Қалқанша безі ағзадағы кішкентай органдардың бірі болғанымен, одан шығатын гормондар ағзадағы барлық зат алмасу процестерін реттеп отырады



Дата02.04.2020
өлшемі25,55 Kb.
#61359
Байланысты:
қалқанша безі

Қалқанша безі — ағзадағы кішкентай органдардың бірі болғанымен, одан шығатын гормондар ағзадағы барлық зат алмасу процестерін реттеп отырады. Ол мойынның алдыңғы бөлігінде орналасқан, сыртқы көрінісі қанатын жайған көбелекке ұқсайды . Ал салмағы бар-жоғы — 25 грамм ғана. Қалқанша безі екі түрлі гормон бөліп шығарады. Оның бірі — трийодтиронин (Т3), екіншісі — тироксин (Т4) деп аталады. Ағзаға аса қажетті йод микроэлементі осы гормондарда болады. Жалпы адам қанында 95% тироксин мен мен 5% трийодтиронин гормондары жүреді. Қалқанша безінің басқа бездерден айырмашылығы — ол өз гормондарын жинап, қорын түзе алады. Әрі бұл безден бөлінетін гормондар ағзадағы метаболизмдік (зат алмасу) үрдістерге және организмнің өсуі мен жүрек-тамыр реакцияларына кең әсер етеді.Егер ағзада қажетті йод мөлшері жетіспесе, қалқанша безінің қызметі бұзылып, қандағы «йодты» гормондардың азаю салдарынан адам жемсау (зоб — қалқанша бездің ұлғаюы) ауруына шалдығады. Сол себепті күнделікті пайдаланып жүрген ас мәзірінің құрамына йод микроэлементінің енуіне қатты көңіл бөлген жөн.

Қалқанша без (glandula thyroidea, лат. glandula - без, гр. thyreos — қалқан) - шеткі ішкі секреция безі. Қалқанша без сырты дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Қапшықтан қалқанша без ішіне таралатын дәнекер ұлпалы перделіктер безпаренхимасын бөлікшелерге бөледі. Бөлікшелер көптеген көпіршіктерден (фолликулдардан) тұрады. Фолликул қуысын құрамында күрделі протеин — тироглобулин болатын қоймалжың зат — коллоид толтырып тұрады. Фолликул қабырғасын екі түрлі клеткалар құрайды. Тироциттер және парафолликулалы немесе К - жасушалар. Тироциттер ұлпалардың дамуына, өсуіне, протеиндердің, көмірсулардың, майлардың, йодтың алмасуына әсер ететін, құрамында йод болатын тироксин және трийодтиронин гормондарын бөліп шығарады. Азық құрамында йод жетіспесе, онда жануарлар организмінде эндомиялық зоб ауруы өршиді. Парафолликулалы клеткалар қандағы кальцийдің мөлшерін азайтатын, құрамында йод болмайтын кальцитонин гормонын бөледі.

Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі

Қызметі:

1) тироксин гормоны барлық зат алмасуға (нәруыз бен май) қатысады;

2) ағзаның өсуі мен дамуына әсер етеді;

3) жүйке жүйесі мен жүрек жұмысының қозуын арттырады. Қалқанша бездің қызметі бұзылғанда пайда болатын ауытқулар. Қалқанша безден бөлінетін гормондар жетіспесе, адам микседема (грекше «myxa» - шырыш және «oidema» - ісіну) ауруына шалдығады.

Аурудың белгілері:

1) ағзада зат алмасу 30 - 40%- ға дейін бәсеңдейді, әсіресе нәруыз алмасуы бұзылады;

2) терінің астына су жиналады, тері құрғап, дене ісінеді;

3) дене температурасы төмендейді;

4) жүрек соғысы баяулайды;

5) қозғалысы бәсеңдеп, ойлау қабілеті нашарлайды; шашы түсіп, сирейді.

Қалқанша без қызметі нашарласа зат алмасу процесінің қарқыны төмендеп, организм әлсірейді, бұлшық ет болжырап, дене температурасы төмендейді, жыныстық қызмет бұзылып, нерв жүйесінің қозғыштығы нашарлайды, жоғары дәрежелі нервтік қызмет бұзылады. Бездің гиперфункциясы базед дертіне шалдықтырады. Бұл жағдайда зат алмасу қарқыны жоғарылап, адам қатты арықтайды, жүрек соғады, дене қызуы көтеріліп, адамның жұмыс қабілеті төмендейді, әлжуаздык, тершендік, ашушаңдық байқалады.Қалқанша без кызметі жыл маусымына, организмнің физиологиялық күйіне қарай өзгеріп отырады. Қыста бездің белсенділігі жоғарылап, жазда төмендейді. Буаздық, сүттену кезеңдерінде бездің физиологиялық гиперфункциясы байқалады.

Адам зат алмасудың нәтижесінде нерв жүйесінің әсерімен біраз жоғары физиологиялық активті химиялық қосылыстар түзіледі. Бұл заттар организмнің өсуіне және дамуына қатысады да, оның органдарының атқаратын қызметі қалыпты жүруіне себін тигізеді. Физиологиялық активті заттарды өзінен бөлетін арнайы бездер немесе органдар тарихи дамудың нәтижесінде жетіледі. Алғашқы кезде, пайда болған активаторлар бір-біріне жақын орналасқан бір клеткадан екіншісіне таралып отырған. Бұл қозуды өткізудің тарихи жағынан алғанда ең ерте формасы болып табылады. Даму барысында белгілі бір органға әсер ететін активаторлар сол органның қасында емес, көп қашықтықта пайда болады да, қан немесе лимфа жүйесі арқылы тиісті органға жеткізіледі. Мұндай активаторларға ішкі секреция бездерінде жасалатын түрліше заттар жатады. Бұлар —арнайы орнына, таралу жолына, химиялық құрылысына және әрекет ету сипатына қарамастан, бір ғана жалпы биологиялық заңдылықпен бірігеді, олар организмнің дамуына қатысады және негізгі органдарының қызметін реттейді. Ішкі секреция туралы ілім- эндокринология - физиологияның тамаша жетістіктерінің бірі. Ішкі секркция деп, біздің секретінің тікелей ішкі ортаға - қанға, лимфаға, жұлын сұйықтығына түсуін айтады. Сондықтан ішкі секреция бездерін эндокриндік органдар деп атайды.

Ағылшын физиологтары Бейлисс және Старлинг 20 ғасырда секретинді тауып, осындай заттардың бәрін гормондар деп атауды ұсынды. Ең басты ішкі секреция бездеріне —гипофиз, ұйқы безі, бүйрек үсті бездері, қалқанша безі, қалқан серік безі, жемсау (төс асты, айыршық) безі және эпифиз т.б. жатады. Ұйқы безі мен жыныс бездері әрі ішкі секрециялық, әрі сыртқы секрециялық қызмет атқарады. Гормондар арқылы түрлі органдар бір-бірімен байланысады. Олар өте аз мөлшерде өсер етеді де энергияның әсерінен бұзылмайды және ткань түзуге пластикалық материял ретінде қатыспайды. Айтқанымды мынадай мәліметтермен дәлелдеуге болады. 1 грамм инсулин гормоны 125 мың үй қоянының қанындағы глюкозаны азайта алады; 1 грамм адреналин 100 млн. көл бақа жүрегінің соғуын жақсартады; 1 грамм фолликулин 10 млн. піштірілген тышқанның күйлеу күйін тудыра алады. Организмде тек гормондар ғана жасайтын органдардан (бездерден) басқа, белгілі бір органдардың арнайы эндокриндік тканьдері (инкреторлық клеткаларының шоғыры) осы қызметті атқарса, ондағы клеткалардың келесі тобы эндокриндік емес қызмет атқарады. Мысалы, жоғарыда аталған ұйқы безіндегі Лангерганс аралшықтары инсулин гормонын жасайды, ал басқа маманданған клеткалар тобы ас қорыту сөлін жасап шығарады. Келесі бір органдарда кейбір клеткалар өзінің негізгі қызметімен қатар эндокриндік қызмет те атқара алады.

Гормондық реттеу кез-келген басқа реттеу жүйелері сияқты, арнайы звенолардан құралады. Мысалы, онда басқарушы аппарат, ақпаратты тура және кері жеткізетін каналдар, ақпаратты беретін сигналдар, атқарушы органдар немесе басқарылатын объектілер болады. Міне осы звеноларды біріктіріп гормондық реттеу жүйесінің құрылымдық-функцияналдық ұйымдасуы деп қарау керек. Қалқанша без эндокриндік жүйенің ішіндегі аса маңызды бездердің бірі. Ол туралы алғашқы мағлұматтарды 1543 жылы Везалий жазды. 1656 жылы Вартон оны қалқанша без деп атады. Ал, 1827 жылдан бастап оның организмде атқаратын қызметі эксперименттік жолмен зерттеле бастады. Арада 9 жыл өткенде аталған бездің ішкі секрециялық функциясы жөнінде алғашқы концепция қалыптасты.

Қалқанша без кеңірдектің алдында орналасқан сыңар орган. Салмағы 30-дан 60 грамға жетеді. Екі бүйір бөлімдерден тұрады. Жаңа туған баланың қалқанша безінің салмағы 1-7 грамм, тіпті 10 грамға дейін жетеді. Жыныстың жетілу кезінде бездің аумағы үлкейеді, ал қартайғанда кішірейеді. Қалқанша безді қан тамырлары жиі торлап жатады. Денедегі барлық қан сағатына бір рет осы без арқылы өте алады. Қалқанша бездің ішінде көпіршіктер - фолликулдар болады. Бұларда кейде қою, кейде сұйық күйде кездесетін коллоид массасы бар. Оның түсі мөлдір келеді.

Қалқанша бездің гормоны-тироксин 65 пайызға дейін йоды бар кристалдық зат. Табиғи тироксин қолдан синтетикалық жолмен алынған тироксиннен 3 еседей активті болады. Қалқанша безден тироксинге қарсы әрекет ететін дийодтирозин деген зат бөледі.

Бізді қоршаған ортада, өсімдіктерде, ет өнімдерінде йод болады. Сол адам ағзасына тамақ, су, ауа арқылы келеді. Егер оларда йод аз болса, қалқанша безінің жұмысы бұзылады. Жалпы, адам ағзасындағы йод шығаратын бір ғана зауыт бар. Ол — қалқанша безі. Қалқанша безі өздігінен йод шығара алмайды, ол сырттан түсетін йодид молекулаларын алып, бір-біріне қосады. Содан келіп гармон, уыт пайда болады. Негізі қалқанша безінің көлемі кішкентай. Оның жұмыс істеуіне қажет уыттардың жетіспеуінен қалқанша безі ұзақ уақыт бойы шамадан артық жұмыс істейді. Содан кейін ол ұлғайып, жарылып кетеді де, жарылған жерде түйме пайда болып, сұйықтық жинала бастайды. Зобтың уытты, уытсыз, уланған, уланбаған, түймелі секілді түрлері осыған байланысты бөлінеді. Егер адам ағзасында йод аз болса, адам өспейді, ақыл-есі де тиісті деңгейде дамымайды. Өйткені, йод — адамның ойлау деңгейі жоғары болуы үшін, яғни есте сақтау қабілетінің дамуы үшін қажет ең маңызды дүниелердің бірі. Мектеп жасындағы балаларда, жүкті әйелдерде йод жетіспеушілігі жиі кездеседі. Болашақ аналардағы йод жетіспеушілігінің салдарынан баланың кемістікпен туылу қаупі бар. Сондай-ақ, йод жетіспеушілік жүктілік кезінде темір жетіспеушілігіне әкеп соқтырады. Сол себепті әйелдер арасында анимия кең тараған. Қазақстандық аналар арасындағы қан аздықтың үлесі 40 пайызға дейін жетеді.

Бұл қалқанша безіне қажет гормондардың аз болуынан пайда болатын ауруларға қатысты. Қалқанша безіне қатысты аурудың тағы бір түрі — жайылмалы улы жемсау безі. Бұл — қалқанша безінің шамадан тыс жұмыс істеуінен пайда болатын зобтың өте қауіпті түрі. Қазақта оны бұғақты ұра деп те атаған. Әрбір улы зоб жүрек және жүйке ауруларына әкеп соғуы мүмкін. Мысалы бадырақ көз ауруы. Олардың жүйке жүйесі нашар келіп, сәл нәрсеге ашуланшақ болады. Қыз балалардың етеккірі келмеу белгілері де байқалады. Улы зобтың кесірінен әйелдер ұзақ уақыт бала көтере алмауы мүмкін. Адам ағзасында қалқанша безіне қатысты гормондардың шамадан артық көбейіп кетуінен зат алмасу құбылысы өзгеріп, улану болады. Улануды дер кезінде емдемесе, жүрек ауруына әкеп соғады.

Қалқанша безге қатысты аурудың түрі көп. Қазақстанда ең кең тараған түрі йод жетіспеушіліген болатын қалқанша без ауруы. Йод негізінен мұхит, теңіз суының бетінде болады. Ол буланып, жаңбыр болып жерге қайта түседі. Кейін шөпке, жерге сіңіп, сол арқылы жеміс-жидекке, төрт түлік малдың организміне енеді. Қазақстан мұхиттан алыс орналасқандықтан, біздің тағамдарымызда, қоршаған ортада, ауада йод жетіспейді. Қазақстан жерінің 60 пайызында йод тапшы. Өйткені, біз мұхиттан қашықта орналасқанбыз. Ал, көл, өзен, таудың суында йод болмайды. Бізде зоб ауруының жиі кездесуіне басты себеп — осы. Мысалы, жапондардың денсаулығы өте жоғары деңгейде және йод тапшы емес. Өйткені олар, теңіздің балығын көп жейді. Олардан бізге келгенше ет пен балық мұздатқышта тұрады. Мұздатқыштан тұрған соң, йодтың күші жойылып кетеді. Қазақстанның Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қызылорда өңірлерінде йод тапшылығымен ауыратын науқастары саны көп.

Қалқанша без фолликуласының сыртында орналасқан торшалар (парафолликулярлық торшалар) тиреокальцитонин гормонын түзеді. Бұл гормон қан құрамындағы кальцийдің сүйек ұлпаларына жинақталып, үнемдеп жұмсалуын, бүйрек арқылы фосфордың бөлінуін қамтамасыз етіп, қандағы кальций мен фосфордың арақатынасын реттейді.Қалқанша серік бездер қалқанша бездің арт жағын ала, оған жабыса орналасқан кішкентай құрылымдар. Бұл бездер балықтан басқа барлық омыртқалы жануарларда кездеседі. Жылқы, түйе, қой-ешкі, ит және қоянда бұл бездер қос жұптан, ал шошқада жалғыз жұптан тұрады.Без негізгі және оксифильдік торшалардан құралады. Негізгі торшалар секрециялық қызмет атқарады, ал оксифильдік торшалардың маңызы әлі толық анықталмаған.

Қалқанша без қанмен өте жақсы қамтамасыз етіледі. Мұндағы қан ағысының минуттық мөлшері бездің өз көлемінен 3-7 есе көп. Қанның мөлшері жағынан ол организмде бірінші орын алады. Бұл оның ішкі секрециялық қызметінің белсенділігін көрсетеді. Қалқанша без жүйке талшықтарымен жиі торланған, оның жүйке қызметінің реттелуі симпатикалық, парасимпатикалық және денелік жүйкелер арқылы жүзеге асырылады.



Қалқанша без гормондарының түзілуі мен бөлінуін реттеуде аденогипофиздің де маңызы зор. Гормондық гомеостаз ішкі секреция бездерінің арасындағы өзара корреляциялық механизм негізінде іске асады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет