Реферат орындаған: СайлауовНұрсұлтан тфп 1009 Тақырып: Тыныс алу,сыртқы тыныс алу Курс: 1



бет3/4
Дата04.09.2024
өлшемі212,41 Kb.
#203840
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Документ-10- 1

Тыныстың минуттық көлемі.Бір минут ішінде өкпе арқылы өтетін ауаның көлемі тыныстық минуттық көлемі (ТМК) деп аталады. ТМК бір минут ішінде өкпеге келіп түсетін оттегімен сыртқа шығарылатын көмір қышқылы мөлшерінің ара-қатынасына яғни зат алмасу қарқынына байланысты. ТМК әдетте орта есеппен 6-9 л болса, ал ауыр, қара жұмыс істеген адамда 100-120 л-ге жетеді, тіпті одан да асады. ТМК қалыпты жағдайда шығарылған ауаны Дуглас қабына жинап, газ санақшысынан өткізу арқылы өлшенеді немесе қалыпты тыныс ауасының (ҚТА) көлемін минуттық тыныс жиілігіне (МТЖ) көбейту арқылы анықталады (ТМК=ҚТАхМТЖ). МТЖ ересек адамда 14-20. ТМК осы аталған екі көрсеткіш мөлшеріне қарай өзгеріп отырады.
Өкпе мен тіндегі газ алмасу.Дем алғанда өкпеге кіретін атмосфералық ауа мен деммен бірге шығатын немесе альвеолалық ауаның құрамындағы әр газдың мөлшерін жеке салыстырып өкпе альвеоласындағы газдар мен қан құрамындағы газдардың өту бағытын байқауға болады.
Негізгі газдар атмосферада, оның жеке қабаттарында ұдайы бір мөлшерде болады. Адам дем алғанда осы атмосфералық ауа өкпеге енеді, ал өкпедегі альвеолалық ауа мен дем шығарғанда шығатын ауада оттегі мен көмір қышқыл газ мөлшері ұдайы өзгеріп отырады: оттегі азайып, көмір қышқыл газ көбейді
Өкпеде газ алмасуының негізгі көрсеткіші - альвеолалық ауадағы газдардың құрамы мен мөлшері. Атмосфералық ауамен альвеолалық ауа құрамындағы газдардың мөлшерін салыстырсақ, оттегінің атмосферадан қанға, ал көмір қышқыл газдың қаннан альвеолаға өтетінін байқауға болады.
Газдардың қан арқылы тасымалдануы .Тірі организмде тіршілікке қажет газдар өкпеден тінге, тіннен өкпеге қанмен жеткізіледі (тасылады). Оттегі мен көмір қышқыл газ, сондай-ақ азот қанға атмосфералық ауадан енеді. Алғашқы аталған екі газдың мөлшері артерия мен венада бірдей емес, артерияда оттегі, ал венада көмір қышқыл газ көбірек. Өкпеде оттегі ауадан қанға қарай, көмір қышқыл газ қаннан альвеолаға өтеді.
Оттегінің қан арқылы тасымалдануы.Оттегі көбіне гемоглобинмен қосылып оксигемоглобин түрінде та-сымалданады.Қандағы газдардың, әсіресе еріген газдардың жалпы көлемі олардың атмосферадағы меншікті қысымына байланысты. Оттегінің меншікті қысымын әдейі жоғарылатса, ол қанда (әсіресе еріген оттегі) көбейе түседі. Ал капилляр эндотелиінен тек еріген газ өтетіні белгілі, осыған орай оттегі тінге де көбірек өтеді. Оттегінің бұл қасиеті медицинада емдеу мақсатымен кеңінен колданылады (гипербарлық оксигендеу, яғни оттегін қанға қысыммен енгізу). Адам оттегіне толы қысым камерасына (барокамераға) кіргізіледі де оттегінің қандағы меншікті қысымы көбейтіледі. Мұның нәтижесінде қанда гемоглобин оттегімен әрекеттесіп, түгелдей оксигемоглобинге айналады, еріген оттегінің көлемі де арта түседі, сөйтіп қан әбден оттегіне қанығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет