6. ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
6.23.1. Тақырып. «СЫРТҚЫ ТЫНЫС ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»
6.23.2. Сабақтың мақсаты:
-
сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің этиологиясы мен патогенезі сұрақтары бойынша білім қалыптастыру
-
тақырып сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізу машықтық дағдысын қалыптастыру
-
3 тілде глоссариймен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру
6.23.3.Оқыту міндеттері:
-
Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің вентиляциялық, перфузиялық, диффузиялық түрлерінің этиологиясы мен патогенезі бойынша білім жетілдіру
-
тақырып сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізу коммуникативті дағдысын жетілдіру
6.23.4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
-
Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің анықтамасы. Патогенезіне, зақымданған орнына, қанның газдық құрамының өзгеруіне қарай сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің түрлері
-
Өкпе вентиляциясының бұзылыстары, себебі, патогенезі. Гиповентиляцияның обструктивні түрі. Жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының обструкциясының себептері, патогенезі, өкпе көлемдерінің өзгерістері. Стоматологиялық аурулар мен іс-шаралардағы тыныс жолдарының бітелуі.
-
Өкпе гиповентиляциясының рестрикциялық түрі, өкпеішілік, өкпеден тыс себептері, патогенезі, өкпе көлемдерінің өзгерістері.
-
Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің диффузиялық түрі. Ұяшық-қылтамырлық мембранадан газдардың диффузиясының бұзылу себептері, механизмдері.
-
Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің перфузиялық түрі. Өкпелік гипертензия мен гипотензиялардың себептері мен даму тетіктері. Вентиляциялық-перфузиялық арақатынастың бұзылыстары, тыныс жеткіліксіздігі патогенезіндегі маңызы
-
Сыртқы тыныс реттелуінің бұзылыстары (тыныс орталығының, афферентті, эфферентті тетіктердің зақымдануы), этиологиясы, патогенезі.
-
Тыныс ырғағы, жиілігі, тереңдігі бұзылыстарының тетіктері және себептері. Брадипноэ, тахипноэ, гиперпноэ, апное. Үзілістік тыныстар, ақтық тыныс түрлері.
-
Ентігу, анықтамасы, даму тетіктері. Ентігудің түрлері, патогенезі
-
Тұншығу туралы түсінік, себептері, сатылары және олардың патогенезі.
-
Респираторлық дистрес –синдромы, этиологиясы мен патогенезі
6.23.5.Оқыту мен сабақ жүргізудің тәсілдері:
Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша студенттер арасында оқытушының қатысуымен және бақылауымен пікірсайыс.
Достарыңызбен бөлісу: |