Орындаған:СайлауовНұрсұлтан ТФП 1009 Тақырып:Тыныс алу,сыртқы тыныс алу Курс:1
Тыныс алу — ағза мен қоршаған орта арасындағы газ алмасу үдерісі. Құнарлы заттардан энергияалу үшін оттегі қажет. Сондықтан тыныс алу үнемі жүзеге асып тұруы тиіс. Тыныс алу жүйесінің орталық мүшесі - өкпе. Одан басқа ауа жолдары: мұрын қуысы, ауыз қуысы, аңқа, жұтқыншақ, көмей, кеңірдек және ауа тамырлар қажет. Ауа тарататын барлық жолдар ішкі жағынан кірпікшелі эпителиймен астарланған, ол кірпікшелердің қимылымен қатты тозаң бөлшектерін шығарып тастайды. Мұрын қуысы қан тарату қылтамырларымен мейлінше жабдықталған және оны иіс сезу рецепторлары бар сілемейлі, кірпікшелі эпителий астарлайды. Сондықтан ауа мұрын қуысында шаң мен ұсақ ағзалардан тазартылып, дене температурасынқабылдайды, оның иісін анықтайды.
Тынысалу негізінен бес кезеңнен тұрады: сыртқы тынысалу - ауадағы газдарды (атмосферадан) өкпеге әкеліп, өкпеден (тотыққан) қайтадан атмосфераға шығарып тұру;
өкпе көпіршіктеріндегі (альвеолалардағы) газдар мен қан құрамындағы газдардың алмасуы;
газдардың өкпеден тінге, тіннен өкпеге қан ағынымен тасымалдануы;
тін мен қан арасында газ алмасуы;
ішкі тынысалу - жасуша құрамындағы органикалық заттардың тотығуы. Бұл - биохимиялық үрдіс. Тынысалудың алғашқы 4 кезеңін физиология, соңғысын биохимия зерттейді.
Сыртқы тыныс.Демалу және демшығару механизмі. Сыртқы тынысалу, яғни газ-дардың ауадан өкпеге өтуі, өкпеден қайта атмосфераға шығарылуы екі кезеңнен: демалу (инспирация) және демшыгарудан (экспирация) тұрады. Инспирация мен экспирация тірі организмде өзара жымдасыпі үйлесім тапқан, өмірі бойы бірінен соң бірі кезекпен келіп алмасып отырады. Ауаны өкпеге тартып алып, ондағы газ алмасуына қатысқан ауаны тысқа шығару үшін өкпе біресе ұлғайып (кеңейіп), біресе тарылып тұруға тиіс. Бірақ альвеола (alveola - ұяшық) қабырғасында ет талшықтары болмағандықтан өкпе кеңейіп не тарылып көлемін өзі өзгерте алмайды, бұл үрдіс көкірек қуысының ұлғайып-тарылуына байланысты. Өкпе сыртындағы ауамен қатыспайтын көкірек қуысында орналасқан. Сыртынан өкпе висцеральдық (авзалық) және пари-тальдық (жақтаулық) екі қабықпен қоршалған.
Адам демді ішке тартқан кезде инспирация еттері жиырылады да, көкірек қуысын кеңейтеді: көкет (диафрагма) жиырылады, оның күмбезі жазылып 1,5 см төмендейді. Сөйтіп көкірек қуысы жоғарыдан төмен қарай кеңиді, сыртқы қабырғааралық және шеміршекаралық еттер тартылып, қабырғаларды жоғары қарай көтереді, осы кезде төс алға қарай ығысады да солдан оңға, оңнан солға және арттан алға қарай көкірек өлшемдері ұлғаяды, сөйтіп көкірек кеңейеді. Көкірек қуысының тарылуы экспирация (дем-шығару) еттері, яғни ішкі қабырғааралық еттердің жиырылуына байланысты. Дәл осы кезде альвеолаларда ауа қысымы күшейеді де, мұндағы ауа өкпеден сыртқа қарай ығысады. Қаттырақ, яғни терең дем алған сәтте, қосымша (көмекші) тынысалу еттері бұл үрдісті күшейте түседі.