ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАР
№ 1 тапсырма. Кейс-стади.
№ 1 есеп. Зимницкий сынауын сараптап, клиренсті есептеңіз. Егер қан сары суында креатинин 6,9 мг/л (қалыпты жағдайда 12-14 мг/л), зәрде – 520 мг/л (қалыпты жағдайда 200-500 мг/л).тәуліктік диурез – 950 мл. С= U зәр/ P плазма х Vзәр (мл/мин) өрнегін қолданыңыз.
Зимницкий сынауын сараптаңыз:
Уақыты
|
Зәр мөлшері
|
Зәрдің сал. тығыздығы
|
9
12
15
18
21
24
3
6
|
80
100
70
80
150
200
100
150
|
1030
1020
1025
1020
1021
1025
1025
1032
|
Бүйректің қызметі туралы қорытынды жасаңыз.
№ 2 есеп. Науқасқа 52 жаста, 12 жыл бойы созылмалы гломерулонефритпен ауырады. Дәрігерге соңғы кездері пайда болған күндіз ұйқышылдыққа, түндегі ұйқысыздыққа, тез шаршағыштыққа, бұлшықет әлсіздігіне, апатияға, төс артындағы және эпигастр аймағындағы ауырлық сезіміне, жүрек айнуы, іш өтуі, терісінің қышуына шағымданды.
Тексергенде: АҚ 165/95 мм.с.б., жүрек шекараларының солға кеңейгені, жүректің барлық жағынан перикардтың үйкеліс шуы естіледі. Қан талданымы: анемия, лейкопения; айқын азотемия, гипо‑ және диспротеинемия, эндогенді креатинин клиренсі 45 мл/мин.
Зәр анализі: Тәуліктік диурез – 450 мл. Тығыздығы 1029, протеинурия. Зәр тұнбасының микроскопиясында: көру аймағында біріндеген эритроциттер, лейкоциттер көп мөлшерде, түйіршікті цилиндрлер аздап кездеседі. ҚСҮ көрсеткіштері: рН 7,32; зәрдің титрлік қышқылдығы төмендеген.
Клиникалық-зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптаңыз?
Науқастағы жағдай қалай аталады?
Берілген жағдайдың симптомдарының патогенезін көрсетіңіз
Глоссарий
1
|
Клиренс – уақыт бірлігінде қандай да бір заттан бүйректермен тазартылған рлазманың көлемі
C = (U/P) x V; С – клиренс; U - заттың несептегі мөлшері; P - заттың қан сары суындағы мөлшері; V –минуттық диурездің көлемі.
Дені сау адамда эндогенді креатинин клиренсі бойынша шумақтық сүзілу жылдамдығы 80 – 120 мл/мин құрайды.
|
Клиренс - объем плазмы, очищенный почками от какого-либо вещества в единицу времени
C = (U/P) xV; С – клиренс; U - концентрация тест-вещества в моче; P - концентрация тест-вещества в плазме крови; V – величина минутного диуреза
Скорость клубочковой фильтрации у здорового человека по клиренсу эндогенного креатинина составляет 80 – 120 мл/мин
|
Clearance – is the volume of plasma cleared from any substance per minute
C = (U/P) x V; С – clearance; U - concentration of the test - substance in urine
P - concentration of the test - substance in plasma of blood; V - minute diuresis
|
2
|
Тубулопатиялар – өзекшелер қызметінің бұзылыстары
|
Тубулопатии - нарушение функции канальцев
|
Tubulopathy - impairment of tubular functions
|
3
|
де Тони – Дебре –Фанкони синдромы - бүйректің проксималды өзекшелері қызметібұзылуынан глюкоза, фосфат, гидрокарбонаттардың кері сіңірілуі бұзылуымен сипатталатын тұқымқуатын тубулопатия.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |