Сабақтың тақырыбы: Тіл ұстарту



Дата31.01.2018
өлшемі155,72 Kb.
#36644
түріСабақ
Ж а м б ы л м е д и ц и н а л ы қ к о л л е д ж і.

“Қазақ тілі” пәнінен ашық сабақтың әдістемелік талдауы.


Тақырыбы: Тіл ұстарту. Ұлттық ойындар.

Мамандығы: “Емдеу ісі”.

Курс: І

Қазақ тілі пәнінің оқытушысы:



Жунисова Дана Мусирхановна

Тараз қаласы


Сабақтың тақырыбы: Тіл ұстарту.

Ұлттық ойындар.


Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Білімгерлердің “Ұлттық ойындар” тақырыбына байланысты

қазақ тілінде айтылған, жазылған сөздерді тыңдай білу, түсіну, дұрыс оқу, дұрыс айту, сөйлесе білу дағдыларын жетілдіру.

Тақырыпқа байланысты сөздік қорын молайтуда түсіндірме

сөздіктерді пайдалана алуға машықтандыру.


Дамытушылық: Білімгерлердің қисынды ойлау, еске сақтау қабілеттерін

дамыту, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру,

шығармашылыққа баулу, тіл байлығын жетілдіру, білімге

ынтасын арттыру.


Тәрбиелік: Білімгерлерді адамгершілікке, ізеттілікке, әдептілікке,

еңбексүйгіштікке, ынтымақтастыққа, ұжымдылыққа, өз елін, мемлекеттік тілді сүюге баулу.


Сабақтың әдісі: Ойын- жарыс сабағы.
Сабақтың түрі: Құрастырылған.

Оқыту уақыты: 90 минут.


Пәнішілік байланыс: Наурыз мейрамы, ұлттық тағамдар.
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық материалдар (қима қағаздар, сөзжұмбақ сурет-

слайдтар).


Техникалық құрал: Интерактивті тақта.

Сабақтың құрылымдық-логикалық схемасы.




р/с

Сабақтың өту барысы


уақыты

І

Ұйымдастыру кезеңі:

1.1 білімгерлермен амандасу;

1.2 кезекшімен сұхбат;

1.3 аудитория және білімгерлердің дайындығын тексеру;

1.4 сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру;

1.5 бір-біріне сәттілік тілеу.




5 минут

ІІ

Үй тапсырмасын сұрау:

Наурыз мейрамы. Ұлттық тағамдар.

2.1 Оқылым:

Бірнеше білімгер мәтінді мәнерлеп оқиды;

2.2 Жазылым:

Интерактивте көрсетілген сөйлемдердегі көп

нүктенің орнына тиісті сөздерді жазу,

қойылған сөздерге грамматикалық талдау;

2.3 Айтылым:

Мәтінді мазмұндау. Жаңа сөздердің аудар-

масын тауып, мағынасын түсіндіру.

2.4 Үй тапсырмасын қорыту.



Тілдесім. (Диалог)

Сөзжұмбақ.

25 минут

ІІІ

Жаңа тақырып:

Тіл ұстарту. Ұлттық ойындар.

3.1 Тыңдалым:

а) жаңа сөздермен жұмыс;

б)жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрау;

в) сөз тіркестерін пайдалана отырып сөйлем

құрап жазу;

г) мәтінді мәнерлеп оқып беру;

ғ) мәтін бойынша өздеріне түсініксіз сөздерді

талдау;

д) РАФТ (рөл, аудитория, форма, тақырып)



рөльге бөлу стратегиясы:

  1. Баяндаушы топ мәтінді мәнерлеп оқып береді;

  2. Ізденуші топ мәтінге ат қояды;

  3. Сөз тапқыш топ сөйлемдегі сөздерді сөз таптарына талдайды;

  4. Бейнелеуіш топ мәтін тақырыбына сай сурет салады;

  5. Із қуушы топ ізденуші топқа сұрақ қояды.

3.2 Бойжазар.

3.3 Жазылым: Бәйге.

а) мәтінді оқып, сөздерді сөз таптарына қарай

бөліп жазу;

ә)дыбыстарды сауықтыр;

3.4 Айтылым:

1. Көкпар ( сұрақтарға ауызша жауап беру).

2. Теңге алу(топтық жұмыс).





50 минут

ІV

Қорыту.

Сақина салу ойынын көрсету.



5 минут

V

Бағалау.


3 минут



Үйге тапсырма:

1. мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұндау.

2. өткен тақырыптарды қайталап, бақылауға дайындалып келу.


2 минут

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Білімгерлермен амандасамын, қоңыраудың соғылғанын ескертіп, өз орындарына отырғызамын, бес топқа бөлініп отырғандарының себебін түсіндіремін.

ә) Топ кезекшісімен сұхбаттасамын, аудитория тазалығына, білімгерлердің дайындықтарына көңіл бөлемін.

б) Бір-біріне сәттілік тілеулерін сұраймын.

в)Жаңа тақырыппен, оның мақсатымен таныстырып өтемін.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:


  1. Оқылым.

Наурыз, Ұлттық тағамдар мәтінін бірнеше білімгерге мәнерлеп оқытқызу:

Наурыз мейрамы.


Наурыз – қазақша жыл басы, жалпы халықтық мейрам. Оны “Ұлыстың ұлы күні” дейді.

Әр үйдің алдында үлкен қара қазан асылып, наурыз көженің иісі шығады. Молшылық жолы осы наурыз көжеден басталады. Қайда барсаң да қатығы мол бидай көжеге қарық боласың. Ел жылдың басын ақ жарқын көңілмен осылай қарсы алады.

Онсыз да қонақжай халқымыз, әсіресе, наурыз күні қабақ шытқан емес. Ел топ-тобымен қыдырып, бір-біріне жақсы тілектерін айтады. Келген қонақтар наурыз көжені салт бойынша түгелдей тауысып ішуі керек.

Ол күні алтыбақан құрылады. Ұлттық ойындар ойналады. Үлкендер әңгіме айтып, қызықты шежіре қозғайды. Жастар ән салады.


Ұлттық тағамдар.
а) Ұннан жасалатын тағамдар.

Нан – ас атасы. Ол бидай ұнынан жасалады. Нанды жерге тастамайды, үстінен аттамайды, үстіне ешбір затты қоймайды. Нанды бір қолмен үзіп жемейді. Қазақтар нанды қасиетті санайды.

Шелпек – айт күндерінде әруақтарды еске алғанда, ас бергенде пісіріледі.

Қамырды жұқалап әзірлеп, майға пісіреді. Шелпек жеті нан, тоғыз нан болады.

Таба нан – табаға салып пісіріледі. Пісірер алдында қамыр бетіне бармақпен басып

ойық жасайды. Қалыпқа салып пісірген наннан таба нан дәмді де құнарлы.


б) Сүттен жасалатын тағамдар.

Сүтті пісіріп, бетіндегі қаймағын алып жейді, өзін ішеді. Сүттен әр түрлі тағамдар

әзірленеді. Сүтті тартып шикі қаймақ алады. Ешкінің сүтін емге ішеді.

Қымыз – биенің сауылған сүт-саумалды ашытып, күбіде пісіп дайындайды. Өте шипалы, адам жанына күш-қуат беретін сусын.

Шұбат – түйенің сүтінен ашытылып, тері, ағаш, қыш ыдыстарға құйып сақтап піседі, екі-үш күннен соң ішсе өте дәмді. Ол да өте шипалы.

Құрт – қой, сиыр сүтінен әзірленеді. Ашыған сүттен іркіт жинап, қазанға құйып қайнатып, суыған соң қапшыққа салып, суын сорғытады, сосын әр түрлі үлгіде жасап кептіреді.


2. Жазылым:

Интерактивте көрсетілген сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазу,

қойылған сөздерге грамматикалық талдау;
Әр үйдің алдында үлкен қара … асылып, наурыз … иісі шығады.

Ел жылдың басын … көңілмен осылай қарсы алады.

Ол күні … құрылады.

ойындар ойналады.



Нанды жерге … , үстінен аттамайды, үстіне … затты қоймайды.

Ешкінің сүтін емге … .

Шелпек … нан, … нан болады.

Шұбат … өте шипалы.

Қажетті сөздер:

(қазан, көженің, ақ жарқын, алтыбақан, ұлттық, тастамайды, ешбір, ішеді, жеті, тоғыз, та; )
3. Айтылым:

Мәтінді мазмұндау. Жаңа сөздердің аудармасын тауып, мағынасын түсіндіру.

Жаңа сөздер.

көже - суп

ақ жарқын - благожелательный

салт бойынша - по традиции

алтыбақан - сооружение из шести

шестов, национальная игра

көңіл - настроение

молшылық - изобилие

қатық - приправа

тілек - пожелание

шежіре - история

қасиетті - священный

әруақтар - святые люди

дәмді - вкусный

құнарлы - сытый

өте шипалы - очень полезный

ашыған сүт - кислое молоко

ойық жасайды - делают ямочку

іркіт - сыворатка

4. Үй тапсырмасын қорыту.



Тілдесім. (Диалог)

Үлгі:



  1. Наурыз мерекесі қашан тойланады? – Наурыз мерекесі наурыздың 22-сінде тойланады.

  2. Наурыз мерекесінде ең негізгі қандай ұлттық тағам әзірленеді? – Наурыз көже пісіріледі.

  3. Наурыз көжені қалай дайындайды? – Наурыз көжені жеті түрлі дәмнен дайындайды.

  4. Салт бойынша наурыз көжені қалай ішу керек? – Салт бойынша түгелдей тауысып ішу керек.

  5. Тағы қандай ұлттық тағамдарды білесің? – Наурыз көже, бауырсақ, бесбармақ, қуырдақ, шелпек, қымыз, шұбат, құрт.

  6. Наурыз мерекесінде қандай ойындар ойналады? – Наурыз мерекесінде алтыбақан құрылып, түрлі ұлттық ойындар ойналады.

Сөзжұмбақ.








1.

ә

н

Ұ

р

а

н







2.

ш

ы

Л

а

у










3.

ө

Т

і

р

і

к




4.

ж

е

л

Т

о

қ

с

а

н







5.

у

Ы

қ













6.

Қ

а

з

а

қ













7.

О

д

а

ғ

а

й







8.

а

Й

р

а

н




9.

қ

о

б

Ы

з













10.

Н

а

н







  1. Қазақстан Республикасының рәмізі.

  2. Сөз табы.

  3. “Шындық” сөзінің антонимі.

  4. Қыстың бірінші айы.

  5. Киіз үйдің бөлігі.

  6. Ұлт.

  7. Сөз табы.

  8. Сүт өнімі.

  9. Ұлттық аспап.

  10. Ас атасы.

ІІІ Жаңа тақырып:

Тіл ұстарту. Ұлттық ойындар.
1 Тыңдалым:

а) жаңа сөздермен жұмыс:

Мұра - наследие

зеректік - способность

ептілік - ловкость, хваткость

икемділік - приспособленность

сәйгүліктер - скакуны

парыз - долг

ықылас - внимание, интерес

сүйіспеншілік- любовь к чему то

ірі қара - крупный скот

ас - поминки

әзіл-оспақ - юмор, шутка

жілік сүйек - трубчатая кость

жекпе-жек - поединок
б)жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрау:

Үлгі:


Асыл мұра, мұра етіп қалдыру;

Ептілікті қажет ететін;

Икемділікті қажет ететін;

сәйгүліктер жарысы, жүйрік сәйгүліктер;

парыз санайды;

ықылас білдіру;

сүйіспеншілікпен қарау;

ірі қара мал ;

ас беру; ас дайындау;

әзіл-оспақ айту, әзіл-оспақ тыңдау;

малдың жілік сүйегі ;

жекпе-жекке шығу; жекпе-жекке шақыру;
в) сөз тіркестерін пайдалана отырып сөйлем құрап жазу:

г) мәтінді тыңдатқызу:

Ұлттық ойындар.
Қазақтың ұлттық ойындары халқымыздың мәдени асыл мұрасы. Ұлттық ойындар беске бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өздері жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар.

Далалықтардың сәйгүліктерге ерекше ықыласы олардың ат ойындарына деген сүйіспеншілігін туғызды. Қазақтардың мұндай ойындарын санап тауыса алмайсың және әрбір жігіт ат сайыстарының кем дегенде бір түріне қатысуды өзінің парызы санайды.

“Аламан бәйге” – шалғай қашықтықтарға ат жарыстыру.

“Көкпар” – халықтың сүйікті ойындарының бірі, онсыз бірде-бір той, ас, жиын мен мереке өтпейтін болған.

“Теңге алу” – ептілікті атқа жақсы отыруды керек ететін ұлттық ойын.

“Алтыбақан” – жастардың кешкілікте бас қосып, ән салатын, айтысатын, әзіл-оспақ, көпшілік болып көңіл көтеретін ұлттық ойыны.

“Ақ сүйек” – жаздың айсыз қараңғы түнінде ойналады. Ол үшін ірі қараның, жылқының кепкен жілік сүйегі керек.

“Аударыспақ” – атқа мінген екі жігіт жекпе-жекке шығып, бірін-бірі аттан аударып тастауға тырысады.

Сонымен қатар асық ойындары, “Соқыр теке”, “Ақ серек - көк серек”, “Бес саусақ”, “Бес тас”, “Қыз қуу” т.б. ойындар бар.
ғ) мәтін бойынша өздеріне түсініксіз сөздерді

талдау;
д) РАФТ (рөл, аудитория, форма, тақырып) рөльге бөлу стратегиясы:




  1. Баяндаушы топ мәтінді мәнерлеп оқып береді:

Қазақ жастарының сүйікті ойын-сауықтарының бірі – “Қыз қуу” . Салт бойынша жігіт ұнатқан қызын жүйрік тұлпарына мініп, қуып жетуі тиіс болған. Шартты белгі бойынша қыз атқа қамшы басып жігіттен ұзап шаба жөнеледі. Жігіт оның соңынан тұра қуады. Бозбала қайткенде де қызды қуып жетіп бетінен сүюі керек. Егер жігіт аруды қуып жете алмаса, ол аттың басын бұрып, қаша жөнелуі тиіс. Енді оның ізінен епсіз бозбаланы қамшымен сабау үшін бойжеткен қуа жөнеледі. Егер қыз қуып жетсе жігіттің атын немесе жігіттің өзін қамшының астына алады. Мұнда қыз жеңді деп есептеледі.


  1. Ізденуші топ мәтінге ат қояды:




  1. Сөз тапқыш топ сөйлемдегі сөздерге морфологиялық талдау жасайды.



  1. Бейнелеуіш топ мәтін тақырыбына сай сурет салады;




  1. Із қуушы топ Ізденуші топқа сұрақ қояды.


Сұрақтар:

Үлгі: 1. Қыз қуу қандай ойын?

2. Салт бойынша жігіт не істеу керек?

3. Шартты белгі бойынша қыз не істейді?

4. Бозбала қызды қуып жеткенде не істеуі тиіс.

5. Қыз жігітті қуып жетсе не істейді?
2 Бойжазар.

Бойжазар сұрақтары. (сергіту сәті)
“келісемін” – (қол соғады).

“келіспеймін” – (орнынан тұрады).




  1. Етістіктің үш шағы бар. - (қол соғады)

  2. “Ақ сүйек” - ұлттық ойын– (қол соғады)

  3. Заттың атын білдіретін сөз табы-етістік. – (орнынан тұрады)

  4. Шылау сөйлем мүшесі бола алады. – (орнынан тұрады)

  5. Наурыз көже жеті дәмнен пісіріледі. – (қол соғады)



3 Жазылым: Бәйге.

а) Білімгерлер мәтінді тізбектеп мәнерлеп оқып береді, мәтінде не туралы жазылғанын

орыс тілінде айтып береді).
Ұлттық ойындар.
Қазақтың ұлттық ойындары халқымыздың мәдени асыл мұрасы. Ұлттық ойындар беске бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өздері жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар.

Далалықтардың сәйгүліктерге ерекше ықыласы олардың ат ойындарына деген сүйіспеншілігін туғызды. Қазақтардың мұндай ойындарын санап тауыса алмайсың және әрбір жігіт ат сайыстарының кем дегенде бір түріне қатысуды өзінің парызы санайды.

“Аламан бәйге” – шалғай қашықтықтарға ат жарыстыру.

“Көкпар” – халықтың сүйікті ойындарының бірі, онсыз бірде-бір той, ас, жиын мен мереке өтпейтін болған.

“Теңге алу” – ептілікті атқа жақсы отыруды керек ететін ұлттық ойын.

“Алтыбақан” – жастардың кешкілікте бас қосып, ән салатын, айтысатын, әзіл-оспақ, көпшілік болып көңіл көтеретін ұлттық ойыны.

“Ақ сүйек” – жаздың айсыз қараңғы түнінде ойналады. Ол үшін ірі қараның, жылқының кепкен жілік сүйегі керек.

“Аударыспақ” – атқа мінген екі жігіт жекпе-жекке шығып, бірін-бірі аттан аударып тастауға тырысады.

Сонымен қатар асық ойындары, “Соқыр теке”, “Ақ серек - көк серек”, “Бес саусақ”, “Бес тас”, “Қыз қуу” тағы басқа ойындар бар.

б) берілген бос параққа мәтіндегі сөздерді сөз таптарына бөліп жазады.)


Үлгі:


Сан есім

Сын есім

Шылау

Етістік

Есімдік

Бес

Жүз


Бір

Екі



Ұлттық

Мәдени


Асыл

Сүйікті


Қараңғы

Айсыз


Ірі қара

Және

Астам


Ұшін

қатар


Бөлінеді

Ойналатын

Қажет ететін

Қалыптасқан

Туғызды

Санап тауыса алмайсың



Санайды

Жарыстыру

өтпейтін болған

отыру


керек ететін

қосып


салатын

айтысатын

ойналады

шығып мінген

аударып тастауға тырысады

бар



Олар

өздері


бұл

мұндай


әрбір

өзінің


олсонымен


в)Дыбыстарды сауықтыр. ( Берілген сөздердің қатесін табу).


Үлгі:

Сайгүлік – сәйгүлік, кокпар – көкпар, ұлтық - ұлттық, көпшылік – көпшілік, қаранғы - қараңғы, ірі ғара - қара, қыз құу – қыз қуу, мадени – мәдени, ептелік - ептілік, тенге алу – теңге алу, алтыбакан - алтыбақан, ықлас - ықылас, суйек - сүйек, жастардің - жастардың, байге – бәйге.


4 Айтылым:

а) Көкпар (сұрақтарға ауызша жауап беру).



  1. Ұлттық ойындар неше түрге бөлінеді?

  2. Зат есім дегеніміз не?

  3. Ұлттық ойындардың түрлерін атаңыз.

  4. Шылау дегеніміз не?

  5. “Аударыспақ” қалай ойналады?

  6. Үстеудің мағыналық түрлерін атаңыз.

  7. “Ақ сүйек” ойыны үшін не қажет?

  8. Жылқы малын қалай шақырады?

  9. Жылқының сүтінен дайындалатын сусын?

  10. Сын есімнің шырайларын атаңыз.

б)Теңге алу. (топтық жұмыс, өткен тақырыптарға шолу)




  1. Абайдың бір өлеңін жатқа айтыңыз.

  2. Ы.Алтынсариннің бір өлеңін жатқа айтыңыз.

  3. Қазақтың батырларын атаңыз.

  4. Қазақ билерін атаңыз.

  5. Қазақ хандарын атаңыз.

5. Қорыту. “Сақина салу” ойыны.

Ойынның шарты: жеңілген білімгер еркін тақырыпта өз өнерін көрсетеді.
6. Бағалау. Жауап берген оқушылардың ұпайларын санай отырып тиісті бағаларын беру.
ІV. Үйге тапсырма:

а) мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұндау;



б) өткен тақырыптарды қайталап, бақылауға дайындалып келу.
Каталог: uploads -> doc -> 0991
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0991 -> Атырау облысы, Исатай ауданы, Тұщықұдық селосы Жұмабай Мырзағалиев атындағы орта мектебі
0991 -> Тақырыбы: Білім әлеміне қызықты саяхат Мақсаты
0991 -> «Ә. Молдағұлова атындағы №21 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет