1. Бұлшық еттер туралы ілім (миология) Біріңғай салалы және көлденең жолақты бұлшық еттер



Дата26.09.2023
өлшемі20,66 Kb.
#182554
Байланысты:
file-9257 14
1514446598, 1515664419

Дәріс №8. Бұлшықеттердің құрылысы, маңызы, тұлғаның және кеуденің бұлшықеттері. Иық белдеуі және қолдың еркін қозғалатын сүйектерінің бұлшықеттері мен шандырлары.
Жоспар:
1.Бұлшық еттер туралы ілім (миология)
2.Біріңғай салалы және көлденең жолақты бұлшық еттер.
3.Бұлшық еттердің құрылысы, пішіні, қосымша мүшелері.
4.Тұлғаның бұлшық еттері: көкірек, құрсақ және арқа бұлшық еттері.
5.Иық белдеуі және қолдың еркін қозғалатын сүйектерінің бұлшықеттері мен шандырлары.
Бұлшық еттер тірек қимыл аппараттарының негізгі бөлігі. Бұлшық еттің жұмысы оның жиырылғыштық қасиетінде. Бұлшық ет жұмысы жүйке жүйесімен реттеледі. Егер бұлшық еттер жиырылған кезде дене, бір орыннан екінші орынға ауысса динамикалық, ал егер бұлшық ет жиырылғанда, дене қозғалыссыз қалса-статикалық жұмыс деп атайды. Бұлшық еттер пішініне қарай әр түрлі қызмет атқарады. Оларың күші көлденең қимасына яғни ет талшықтарының санына олардың қалыңдығына байланысты өтеді.
Адам денесіндегі бұлшық еттер: 1) біріңғай салалы және 2)көлденең жолақты (қаңқа) 3) жүрек бұлшық етінен тұрады. Біріңғай салалы еттер ішкі мүшелердің тамырлардың және терінің құрамында кездеседі. Бұл ұлпа жалпы еріксіз жиырылып, ішкі мүшелердің толқынды қимылын, қан тамырларының кеңейіп таралуын қамтамасыз етеді. Еріксіз жиырылатын еттерге жүрек бұлшық еті де жатады.
Бірыңғай салалы бұлшық еттің функциональды өлшемі-миоцит тобы. Бірыңғай салалы ет ұлпаның құрылыстық бірлігі болып миоцит клеткалары, ал қызметтік бірлігі болып миоцит тобы саналады. Миоцит дәнекер ұлпадан қоршалған олар жүйке талшықтарынан нервтеліп, ол жерде жүйкелер қозуы бір жасушадан екінші жасушаға жасушааралық тиіспемен беріледі. Миоциттер жіңішке актин, жуан миозин және аралық филаменттерден тұрады. Еттің жиырылуы осы актин және миозин филаменттің сырғанауына байланысты. Бүкіл дене бұлшық еттері көлденең жолақты бұлшық еттер адамның еркіне байланысты денені қозғап жүргізеді, теңдікті сақтауға қатысады т.б. қимыл қозғалыстары осы ерікті жиырылатын көлденең жолақты ет қызметіне байланысты. Сонымен бұлар бірыңғай салалы ет ұлпасынан айырмашылығы ерікті жиырыла алады. Әрбір бұлшық ет талшықтарын жүйке ұштығы қамтыған. Бұлшық ет саркоплазмасы миоглобин белогына бай. Миоглобин, гемоглобинге ұқсап оттегін байланыстырады. Бұлшық ет талшығының пішініне және саркоплазмалық миоглобиннің мөлшеріне қарай-күрең қызыл, ашықтау және аралық бұлшық ет талшықтары болады. Саркопазмасы көп талшықтар қызарып баяу жиырылады, ал саркоплазмасы аздарының ақшылданып өте тез жиырылатын қасиеті бар, бірақ тез шаршайды. Бірыңғай салалы бұлшық еттер баяу жиырылса да өте күшті жиырылады. Барлық бұлшық еттерді жүйке талшықтарымен қамтамасыз етіледі.
Бұлшық еттердің құрылысы, пішіні, қосымша мүшелері.
Қаңқа бұлшық еттері жұп және тақ болып сүйектерге жабысып тұрады. Қаңқа бұлшық еттері бірнеше қабат болып жатады. Әрбір бұлшық еттің ортасын-денесі, ал екі шетін сіңірі дейді. Бұлшық ет құрамының 75-і су және 25-і тығыз заттан (белок, май, көмірсу, тұздардан) тұрады. Бұлшық ет майда миофибриялардан (ет талшықтары) түзілген. Олар ядродан және сыртын қаптап жатқан сарколемма деген қапшықшасы болады. Миофибриялар бірігіп, жеке жиырыла алатын бұлшық ет бөліктерін құрайды. Олардың әрқайсысы дәнекер тканінен тұратын кілегей қабықшасымен қапталған.
Қаңқа еттері мүше ретінде көлденең-жолақты ет талшықтары бірігіп, олар дәнекер ұлпа қабықшасымен қапталған, оны эндомизия дейді. Егер олардың бірнешесі бірігіп жуандау будалар құраса, оларды онда перимизия дейді, ал жалпы бұлшық ет тығыз қабықшамен қапталса-эпимизия немесе фасция дейді. Бұлшық еттердің түсі оның жұмысына қарай қызыл және боз (ақшыл-қызғылт) болады. Егер бұлшық ет көп қызмет ететін болса қанның көп келу нәтижесінде күрең қызыл, ал аз жұмыс істесе ашықтау келеді. Бұлшық еттің түсі жасқа қарай өзгереді. Мысалы: жаңа туған нәрестеде ашық қызыл болады. Өйткені ересек болған сайын, қимылдау жұмысының артуы мен күрделенуіне байланысты қызыл бола бастайды. Бұлшық еттер негізінде сіңір арқылы сүйекке жабысады бірақ кейбір бұлшық еттер екінші ұшымен теріге, сіңірге, бұлшық етке, шеміршекке бекуі мүмкін.
Бұлшық ет жиырылған кезде бір ұшы тұрақты қалады, оны бұлшық еттің басы дейді, ал қозғалатын ұшын құйрығы не ұшы дейді.
Пішіні: Бұлшық еттердің пішіні мен көлемі және бұлшық ет талшықтарының бағыты оның атқаратын жұмысына тығыз байланысты. Сол себептен пішіні әр түрлі. Оларды жай, күрделі және қауырсынды бұлшық еттер деп 3 топқа бөлуге болады.
Жай бұлшық еттерге ұзын, қысқа, жалпақ, сақина тәрізді, дөңгелек бұлшық еттер жатады. Ұзын бұлшық еттер қол-аяқта кездеседі. Олардың орталығы жуан болып қарынға, ал екі ұшы жіңішкеріп тарамысқа немесе сіңірге айналады. Оның дистальді ұшын басы, ал прокисамальды ұшын құйрығы дейді.
Қысқа бұлшық еттер омыртқа жотасының бойында, қол-аяқ басында.
терең орналасқан. Жалпақ бұлшық еттерге көбіне тұлға бұлшық еттері жатады. Мысалы: құрсақ, арқа, көкірек бұлшық еттері жалпақ бұлшық еттердің сіңірлері жалпақ болып бірігеді. Оларды апоневроз дейді.
Сақина тәрізді бұлшық еттер денедегі табиғи тесіктердің айналасында орналасқан. Мысалы: ауыз, көз, қуық, тік ішектің сыртқы тесігіндегі дөңгелек бұлшық еттер өздерінің ет талшықтарының жиырылуы нәтижесінде оларды тарылтады. Сондықтанда оларды қысушы бұлшық еттер деп атайды.
