Алматы қаласы «Мектеп » баспаханасы, 2012 ж.
Сабақ кезеңдері
|
Жоспар мазмұны
|
Мұғалім іс-әрекеті
|
Оқушылар іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Кіріспе
|
«Жүректен- жүрекке» Ұйымдастыру кезеңі. Ынтымақтастық орнату
|
Оқушылармен амандасып, көңіл-күйлерін сұрайды.
|
Оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
|
Бәрекелді!
|
Тұсаукесер
|
Өткенді еске түсіру «Ыстық орындық»
Мақсаты: оқушыларды сұрақты дұрыс қоя білуге, жауапты толық айтуға үйрету.
|
Оқушыларды ортадағы «ыстық орындыққа» отырғызып, қойылған сұрақтарға жауап беруін қадағалайды.
|
Оқушылар бір-бірінің жауаптарын тыңдап, толықтырып отырады.
|
Өте жақсы
|
|
|
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады.
|
Оқушылар жаңа сабақтағы өз мақсаттарын қояды.
|
|
Негізгі бөлім
|
Топқа бөлу. «Атом молекулалары» ойыны. Топ ережесін еске түсіру, топ басшысын сайлау
|
«Атом молекулалары» ойыны арқылы оқушыларды екі топқа бөледі.
|
Оқушылар топқа бөлініп, топ ережесін нақтылайды, топ басшыларын сайлайды.
|
|
Жаңа сабақ
|
«Джигсо» стратегиясы арқылы жаңа сабақты меңгерту. Мақсаты: сұрақтар топтамасымен жұмыс істеудің құрылымдалған тәсілі және топта жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
|
Оқушыларға жаңа тақырыпқа сәйкес мәтін ұсынады.
Мойында көмекейдің алдыңғы жағында пішіні таға тәрізді, өзара байланысқан екі бөліктен тұратьн қалқанша без орналасқан. Оның массасы — 15—30 г. Ол бірқатар гормондар бөліп шығарады. Олардың ішінде негізгісі тироксин зат алмасуды реттейді, органикалык заттардың тотығу процестеріне, даму, өсу процестерін реттеуге катысады. Ұлпалардың бөлінуіне, жүйке және жүрек іс-әрекетінің қозуын күшейтуге қатысады.
Қалқаншамаңы бездері қалқанша бездің артқы бөлігінде орналаскан. жалпы массасы 0,1—0,13 г, мөлшері өте кішкентай, екі жұп. Осы бездердің гормондары қандағы Р ж\е Са тұзды реттейді, ішекте Са сіңуін және кальцийдің бүйректерде кері сіңуін қамтамасыз етеді.
|
Оқушылар мәтін бойынша жұмыс жасайды. Әр топтың жұмысы тыңдалады.
|
Смайликтер арқылы бағалау
|
|
Сергіту сәті
|
Интерактивті тақтадан дене жаттығулары берілген видео көрсетіледі.
|
Экранда берілген жаттығуды қайталап отырады.
|
|
|
Постер қорғау.
Мақсаты: Екі топ берілген тақырып бойынша постер жасап, қорғайды.
|
І топ. «Қалқанша безі»
ІІ топ. «Қалқанша маңы бездері»
|
Екі топ жасаған постерлерін қорғайды, оқушылар бір-бірлерін тыңдап, бағалайды.
|
Жарайсыңдар, өте тамаша!
|
Қоры-тынды
|
«Биологиялық диктант» Мақсаты: Жаңа тақырыпты оқушылардың қалай меңгергендігін байқау.
|
.......барлық омыртқалы жануарларда болатын ішкі секреция бездерінің ішіндегі ең ірісі. Қалқанша безден бөлінетін гормондар жетіспесе адам ....ауруына шалдығады. Қалқаншамаңы бездері ....бөледі....- бүйректің жоғарғы ұшына орналасқан жұп бездер.
|
Оқушылар биологиялық диктантты жазып, көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қояды.
|
Балдық жүйе арқылы бағалау. Биологиялық диктант мәтініндегі әр дұрыс сөйлемге – 1 ұпай.
|
|
Үй тапсырмасы
|
Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі. Қалқанша маңы бездері, тимус (айырша без) және бүйрек үсті бездері. – оқып келу.
|
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады.
|
|
|
Бағалау «Басбармақ» әдісі
Мақсаты: бір-бірлерін бағалау
|
Оқушылар жұмысына баға береді.
|
Әр оқушы бас бармақтарының көмегімен бір-бірлеріне баға береді.
|
Бәрекелді!
|
|
Рефлексия. «Ойлаудың алты қалпағы»
|
Оқушыларға 6 түрлі қалпақ кигізіп, ойларын тыңдау
|
Оқушылар 6 түрлі қалпақ киіп өз ойларын ортаға салады.
|
|