Азот қышқылын өндіру әдістері



бет1/4
Дата25.12.2022
өлшемі1,41 Mb.
#164350
  1   2   3   4
Байланысты:
Азот.Әлімбетова

Азот қышқылын өндіру әдістері

Орындаған: Әлімбетова Зарина

Азот қышқылын өндірудің бірнеше әдістері бар: 

  • Селитрадан алу. XVII ғасырдың ортасынан бастап, ХХ ғасырдың басына дейін, 2,5 ғасыр бойы, күллі жер жүзінде азот қышқылын алудың әдісі, натрий селитрасын концентрленген күкірт қышқылымен араластырып қыздыру (Глаубер) әдісі болды. NaNO3+H2SO4=NaHSO4+HNO3
  • Ауадан алу. 1905 жылы Норвегия елінде (Беркиланд) пен (Эйде) ауадағы азот пен оттекті қосып, азот қышқылына айналдырудың технологиялық әдісі табылды. Мұндағы химиялық реакциялар: Азот пен оттек 12000С жоғары температурада (электр ұшқынында) тепе-теңдік оңға қарай ығыса береді (Кавендиш, 1785): N2+O2  2NO-103 кДж
  • Азот қостотығы суға ерігенде сумен реакцияласып, азотты қышқыл және азот қышқылын түзеді:
  • 2NO+H2O=HNO2+HNO3+116 кДж

Азотты қышқыл тұрақсыз болғандықтан, лезде айырылып кетеді:

  • 3HNO2=HNO3+ H2O-76 кДж
  • Сондықтан азот қостотығының сумен әрекеттесуі іс жүзінде мына теңдеу бойынша жҥреді: 3NO2+H2O=2HNO3+ NO +136 кДж
  • Электрлік доғаның жалынын екі күшті электромагниттің арасына орналастырса, онда жалын, диск тәрізді дөңгелек түрге келеді. Осы мақсатқа қолданылатын доғалардың дисктерінің диаметрі 3 м-ге жетеді, енді осыны арнаулы пештерге орналастырып ішіне ауа үрлейді, пештің ішінің температурасы 3000-35000С болады. Соның өзінде пештен шығатын газдарда 2-3% азот оксиді болады. Бұл газдар қоспасын 1000-15000С дейін суыту процесінде, ондағы азот оксиді оттекті қосып алып қостотыққа айналады, оны суға сіңіріп азот қышқылына айналады. Бұл әдіс электр энергиясы арзан жерде болмаса, өте қымбат әдіс болғандықтан, қолданудан қалып келеді.

Аммиакты тотықтырып алу.

  • Азот қышқылын аммиактан алудың негізін салушы инженер И.И.Андреев. 1914 жылдан бастап, Донбаста көмір кокстегенде шығатын аммиакты тотықтырып азот қышқылын алуға болатындығын дәлелдеп, 1917 ж. Юзовкада (қазіргі Донецк) бірінші зауыт салынды. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет