Тірі ағзалардың клеткалапының және мүшелерінің қалыптасуына, өсіп-жетілуіне ,дамуына қажет элементтерді биогенді элементтер деп атаймыз
Биогенді элементтер Макроэлементтер – О, С, Н, N, олардың жасушадағы мөлш. 98%-дай
Микроэлементтер – К, Р, S, Mg, Cl, Ca, Na, Fe жатады, олардың клетка құрамындағы мөлш. 1,9%-ға жетеді
Ультраэлементтер – J, Cu, Co, Zn, Mo, Br, Mn, B клетка құрамында өте аз мөлшерде кездеседі, олардың көрсеткіші 0,01%-дай болады
Адам ағзалары химиялық элементтерді әр түрлі концентрлейді, яғни, микро және макро элементтер мүшелер мен ұлпаларда әркелкі таралады. Микроэлементтердің көпшілігі бауырда, сүйек және бұлшық ет ұлпаларында жиналады. Бұл ұлпалар көптеген микроэлементтердің негізгі қоры. Элементтер кейбір мүшелерге тән болып табылады және онда концентрациясы жоғары болады. Мысалы: мырыш қарын асты безінде, йод қалқанша безінде, фтор тіс кіреукесінде, алюминий, мышьяк, ванадий шашта, кадмий, сынап, молибден бүйректе, қалайы ішек ұлпаларында, стронций қуық безінде, сүйек ұлпасында, барий көздің пигментті қабатында, бром, марганец, хром гипофизде және тағы басқаларда жиналады
Микроэлементтер қан жасалу, тотығу тотықсыздану, тамырлар мен ұлпалардың өткізгіштігіне белсенді әсер етушілер. Макро және микроэлементтер - кальций, фосфор, фтор, йод, алюминий және кремний, сүйек және тіс ұлпаларының түзілуін қамтамасыз етушілер. Әр түрлі микроэлементтердің жетіспеушілігіне немесе артуына байланысты көптеген аурулар туындайды.Фтордың жетіспеушілігінен тіс жегісі, йодтың жетіспеушілігінен зоб, молибденнің артық мөлшерінен подагра пайда болады.Адам ағзасындағы биогенді элементтер концентрациясы өмір сүрудің тепе-теңдігін сақтайды (химиялық гомеостаз). Бұл баланс элементтің жетіспеушілігіне немесе артық болуына байланысты бұзылады және әр түрлі аурулар туады.
Биогенді элементтерді функциональдық ролі бойынша үш үлкен топқа бөлуге болады: 1) Органогендер – атомдары ағзаның негізгі органикалық қосылыстарын (ақуыздар, майлар және көмірсулар) құрайтын элементтер. Оларға көміртек, сутек, оттек, азот, фосфор, күкірт жатады. 2) Ағзаның электролиттік фонын құрайтын элементтер. Оларға натрий, калий, кальций хлор жатады. 3) Реттеуші және тасмалдаушы функцияны атқаратын микроэлементтер. Оларға мыс, мырыш, хром, кобальт, марганец, селен, иод жатады.
Тірі ағзада қажетті тіршілік металдары деп аталатын металдардың жалпы сипаты бойынша шамамен салмағы 70кг адам ағзасында тіршілік металдарының мөлшері төмендегідей болады: кальций-1700г, калий-250г, натрий-250г, магний-42г, темір-5г , мырыш-3г, мыс, марганец, молибден, кобальт - барлығы шамамен 0,1г. Ересек адамның денесінде 3 килограммға дейін минералды тұздар бар, бұл мөлшердің 5/6 бөлігі ұлпасына тиесілі
Микроэлементтердің ағза үшін физиологиялық маңызы өте жоғары. Мыс – денсаулыққа өте пайдалы микроэлементтердің бірі. Егер ағзада мыс жетіспесе, бауырда қорланған темір гемоглобинмен байланысқа түсе алмайды. Мыстың мөлшерінің аз немесе көптік шамасының көрсеткіші – адамның шашы. Мыстың мөлшері төмендеген кезде немесе жетіспеген жағдайда шаш ағарады. Мыс қанға оттектің өтуін қамтамасыз етеді. Соның нәтижесінде жасуша, ұлпалар оттекпен жақсы қамтамасыз етіледі. Мыс көптеген ферменттердің құрамына кіреді, ұлпалардағы тотығу реакциясын жылдамдатады.
Темір элементінің рөлі денсаулық үшін өте зор. Егер темір жетіспесе, баршамызға белгілі анемия немесе қан аздық ауруы пайда болады. Бұл элементтің ағзадағы тәуіліктік мөлшері 11-30 мг. Адам қанында 3 г жуық темір бар. Оның мөлшері көрсетілген шамадан төмен болса, қанның қызыл клеткасының, яғни, гемоглобиннің түзілуі нашарлап, тыныс алу функциясы төмендейді. Темір ағзаға сырттан түседі, тамақтың құрамындағы темір ионы он екі елі ішектің жоғарғы бөлігінде қанға сіңеді.Темірдің ағзаға дұрыс сіңбеуі асқазандағы тұз қышқылының жетіспеуінен немесе темірдің белокпен байланысының нашарлануынан болады