Тыныс алудың реттелуі а) тыныс орталығы, оның орналасуы б) тыныс орталығының тонусы в) тыныстың рефлекстік өзін-өзі реттеуі, тыныс фазаларының алмасу механизмі
Тыныс алу – оттегіні ағзалар мен ұлпаларға жеткізу, оның жасушалардағы тотығу үрдістерінде пайдаланылуы, сондай-ақ организмнен көмір қышқыл газын шығару үрдістерінің жиынтығы.
Сыртқы тыныс алу көкірек қуысы көлемінің өзгеруі арқасында жүзеге асады. Өкпе оның соңынан дем алғанда кеңейіп (инспирация) және дем шығарғанда (экспирация) тарылып пассивті түрде ілесіп отырады.
Негізгі инспирация еттері:
Көкет.
Сыртқы қабырға аралық еттер.
Шеміршек аралық еттер.
Қосымша:
Тіс тәрізді еттер.
Көкірек-бұғана-емізік еттері.
Трапеция тәрізді еттер.
Үлкен және кіші көкірек еттері.
Негізгі инспирация еттерінің жиырылуы нәтижесінде көкірек қуысының көлемі фронталдық, сагиталдық және вертикал бағытта ұлғаяды.
Осылайша, дем алу – белсенді үрдіс.
Жай дем шығару пассивті жүреді, инспирация еттері босаңсиды, көкірек қуысы тарылады. Белсенді дем шығаруда экспирация еттері қатысады:
Құрсақ еттері (ішкі және сыртқы қиғаш, тік және көлденең құрсақ еттері).