Сұйытылған азот қышқылын аммиактан өндіруге өндірісте үш технологиялық процесті қолданады:
1. Атмосфера қысымында
2.Көтеріңкі қысымда
3.Құрастырылған
Аммиакты атмосфера қысымында тотықтырып, азот (ІІ) оксидін көтеріңкі қысымында тотықтырып, түзілген азот диоксидіне сол қысымда сумен абсорбциялайды. 6- суретте азот қышқылын атмосфералық қысымда өндірудің технологиялық сұлбасы көрсетілген. Ауа тозаңдардан тазартылып, аммиакпен араласып (10:1), контакт аппаратына келіп, 8500С температурадағы нитроз газы утильдеу қазанына келіп, су буын өндіріп температурасын 2500С-ке дейін төмендетеді, нитроз газы келесі салқындатқышқа келіп, 300С дейін салқындап, нитроз газының құрамындағы су буы конценсацияланып азот (ІІ) оксидінің диоксидке тотыққан түрі мен әрекеттесіп сұйытылған азот қышқылын түзеді. Газ күйінде қалған нитроз газдарын газ үрлегіш абсорбциялау мұнарасына жібереді, ең соңғы абсорциялау мұнарасы жоғарғы жағынан сумен суғарылады. Бірінші мұнарадан өнім шығарылады. Абсорциялау мұнараларында азот оксидінің қышқылға ауысу дәрежесі 92% шамасында. Азот оксидтері адсорбцияланғанда реакцияға қатыспаған инертті азот (ІІ) оксиді бөлінеді, осы себептен абсорбциялау мұнараларының соңынан тотықтырғыш мұнара орнатылады, осы соңғы мұнарада азот (ІІ) оксиді диоксидке тотығады. Тотығу мұнарасынан шыққан газ қоспалары атмосфераға шықпастан бұрын азот оксидтерін сода ертіндісімен сорып нитрит – нитрат сілтішесіне айналдырып мұнараның төменгі шетінен шығарып алынады. Сода ертіндісінің орнына көбінесе күйдіргіш натр немесе сөндірілген әк қолданылады: NO+NO2+ Na2CO3=2NaNO2+CO2