Асқазан шаю
Мақсаты: Баланың асқазаннын улы заттардан тазарту
Көрсеткіштері:
Тамақтан, алкагольден улану
Көп мөлшерде дәрі қабылдау
Қарсы көрсеткіштері:
Ас қорту жолдарынан қан кету
Әр түрлі қышқылдармен ас қорту жолдарының күйігі
Жұту жане жүтелу рефлекстері болмаған жағдайда
Спазмы және судрогы кезінде
Бала ессіз күйде болған жағдайда
Керек жарақтар:
Стерилді 1 реттік қолданатын асқазан зонды
Таза , қайнаған асқазан шаюға арналған су
Шприц « Жанэ»
Термометр
Танометр
Стерильді сұйық май немесе глицерин
Фартук кленкалық 2 дана
Нестирильді қолғаптар
КБУ, «Б» классы
Антисептик
Дез ертінді
Іс- әрекет алгоритмі:
Насқастың ата-анасына жүргізілетін манипуляцияны түсіндіріп , келісімін аламыз
Науқастың немен уланғанын, қанша сағат өткені туралы мәліметтермен танысамыз
Науқасты үстелге отырғызып дене қызуын , жүрек соғысын, қан қысымын, салмағын өлшеп аламыз.
Қолымызды гигеналық деңгейде жуып, кептіріп , кленкалық фартук пен нестерильный қолғаптарды киеміз.
Науқасты ыңғайлы қалыпқа , егер ересек бала болса отырғызып немесе кішкентай бала болса көмекші мейірбикеге немесе тазалықшының алдына отырғызып, көмекшінің сол қолымен науқастың маңдайын оң қолымен екі қолын ұстауын өтінеміз. Науқастың аяғын көмекші өзінің аяғымен қысып ұстайды. Немесе баланы оң жақ қырына да жатқызуға болады,баланың жағдайына байланысты.Науқасқа фартукті кигізіп алдына асқазанды шайғаннан кейін шығатын сұйықтықтарды жинайтын ыдыс қоямыз.
Стерильді зондты ашып, оны өлшеп аламыз. Науқастың мұрын тұсынан құлақ өсіндісіне дейін, құлақ өсіндісінен төс семсершесіне дейін өлшеп, белгілеп аламыз.
Зондтың ұшын стерильді сұйық маймен немесе глицеринмен майлап аламыз.
Науқасқа аузын ашуын сұраймыз, зондты тілінің ұшының соңына қоямыз,зондты итерген сайын бірге жұтынуын сұраймыз. Жәй қимылмен өлшеген жерге дейін зондты енгіземіз.
Науқастың басын сәл алға, төмен еңкейтеміз
Зондты енгізу кезінде жане енгізгеннен кейін науқастың жағдайын бақылап отырамыз, жүтелу көгеру, шашалу рефлекстері байқалса онда зондты енгізуді бірден тоқтатамыз.Зонд трахея кету қауіпі бар.
Зондтың асқазанға жеткен жетпегенін білу үшін Жанэ шприці арқылы аз мөлшерде темп 20-22 градустағы қайнаған суды жәймен жіберіп тартып қараймыз. Егер су тартқан кезде шприцтің бойына келетін болса, онда зонд асқазанда тұрғанын білдіреді.
Зонд арқылы Жанэ шприцімен қайнаған темп 20-22 градустағы суды асқазанға жәймен жібереміз.
Асқазанға бір реттік жіберетін судың көлемі баланың жасына,салмағына, асқазан көлеміне байланысты болады.
Белгілі суды асқазанға жібергеннен кейін зондты ашып қоямыз.
Асқазаннан таза су шыққанға дейін қайталаймыз.
Құйған мөлшердегі су шыққаннан кейін зондты салфеткамен ұстап жәймен тартып шығарамыз.
Зондты жане пайдаланылған Жанэ шприцін КБУ-ға саламыз
Науқастың аузын сумен шәйіп, салфеткамен құрғатып сүртеміз.Фартугін шешеміз
Дәрігерге манипуляцияның аяқталғанын ескертіп, асқазаннан шыққан сұйықтықты қарауын сұраймыз.
Егер қажет жағдайда дәрігердің тағайындауы бойынша асқазаннан шыққан сұйықтықтың алғашқы мөлшерін бактериологиялық зерттеуге лабараторияға жібереміз.
Дәрігердің рұқсатымен науқасты бақылау бөлмесіне апарамыз.
Асқазаннан шыққан сұйықтықты қаншы шыққанын есептейміз. Қанша мөлшерде су жіберсек сол жіберген мөлшердегі су қайтадан шығу қажет.
Пайдаланылған заттарды дез ертіндіге саламыз.
Қолымызды гигеналық деңгейде жуып, кептіреміз.
Ескертулер:
Зондтардың көлемі науқастың жасына байланысты :
3 айға дейінгі жане одан жоғары жастағы балаларға - № 6, 8, 10
3-5 жасқа дейінгі балаларға - № 10,12
5-12 жастан жоғары баларға - № 14, 16,18
Асқазанға бір ретте жіберетін судың мөлшері:
Жаңа туған нәрестелерге – 20мл
1-2 айлық – 60-80 мл
5-6 айлық – 100мл
9-12 айлық – 120-150мл
2-3 жас -200-250 мл
6-7 жас - 350-400 мл
Балалардың асқазан көлемін анықтау :
Сәбидің салмағын өлшеп аламыз
Салмағын 10ға көбейтеміз
Сол кезде асқазанның көлемі шығады
Мысалға: Сәби 5 кг боатын болса оны 10 –ға еселегенде 50 болады. Сонда асқазанның мөлшері 50мл деген қортынды шығады.
Асқазын осы мөлшердегі сумен шаямыз.
Атырау облыстық балалар ауруханасы
Балаларда азқазан шаю.
Оқыған:Ермекова А.С
2021 жыл
.
Достарыңызбен бөлісу: |