Күрделі бұлшық еттерге екі басты, үш басты, төрт басты, екі қарынды және сіңірлі құйрықтары бұтақталып бірнеше сүйектерге барып бекитін бұлшық еттер жатады. Мысалы: тоқпан жіліктің екі, үш басты бұлшық еттері көп басты.
Егер бұлшық ет талшықтары сіңірлі жиегіне қиғаш орналасса, оны жарты қауырсынды бұлшық ет, ал талшықтар сіңірлі өзекке екі жағына бірдей қиғашталып орналасса бүтін қауырсынды бұлшық ет дейді. Мысалы: иық дельта тәрізді бұлшық етінде осы екеуі де кездесе- ді. Көп басты бұлшық еттердің басталуы бір сүйектің екі, үш, төрт жерінен басталып (жалпы бір қарынға бірігіп) бәріне ортақ бір қарын және бір құйрық түзеді.
Кей бұлшық еттің қарыны тарамыс арқылы екіге немесе бірнеше көлденең сіңірлі жолақ қынаптарға бөлінеді. Мысалы: құрсақтың тік бұлшық еттері.
Бұлшық еттердің қосымша мүшелері. Олар бұлшық еттің жұмысына жәрдем береді. Оларға: шандыр қабық (фасция) , шырышты қалталары, сары сулы қынап, сесам сүйектері, блоктар жатады.
Фасциялар еттің дәнекер теріден құралған қабаты беткі, терең және мүшелер шандырлары деп бөлінеді. Беткі шандырлар терінің астында орналасқан, тері асты клетчаткасының тығыздалған түрі болып табылады.
Тұлғаның бұлшық еттері арқа ,көкірек және құрсақ еттері болып бөлінеді. Көкіректің бұлшық еттері беткі және тереңде жатқан бұлшық еттер болып жіктеледі. Беткей еттерге көкіректің үлкен және кіші бұлшық еттері,бұғанаасты және алдыңғы тісті еттер жатады. Көкіректің тереңде жатқан бұлшық еттеріне сыртқы және ішкі қабырға аралық еттер, көкіректің көлденең еті, диафрагма(көкет) еттері жатады.
Құрсақ бұлшық еттері топографиялық жағынан бүйір,алдыңғы және артқы қабырғалық еттерге бөлінеді.Бүйір еттерге құрсақтың сыртқы,ішкі және төстің семсер өсіндісі қиғаш еттері жатады.Артқы қабырғалық еттерге белдің артқы шаршы еттері,ал алдыңғы еттерге құрсақтың тік еті және пирамидалық ет жатады.
Арқаның бұлшық еттері беткі және тереңде жатқан бұлшық еттер болып жіктеледі.Беткей еттерге трапеция тәрізді ,арқаның жалпақ еті,жауырын көтеретін ет,ромба тәрізді ет,артқы жоғарғы және артқы төменгі тісті бұлшық еттер жатады.Арқаның терең сүйеккке таяу жатқан еттеріне бас мойын белдеу еті,жотаны жазушы ет,сегізкөз артқы өсінділер еті,арқаның ұзын бұлшық еті,көлденең өсінділер аралық еттер жатады.
5-сұрақ. Қолдың бұлшық еттерін орналасуына қарай иық белдеуінің және қолдың еркін қозғалатын сүйектерінің бұлшық еттері деп екі топқа бөледі.
Иық белдеуінің бұлшық еттері қолды тұлға мен жауырын арқылы жалғастырып тұрады. Ал жауырын мен бұғана денеге арқа еттері арқылы бекіп жатады. Иық белдеуінің еттеріне жауырынды айнала жатқан дельта тәрізді, жалүсті, жаласты, кіші жұмыр, үлкен жұмыр, жауырынасты еттері жатады.
1. Дельта тәрізді бұлшық ет (дельтовидная мышца) - өз дамуының ерекшелігіне байланысты иық буынын қаптай орналасып, иыққа пішін беріп тұрады. Ол бұғананың сырт жақ бөлігінен жауырынның иық өсіндісі мен жалынан басталып, тоқпан жіліктің сырт жағындағы дельта бұдырына бекиді. Бұл ет жиырылғанда қолды горизонтальды күйге келтіреді, ал тек алдыңғы бөлігі ғана жиырылғанда қолды иық буынынан алға, артқы бөлігі жиырылғанда артқа қарай қозғайды.
2. Жауырының жалүсті еті (надостная мышца лопатки) – жауырының жалүсті ойысында жатып тоқпан жіліктің үлкен буындарына барып бекиді. Бұл ет жиырылғанда дельта тәрізді етке ұқсап қимыл жасайды, яғни қолды сырт жағына қарай горизонтальды күйге келтіреді.
3. Жауырынның жаласты еті (подостная мышца лопатки)- жауырынның жаласты ойысынан басталып тоқпан жіліктің үлкен бұдырына екиді. Бұл ет жиырылған кезде қолды иық буынынан сыртқа қарай айналдырады.
4. Кіші жұмыр ет (малая круглая мышца) - жауырын еттерінің төменгі жағында жатады. Ол жауырынның сырт жақ қырынан басталып тоқпан жіліктің үлкен бұдырына бекиді, жиырылған кезде қолды сыртқа қарай айналдырады.
5. Үлкен жұмыр ет (большая круглая мышца) - жауырынның бұрышынан басталып, қолтық астынан алға өтіп, тоқпан жіліктің кіші бұдырына бекиді, жиырылған кезде қолды иық буынынан ішке қарай айналдырады.
6. Жауырынасты еті (подлопаточная мышца)- жауырынның астыңғы ойысында орналасып, бұл да тоқпан жіліктің кіші бұдырына бекиді. Бұл ет жиырылғанда үлкен жұмыр етпен бірге қолды иық буынынан ішке қарай айналдырады. Иық белдеуінің бұлшық еттері шандыр қапшықтармен қаптала жатады.
Қолдың еркін қозғалатын сүйектерінің бұлшық еттерін жатқан жағдайына қарай тоқпан жілік, білек, қол басының еттері деп бөлеміз.
Тоқпан жілік бұлшық еттері орналасуына қарай алдыңғы, артқы топқа бөлінеді. Тоқпан жіліктің алдыңғы бұлшық еттері жиырылғанда қолды иық және шынтақ буынынан бүгеді, ал артқы еттері жиырылғанда сол буындардан жазады.
Қардың алдыңғы бұлшық еттеріне құстұмсық-тоқпан жілік еті, екібасты ет және тоқпан жілік еті, ал артқы тобына үшбасты ет пен шынтақ еті жатады.
1. Құстұмсық тоқпан жілік еті (ключево-плечевая мышца) – жауырынның құс тұмсық өсіндісінен басталып, тоқпан жіліктің орта жеріне тіркеледі. Бұл ет жиырылған кезде қолды иық буынынан алға көтереді.
2. Иықтың екібасты еті (двухглавая мышца) - қысқа басымен жауырынның құстұмсық өсіндісінен, ал ұзын басы жауырынның буынүсті бұдырынан басталып, буын қапшығының ішімен төмен түсіп, екі басы бір-бірімен қосылады да, шынтақ буынының алдынан өтіп шыбық сүйектің төмпешігіне бекиді. Екібасты бұлшық ет жиырылған кезде қолды иық және шынтақ буынынан бүгіп, ішке қарай айналдырады.
3. Тоқпан жілік еті (плечевая мышца) - тоқпан жіліктің алдыңғы бетінен басталып шынтақ сүйектің буындарына бекиді. Жиырылған кезде білекті шынтақ буынынан бүгеді. Тоқпан жіліктің артқы жағында жатқан еттерге үшбасты және шынтақ еті жатады
4. Иықтың үшбасты еті (терхглавая мышца плеча) - тоқпан жіліктің сыртынан үшбасты болып басталады. Ұзын басы жауырынның буынасты денесінен, ішкі және сыртқы бастары тоқпан жіліктің арт жағынан басталып, үшеуі өзара қосылып, шынтақ буынынан аттап сіңірмен шынтақ сүйектің шынтақ өсіндісіне бекиді. Бұл ет жиырылғанда қолды, иық және шынтақ буынынан жазады.
5. Шынтақ еті (локтевая мышца) - білек шандырымен қапталған үшбасты кішкене ет. Үшбасты бұлшық етпен бірге қолды шынтақ буынынан жазады.
Тоқпан жіліктің ет шандырлары жіліктің ішкі және сырт жағынан сол сүйекке бекіп, перде түзеді. Бұл перделер бүгуші еттер тобын жазушы еттер тобынан бөліп тұрады.
Білектің бұлшық еттері – алдыңғы және артқы топ деп екіге бөлінеді. Бұл бұлшық еттері сыртынан шандыр қапшықпен қапталып жатады. Ол шандыр алдыңғы тобын артқы тобынан ажыратып тұрады.
Білек бұлшық еттерінің алдыңғы және артқы топтары беткей және терең бұлшық еттерге бөлінеді. Алдыңғы беткей бұлшық еттеріне жататындар:
1. Жұмыр пронатор (круглый пронатор) – жоғарыда айтқан аймақтан басталып, төмен қарай қиғаш түсіп, кәрі жіліктің орта бөлігіне бекиді. Жиырылғанда білекті, яғни жілікті қол басымен ішке қарай бұрады. Бұл жағдайда кәрі жілік шынтақ сүйектің үстінде қиғаш жатып, қол басын, алақанды ішке айналдырады.
2. Кәрі жіліктің білезік бүгетін еті (лучевой сгибатель запястья) - қиғаш орналасқан. Ол тоқпан жіліктің ішкі өсіндісінен басталып, ІІ алақан сүйегіне бекиді. Ол қол басын бұруға және білекті ішке бұруға қатынасады.
3. Алақанның ұзын еті (длинная ладонная мышца) – кей адамдарда жоқ болуы да мүмкін. Бұл еттің ұзын сіңірі үшбұрышты алақан шандырына жалғасып, алақан терісіне бекиді. Жиырылғанда алақан терісін тартып, қол басын бүгеді.
4. Саусақтарды бүгетін беткей ет (поверхностный сгибатель пальцев) – бұл еттің пішіні жалпақ келеді. Оның төменгі бөлігі төрт сіңірге тармақталған. Бұл сіңірлері ІІ, ІІІ, ІҮ, Ү саусақтардың бақайшықтарына бекиді. Бұлар жиырылғанда саусақтарды қол басымен бірге бүгеді.
5. Шынтақтың білезік бүгетін еті (локтевой сгибатель запястья) – білектің ішкі жағында орналасқан. Оның сіңір бөлімі бұршақ тәрізді сүйекшені қоршап барып, алақан сүйегіне бекінеді. Жиырылғанда қол басын бүгеді.
Білектің алдыңғы терең еттеріне саусақты бүгетін терең ет, басбармақ бүгетін ұзын ет және шаршы пронатор еттері жатады.
1. Саусақтарды бүгетін терең ет (глубокий сгибатель пальцев) – шынтақ сүйектің алдынан және сүйекаралық жарғақтан басталады. Бұл ет саусақтар бүгетін беткей ет тәрізді төрт жіңішке сіңірге бөлініп ІІ, ІІІ, ІҮ, Ү саусақтардың тырнақ бақайшықтарына бекиді.
2. Басбармақ бүгетін ұзын ет (длинный сгибатель большого пальца) – білектің кәрі жілік жағында терең орналасқан. Ол кәрі жіліктің алдыңғы беті мен тоқпан жіліктің ішкі жағынан басталып, ұзын сіңірі білезік шандырларының астына өтіп, басбармақтың тырнақ бақайшығына бекиді. Жиырылғанда басбармақты бүгеді.
3. Шаршы пронатор (квадратный пронатор) – білектің төменгі жағында жатып, шынтақ сүйектің алдыңғы бетінен басталады да, кәрі жіліктің алдыңғы сырт жақ бетіне бекиді, яғни жұмыр пронатордың синергисі болып есептеледі.
Білектің арт жағындағы беткей бұлшық еттері тоқпан жіліктің сыртқы өсіндісі мен кәрі жілік, шынтақ сүйектердің артқы беттерінен басталады.
1. Тоқпан-кәрі жілік еті (плечо-лучевая мышца) -тоқпан жіліктің сыртқа бетінен басталып, кәрі жіліктің «біз» өсіндісінен бекиді. Жиырылғанда пронацио қалпында тұрған қолды керісінше (орталыққа) айналдырады және бұл ет қолды шынтақ буынынан бүгуге көмектеседі.
2. Білезік жазатын кәрі жіліктің ұзын және қысқа еттері (длинный и короткий лучевые разгибатели запястья)- тоқпан жіліктің сыртқы өсіндісінен басталып, оның ұзын еті ІІ алақан сүйегіне, ал қысқа еті ІІІ алақан сүйегіне бекиді. Олар жиырылғанда қол басын жазуға көмектеседі.
3. Саусақтарды жазатын жалпы ет (общий разгибатель пальцев)- білекті бойлай төмен түсіп, төрт сіңірге бөлініп, қол басының сыртынан ІІ, ІІІ, ІҮ, Ү саусақтарға бекиді. Жиырылғанда саусақтарды қол басымен бірге жазады.
4. Шынтақтың білезік жазатын еті (локтевой разгибатель пальца) - Ү алақан сүйегінің арт жағынан бекиді. Жиырылғанда қол басын жазады.
Білектің артқы жағындағы терең бұлшық еттеріне: супинатор және ІІ-ІІІ саусақтың жеке бұлшық еттері жатады.
5. Супинатор еті – тоқпан жіліктің сыртқы өсіндісінен және шынтақ жіліктің қырынан басталып, кәрі жілікті қиғаш айналып өтіп, сыртқы жағынан бекиді. Жиырылғанда білекті сыртқа қарай айналдырып, алақанды алға қарай тартады, сондықтан да бұл етті супинатор деп атайды.
6. Басбармақты алшақтататын ұзын ет (длинная отводящая мышца большого пальца) - шынтақ сүйек пен кәрі жіліктің сырт жағынан және сүйекаралық жарғағынан басталып І алақан сүйегіне бекиді.
7. Басбармақты жазатын ұзын ет (длинный разгибатель большого пальца) - І саусақтың негізгі бақайшығына бекиді.
8. Басбармақты жазатын қысқа ет (короткий разгибатель большого пальца)– шынтақ сүйектің арт жағы мен сүйекаралық жарғақшасынан басталып, І саусақтың тырнақты бақайшығына бекиді. Бұл екі еттің жұмысы атына сай басбармақты жазады.
9. Сұқ саусақты жазатын ет (разгибатель указательного пальца)– шынтақ сүйектің сыртқы беті мен сүйек аралық жарғақтан басталып, сіңірі саусақтар жазатын жалпы ет сіңірлерімен қосылып, сұқ саусаққа бекиді. Сондықтан да сұқ саусақ басқаларға қарағанда жеке, еркін жазылады.
Қол басының бұлшық еттері. Қол басының бұлшық еттері саусақтарды қимылға келтіретін майда бұлшық еттерден түзілген. Бұлшық еттердің көпшілігі сіңірлермен қапталған. Олардың көбі басбармақ дөңесін түзіп жатады. Олар: басбармақтың қысқа бүгуші, қысқа жазушы, қысқа тартушы және қарама-қарсы қоюшы бұлшық еттерінен тұрады. Бұл аталған еттербасбармақтың жеке аппараты болып есептеледі.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет