ағзалары. Мысалы, асқазан , бүйрек және сол сияқты.
Ал, енді бүгінгі тақырыбымызға сай жұлын туралы сөз қозғасақ.
Жұлын-ОЖЖ ең көне бөлігі болып табылады. Ол омыртқа жотасының өзегінде орналасқан.
Адам жұлыны туралы сөз қозғасақ, ол 31-33 сегменттен және 8 мойын , 12 кеуде , 5 бел , 5 сегізкөзден және 1-3 құйымшақтан тұрады.
Жұлынның құрылысына тоқталсақ, жұлын төменгі және жоғары түбіршектерден , жоғары мүйізден, жұлын өзегінен , жоғары және бүйір бағандардан, жұлын түйінінен, жұлын өзегінен және төменгі бағанадан тұрады.
Жұлынның көлденең қиындысында ақ және сұр зат байқалады. Сұр зат пішіні жағынан қанатын жайған көбелекке ұқсас. Ол жұлынның ортаңғы бөлігінде орналасқан торшалар жиынтығы болып табылады.
Ақ зат жұлын массасының шет жағында сұр затты қоршай орналасады. Ол жұлын түйінінде және сұр затта орналасқан нейрондар аксонынан - үлпекті жүйке талшықтарынан құралған.
Жұлынның 2 қызметі бар. Олар, өткізгіштік және рефлекстік.
Өткізгіштік қызметі-дене мүшелерінде орналасқан ШЖЖ жұлын мен ми арасында импульс беруі.
Рефлекстік-жұлын мен ми қатынасында жауап беруі.
Біз жұлынның 4 басты рефлексін білеміз.
Бұлшық еттер созылуынан пайда болатын сіңірлік рефлекстер.
Тері рецепторларының қозуынан туындайтын рефлекстер.
Ішкі дене мүшелерінің тітіркендіргенде пайда болатын рефлекстер.
Автономды жүйке жүйесі рефлексттері.
Достарыңызбен бөлісу: |