Семинарда бағдарламаға сай дүниетану пәнінен «Дала өсімдіктері мен жануарлары»



бет1/2
Дата22.06.2017
өлшемі2,66 Mb.
#19789
түріСеминар
  1   2
Бастауыш сынып мұғалімі Искакова Д.Б.-ның өзіндік талдауы
Мен Искакова Дамеля Борашевна - бастауыш сынып мұғалімі. Семинарда бағдарламаға сай дүниетану пәнінен «Дала өсімдіктері мен жануарлары» тақырыбында ашық сабақ өткіздім. Еңбек өтілім-22 жыл. Өткізген ашық сабағым 4-ші - сыныбында өтті. Сабаққа 4 - оқушының 4 қатысты. Сынып оқушыларының 2-еуі белсенді. 1-еуі мұғалім көмегін қажет етеді, 1-еуі қанағаттанарлық. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында жеке оқу инновациялық жұмыс түрлері деңгейлікке сай сабақ. Сабағым күнтізбелік жоспарыма сай келеді. Блум таксаномиясы бойынша құрылған.

Тақырыбы : Дала өсімдіктері мен жануарлары

Мақсаты : Далалық белдеу,оның ерекшеліктері, дала өсімдіктері мен жануарлары, ауа райы туралы кең көлемде мағлұмат беру. Қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.          

Нәтижесінде: 1. Оқушы тақырыпқа байланысты нені біле алады,мазмұнға сай нені түсіне алады?

- Дала өсімдіктері мен жануарлар туралы жаңа білім қалыптастырады.


2. Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға байланысты ойды қалай дамыта алады?
- Пікір таласта өзін көрсете алады, мазмұнды зерттей алады, ойын ашық айтуға, еркін ой бөлісуде өз көзқарасын дәлелдеуге үйренеді, деректерді талдап, қорытынды шығарады.

Сабақтың барысы :

1. Психологиялық дайындық. Шаттық шеңбері

2. Білу- Диалогтық әдісті қолдана отырып талдау


  1. Шалғында қандай өсімдіктер өседі?

  2. Шалғында қандай жануарлар тіршілік етеді?

  3. Шалғынды адамдар қалай пайдаланады?

Неліктен адам шалғынды қорғауға алу керек?

3. Түсіну- Сыни тұрғыдан ойлай отырып тапсырманы талқылау.

Картаны пайдаланып Қазақстанның солтүстік бөлігін негізінен далалы аймақ құрайды.   Далалы аймақ 7 облыс жерін алып жатыр, олар: Орал, Ақтөбе, Қостанай, Көкшетау, Павлодар, Астана, Қарағанды (картадан көрсету), яғни Қазақстан жерінің 29-30% — ға жуығы далалы аймақ.Далалы аймақ үшін  ауа-райы қатаң,қысы суық,ұзақ, аяз, қардың қалындығы 20см болып, 140-160 күн жатады.Ал жазы керісінше ыстық, құрғақ болады, ауа температурасы жоғары болатынын түсіну.

4. Қолдану- Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану

Презентация арқылы дала өсімдіктері, жануарлары жайында ақпарат, қызықты мәліметтер айтылып, әрқайсысына түсінік берілді.

Жоғарыдағы көрсеткіштерді пайдалана отырп диаграмма құрастырыңдар.

5. Талдау- Дарынды және талантты оқушылармен жұмыс

«Тасбақа» тапсырмасы: Далада тіршілік ететін бір өсімдікті не жануарды таңда. Ол туралы толық айтып берді. Дайындық барысында дәптерін қолданды.

6. Көшбасшылық қабілеттерін анықтау.

1. Дала өсімдіктеріне не жатады?

2. Дала жануарларын атаңыз?

3.Аңдар мен құстар немен қоректенеді?



  1. Дала неше түрге бөлінеді?

7. Бағалау.

Топ жетекшісі бағалау парағы негізінде қорытынды шығарып топтағы оқушылардың жұмыстарына баға береді.



Сабақтың қорытындысына келетін болсам :

Оқушылардың білімі бағаланды.Үйге тапсырма берілді. Сабақтың өту барысы бойынша өз мақсатыма жеттім.



Тексерілді:



Оқу ісінің меңгерушісі: З.К.Сагнаева



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет