Сабақтың тақырыбы Бұлшық ет (жаңа тақырыпты меңгерту) Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары



Дата11.06.2020
өлшемі27,97 Kb.
түріСабақ


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3В Қозғалыс


Мектеп:

Күні: ___

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Бұлшық ет (жаңа тақырыпты меңгерту)

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

8.1.6.5 бұлшық ет ұлпасының құрылысын, қызметін және олардың түрлерін сипаттау

8.1.6.6. адам бұлшық еттерінің құрылысы мен бұлшықет топтарын оқып тану.



Сабақтың мақсаттары

  • Бұлшықет ұлпаларының түрлері мен орналасуын анықтау;

  • Бұлшықеттің құрылысын сипаттау;

  • Бұлшықеттің түрлерін ажырату;

Бағалау критерийлері

  • Бұлшықет ұлпасының түрлерін ажыратады;

  • Бұлшықеттің құрылысын сипаттайды;

  • Бұлшықеттің түрлеріне мысалдар келтіреді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • бұлшықеттің құрылысы мен бұлшықет ұлпарларының ерекшеліктерін тиісті пәндік терминологияны қолдана отырып, ауызша, жазбаша сипаттай алады. Кілт сөз бен суретті сәйкестендіріп, мағынасын ашады.

  • Бұлшықеттің құрылымы мен қызметін ауызша жабаша түрде сипаттай алады.


Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Бұлшықет, миофибрилл, бұшықет талшығы, тарамыс, сіңір, қаңқа бұлшықеті, бірыңғай салалы, көлденең жолақты қаңқа, көлденең жолақты жүрек бұлшық еті, бұлшыет шоғыры, бұлшық ет талшығы, бұлшық ет жасушасы.   



Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Жүректе болатын бұлшықеттің түрі - ....

Асқазан мен ішек секілді қуысты дене мүшелерінде болатын бұлшықеттің түрі - ....

Қаңқа бұлшықеттерінің қызметі ....

бірыңғай салалы бұлшықет ... құрайды.

Көлденең жолақты бұлшықет ...кездеседі.

Көлденең жолақты бұлшық ет жасушасының ...ядросы болады.


Құндылықтарды дарыту

Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады.

Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады.

Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.

Таныстырылым кезінде өзіне деген сенімділіқ, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады.

Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады.

Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс артқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады.





Пәнаралық байланыс

Бұлшықеттің жиырылуы, пішіні, бұлшық еттердің жұмыс жасау механизмі туралы түсініктер арқылы физика пәнімен байланысты.

Алдыңғы білім

«Жаратылыстану» курсынан оқушылар адамның сүйектерінің бөлімдерін және қозғалысты басқаратын бұлшықеттердің ролін біледі. 7- сынып «Қозғалыс» бөлімінен оқушылар омыртқасыздар мен омыртқалылардың қозғалысқа қатысатын мүшелерін және қозғалыстың жануарлар мен өсімдіктер үшін маңызын біледі.

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы

0-4 мин


Оқушыларға тауықтың сирағында бұлшықет, сіңірді тауып көрсету тапсырылады. Бұлшық ет неден тұрады сұрағы талқыланады. Оқушылардың жауаптарынан соң сабақтың тақырыбы ашылады. Оқушылардың талдауынан кейін сабақтың мақсаты бағалау критерийлері таныстырылады.

Критерий:

  • Бұлшықеттің құрылысын сипаттайды;




1 слайд



Сабақтың ортасы

4-26 мин

Оқушыларға бұлшықеттің құрылысы, қызметі, бұлшықет ұлпаларының түрлерімен танысу үшін топтық жұмыс орындау ұсынылады. Әртүрлі бұлшық ет үлгісі, сурет, видеоматериалдар мен ақпарат парақшаларын пайдалана отырып оқушылар топта Блум түймедағын толтырады.

1-бұлшық еттің құрылысы.

2- Бұлшықеттің түрлері.

3- Жүрек бұлшық етінің ерекшеліктері.

4- Көлденең жолақты қаңқа бұлшық етінің ерекшеліктері.

5- Бірыңғай салалы бұлшық етінің ерекшеліктері.

Мұғалім әр топтың толтырған Блум түймедағын дұрыс толтыруына бағыт беріп, тиісті кері байланысты ұсынады.

Толтырылған парақтар тақтада ілініп, басқа топ оқушыларына таныстырылады.


1 - қосымша

2-16 слайдтар



27-36 мин

Оқушыларға қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындау ұсынылады.

Кейбір оқушылар қосымша тапсырмалар орындап, қосымша ақпарат көздерімен таныса алады.



2- қосымша



Сабақтың соңы

37-40 мин



Кері байланыс

Сабақта болған үш әрекетті талқылау

І. Мен бүгін ....оқыдым

1.

2.

3.

ІІ. Менде ... жақсы іске асты

1.

2.

3.

ІІІ.Қазір мен...білемін

1.

2.

3.

17 слайд


Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Көлденең жолақты және тегіс арасындағы айырмашылықтары бойынша суретін салады.

Кейбір оқушылар қосымша тапсырмалар орындай алады.

Кейбір оқушылар дене бұлшық еттерін жетілдіру жолдары туралы қосымша ақпарат көздерінен оқып өз білімін тереңдете алады.

Кейбір оқушылар бұлшық ет талшығының құрылысын тереңдетіп оқи алады.



Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Жеке және топтық жұмыс арқылы

Зертханалық жұмысты орындау бойынша

Түрткі сұрақтар арқылы.

Блум түймедағын толтырулары арқылы

Ауызша жауаптары арқылы


Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Микроскоппен ұқыпты жұмыс істеу; жұмыс тәртібіне жауапкершілікпен қарай отырып, үлкейтіп көрсетуге ауыстырғанда микроскопты сындырып алмау үшін бұрандамен ұқыпты жұмыс жасау.

Өткір құралдармен, сапты инемен жұмыс істеу кезінде жарақат алып қалмас үшін бұл құрал-жабдықтардың кесетін және түйрейтін бөліктерін өзіңе қарай бағыттамау.

Оқушы өз денсаулығы мен ортасына сақтықпен қарауы қажет.







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет