6. ТӘжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұСҚАУ



бет2/8
Дата11.01.2022
өлшемі265,5 Kb.
#110975
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
такырып 12

ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС

1 тапсырма. Кейс-стади

1 есеп. Науқастың өкпесінің желдетілу қызметін зерттеу барысында келесі өкпелік көлем мен сыйымдылық анықталды: ТК↓, ТМК↑, даРК↓, ӨТС↓, ӨЖС↑ ,ӨҚК↑, ҚДШ1↓, Тиффно индексі↓. Қай дертке осындай көрсеткіштер тән?


  1. Науқастың өкпесінің желдетілу қызметін зерттеу барысында келесі өкпелік көлем мен сыйымдылық анықталды: ТК↓, ТМК↑, даРК↓, ӨТС↓, дшРК↓,ӨЖС↓ ,ӨҚК↓, Тиффно индексі - 90%. Дерт түрлерінің қайсысына көп жағдайда осындай көрсеткіштер тән?

2 есеп. Науқаста бронх демікпесінің ұстамасы дамыды. Ол ауаның қатты жетіспеушілігін сезініп, иығын көтеріп мәжбүр түрде отыр. Тынысы шулы, дем шығару фазасы қиындаған. Тыныс алғанда қосымша тыныстық бұлшықеттер қосылады. Ұстаманың соңында жабысқақ қақырық пайда болады.

1. Науқаста патогенезіне және қанның газдық құрамына сәйкес тыныс жеткіліксіздігінің қай түрі дамыды?

2. Науқаста ентіктің қай түрі дамыды, патогенезін түсіндіріңіз.

3. Патогенездік емдеуді ұсныңыз.

3 есеп. Науқас К., 32 жаста, клиникаға «Қауырт пневмония» диагнозымен келді. Ауру аяқ астынан басталды. Басы ауырып, діріл пайда болды. Дене қызымы 390С. терең тыныс алғанда кеудесі ауырады. Жөтелгенде іріңді қақырық бөлінеді. Тынысы минутына 30 рет. Қанында нейтрофильдік лейкоцитоз, ЭШЖ 20 мм сағатына.

1. Науқаста патогенезіне және қанның газдық құрамына сәйкес тыныс жеткіліксіздігінің қай түрі дамыды?

2. Науқастағы тыныс өзгерісінің патогенезін түсіндіріңіз.

3. Қақырықты тексергенде не анықталады? лейкоцитоза бен ЭШЖ жылдамдауының патогенезін түсіндіріңіз.

4. Этиотропты және патогенездік емін ұсыныңыз


4 есеп. Науқас Ж., 21 жаста, суицид жағдайында барбитураттың көп мөлшерін қабылдап, жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жеткізілді. Қабылдау бөлімінде АҚҚ 95/65 мм.с.б.б., тамыр соғысы минутына 105 рет. Артериялық қанның газдық құрамы анықталды.

  1. Науқаста патогенезіне қарай тыныс жеткіліксіздігінің қай түрі дамыды?

  2. Артериялық қанның газдық құрамы мен рН шамасы қалай өзгереді?

  3. Сыртқы тыныс реттелуін бұзатын себепті атаңыз.

  4. Патогенездік емдеу тәсілін ұсыныңыз..



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет