Жоспар: I кіріспе II негізгі бөлім 1 Листериоз ауруы туралы түсінік



Дата28.11.2019
өлшемі33,15 Kb.
#52639
Байланысты:
Листериоз(Трансшекара)

Жоспар:

I Кіріспе

II Негізгі бөлім

2.1 Листериоз ауруы туралы түсінік

2.2 Індеттік ерекшеліктері

2.3 Паталогоанатомиялық өзгерістер

2.4 Ажыратып балау

2.5 Емі
III Қортынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер



\
І.Кіріспе

Ауыл шаруашылығының саласы – ірі қара шаруашылығын дамытуда сиырлардан алынатын өнімді арттырып, ірі қара басын көбейту жолында кедергі болатын негізгі себептердің бірі – жұқпалы аурулар.

Листериоз- орталық жұйке жүйесі, жыныс мүшелері, желін зақымданып, өлітию ретінде өтетін жұқпалы ауру. Осы ірі қара шаруашылығының өнімін және басын көбейтуде инфекциялық ауруларға дер кезінде балау жасап, аурудың алдын алудың маңызы зор.

Сиырлардың іш тастауымен, бұзаулардың және ересектерінің жүйке жүйесінің зақымдануымен, бұзаулардың катарлы энтеритке шалдығуымен, т.б. сипатталатын листериоз ауруы шаруашылыққа көп экономикалық зиян келтіреді.

Листериоздың ең қауіпті таратушылары және негізгі табиғи қорламасы- тышқан тектес кемірушілер. Олардың бөлінділерімен жайылым, жемшөп, су және топырақ ластанып, одан барып басқа жануарларға жұғады. Ал ауыл шаруашылық малдары үшін ең басты жұғу көзі болып сүрлем саналады.

Листериозды болдырмау үшін шеттен әкелінген ірі қараларды бұл аурудан сау шарушылықтан алу керек. Жемшөптің, әсіресе, сүрлемнің сапасын үнемі бақыланып, кемірушілермен күрес жүргізіледі.

Листериоз шыққан фермада малдарды жаппай қарап, ішінара ыстықтарын өлшейді. Орталық жүйке жүйесінде зақымданулар бар ірі қараларды бірден союға жібереді. Ауруы күдікті және ауру ірі қараларды оқшаулап, емдейді. Листерия алып жүруші және ауруы жасырын жануарларды анықтау үшін жаппай қан алып, АР және КБР бойынша тексереді. Оң нәтиже берген жануарларды да бөліп алып емдейді. Барлық қалған шартты түрде сау жануарларды АУФ штаммынан жасалған вакцина егілмесе бірден жемге антибиотиктер қосып береді.
ІІ Негізгі бөлім

2.1 Листериоз ауруы туралы түсінік

Листериоз (Listeriosis) - орталық жүйке жүйесі, жыныс мүшелері, желін зақымданып, өлітию ретІнде өтетін жүқпалы ауру.



Тарихи деректер. Бірінші рет бұл ауруды үй қоянында Lucet (1892) сипаттады, ал D.A Gill (1931) қойда анықтағаннан кейін құстың, сиырдың және басқа да жануарлардың ауыратындығы белгілі болды.

Қоздырушысы - Listeria monocytogenes грам теріс, таяқша тәріздес бактерия, мөлшері - 0,5-2 х 0,3-0,5 мкм, ұштары дөңестеніп бітеді, спора және қауашақ түзбейді, жіпшелері бар, қозғалады, жартылай ауасыбағалы, кәдімгі коректік орталарда (рН 7,2-7,4) өседі. ЕПА-да мөлдіреген шық тәріздес шоғыр түзеді, ЕПС бірінші тәулікте лайланады да, кейіннен пробирканың түбіне шөгіп, қоректік орта мөлдірленеді. Шөгінді шайқаған кезде перде тәрізді көтеріледі, өсу үшін 6Н қолайлы температура 30-37°С, бірақ, бөлме температурасында да, тіпті төменгі температурада да (4°С) өсе береді.

Листерияның денесінде О,Н-антигендері болады. Біріншісі жоғары температураға төзімді, 15 түрі белгілі. Екіншісі қыздыруға, формалинге төзімсіз. Егер микроб бөлме температурасында өсірілсе, қылшалары мол болып, перитрих ретінде орналасады. 37°С-де өскенде қылшалары аз болып, бір шетінде ғана болады немесе мүлдем болмайды. Н-антигенінің 5 түрі бар: А, В, С, Д, Е. Антигендік құрамы бойынша бұл микроб 5 вариантқа бөлінеді. Бұлардьң екеуінің індеттік маңызы зор: кемірушілердің және күйіс қайырушылардың листериялары. Біріншісі алғаш рет кемірушілерден, екіншісі сиырдан бөлініп алынған. Екеуі де жануарлардың барлық түрі мен құстарда кездеседі.



Төзімділігі. Листериялар сыртқы ортада ұзақ уақыт бойы сақталады және төменгі температурада әр түрлі субстрат пен сүрлемде өсіп-өне алады. Кебек пен сұлыда 105, ал шөп пен ет-сүйек ұнында 134 күнге дейін тіршілігін жоймайды, тұздалған етте төменгі температурада ұзақ уақыт бойы өлмейді. Мал қораларында 24-48 күн, көңмен ластанған даладағы топырақта 8 күннен (жазда) 115 күнге (қыста) дейін, жерге көмілген өлекседе 1,5-4 айға дейін сақталады. Дезинфектанттар ретінде қолданылатын 5% лизол немесе креолин ерітіндісі 10 мин, 2 % формальдегид немесе күйдіргіш натрий 20 мин ішінде өлтіреді. 100°С кыздырғанда 5 мин, ал 75-90° -та 20 минутта өледі.

2.2 Індеттік ерекшеліктері

Листериозға қой, ешкі, сиыр, шошқа, жылқы, қоян, күзен, тауық, үйрек, қаз, күрке тауық бейім. Сонымен қатар, ит, мысық жэне маймылдың да ауыратындығы белгілі болды. Жалпы алғанда листериялар 92 түрлі жабайы жануарлар, одан қала берді иксод жэне гамза кенелері, бит пен бүрге, бөгелектің балапан құртынан да бөлініп алынған. Бұньң бәрі листериоздың үй жануарларына жұғуы үшін қауіпті. Әсіресе кемірушілер арасында байқалып, оқтын-оқтын тышқан тектестерді көп шығынға ұшырататын індет ауыл шаруашылық малдары үшін аса қауіпті.

Қазақстанда және көршілес елдерде басқа малдармен салыстырғанда негізінен қой ауырады да, бұл түліктің ауруға шалдығу көрсеткіші де, өлім көрсеткіші де жоғары болады. Басқа елдерде сиырдың ауруы да жиі ұшырайды. Листериозбен жануарлар кез келген жаста ауырады, әйтсе де, жас төл мен буаз малдардың бейімділігі жоғары болады.

Қазақстанда қойдың листериозы солтүстік облыстардың орманды және далалы аймақтарында жиі байқалады. Бұған табиғи себептермен қатар қоздырушысы үшін қолайлы орта болып табылатын сүрлемді мал азығын кеңінен пайдалану да әсер етеді. Листериоздың қоздырушының бастауы -ауырған және ауырудан сауыққан малдар. Олар листерияларды сыртқы ортаға несеп, нәжіс, сүт және көзден, танаудан, жыныс мүшелерінен аққан сорамен бөліп шығарады. Ауырып жазылған жануарлар ұзақ уақыт бойы, қой мен шошқа 30 күн, кейбір кемірушілер 260 күнге дейін, листериоздан болған желінсау кезінде сүтпен саулықтар 90, ал сиыр 300 күнге дейін сыртқы ортаға микроб бөліп шығарады. Иксод кенелерінде қоздырушы 500 күнге дейін тіршілігін жоймайды.

Листериоздың ең қауіпті таратушылары және негізгі табиғи қорламасы -тышқан тектес кемірушілер. Олардың бөлінділерімен жайылым, жемшөп , су мен топырақ ластанып, одан барып басқа жануарларға жұғады. Ал ауыл шаруашылық малдары үшін ең басты жұғу факторы сүрлем болып табылады, әсіресе, сапасы нашар, қышқылы аз сүрлемде ауаның температурасы төмен, 0°С-тан біраз ғана жоғары жағдайда листериялар зардаптылығын сақтап, өсіп-өне береді.

Литериозға белгілі бір аймақта орын тебу жэне табиғи ошақтылық тән. Қойда көбінесе қыс пен көтемде кездеседі, ал басқа жануарларда мұндай маусымдылық байқала қоймайды.

Әдетте ауру қоздырушысы малдың денесіне негізінен ауыз арқылы, сонымен қатар, тыныс жолдары, көз конъюнктивасы, зақымданған тері арқылы енеді. Қан сорғыш жэндіктер: кене, бүрге, бит, т.б. қатысуымен трансмиссивтік жолмен жұғуы да мүмкін. Көп жағдайды малдардың листериозға шалдығуына кемірушілердің арасында таралған індет себепкер болады.

Дерттенуі. Листериялар денеге енген соң қан мен сөлге өтіп, бүкіл организмді жайлап, көбейеді де ми мен жұлынға енеді. Микроб эндо- жэне экзотоксиндер бөлуі арқылы эр түрлі ұлпаларды, қанның қыл тамырларын зақымдайды, қанның белоктық құрамы өзгеріп, моноциттер саны көбейеді. Инфекциялық процестің одан әрі өршуі қоздырушының уыттылығы мен мал организмінің физиологиялық ахуалына байланысты болады. Егер микробтың уыттылығы төмен, ал мал организмінің төзімділігі тиісті дәрежеде болса, қоз-дырушы денеге айтарлықтай зардабын тигізбей сөл түйіндерінде, бауыр мен көкбауырда, бүйректе, жілік майында сақталады. Ондай жағдайда аурудың көзге түсердей клиникалық белгілері байқалмай, мал ұзақ уақыт бойы жасырын листериялар альш жүруші болып қалады. Ал микробтың уыттылығы күшті болса жас жануарларға өлі тиіп, сақа жануарлардың орталық жүйке жүйесі зақымданып, энцефалит, энцефаломиелиттің клиникалық белгілері байқалады, ал буаз малдар жыныс мүшелерінің закымдануынан іш тастайды.

Өтуі және симптомдары. Жасырын кезеңі 7-30 күнге созылады. Ауру жіті, жітіден төмен, созылмалы түрде өтеді де, клиникалық белгілері бойынша өлітиген, жүйке жүйесін зақымдайтын, генитальдік және кәдімгідей емес түрлерге бөлінеді.

Листериоздыц өлі тиген түрі жас малда, эдетте 1-3 айлық төлде кездеседі. Оның басты белгілері: дененің ыстығының көтерілуі, күйзеліске ұшырап, жемшөптен қалуы, іш өтуі (катарлы энтерит) көбінесе бұзау мен қозыда байқалады, шошқада енесінен бөлінген 2-4 айлық торайларда кездеседі. Осы жастағы жэне енесін еміп жүрген торайлардың жүйке жүйесі зақымданады.

Өлітиген жануарлардың ауызынан ақ көбік ағып, тынысы жиілейді, басын кегжитіп шайқай береді. Ауру 7-14 күнге созылып, көбінесе өліммен аяқталады. Жазылған төл жетілмей қалады.

Листериоздың жүйке жүйесін зақымдайтын түрі өте жиі кездеседі. Қой мен ірі қараның негізінен орталық жүйке жүйесі зақымданады. Ауырған мал денесін дұрыс меңгере алмай, қозғалғанда тәлтіректеп, бір орында айнала бе-реді. Тепе-теңдігін сақтай алмай, тұла бойы тырысып, бұлшық еттері сіресіп, мойыны қисаяды. Сонымен бірге, көздің, ауыздың кілегейлі қабықтары қабы-нады. Аурудың соңғы сатысында тұла бойы мен аяқ бұлшық еттері салданған жануар орнынан тұра алмай жатып қалады. Мөлшері 10 тәулікке дейін со-зылған ауру өліммен аяқталады.

Генитальдік түрі буаз малда кездеседі. Негізгі клиникалық белгісі -буаздықтың екінші жартысында байқалатын іш тастау. Әдетте түсіктен кейін ұзақ уақыт шуы түспейді. Жыныс жолдары, әсіресе жатыры, қабынып, негізінен іріңді эндометрит, ал кейде желінсау байқалады.

Кәдімгідей емес түрінің негізгі бегілері: дененің ыстығының көтерілуі, өкпенің қабынуы және катарлы гастроэнтерит. Сиырда листериоз әдеттегіден өзгеше өткенде көбінесе зілді катарлы қызбаға ұқсас өтеді.

Құстарда листериоз кезінде негізінен орталық жүйке жүйесі зақымданады. Ауруға жас шібилер мен балапандар шалдығады. Олардың жемге зауқы төмендеп, жалпы күйі нашарлайды. Бұлшық еттерінің салдануынан көп қозғалмайды. Әсіресе, көзге ұшырайтын белгісі мойынның былқ-сылқ етіп, бос қалуы. Көздері қызарып, көзден, тұмсығынан шұбатылып сора ағады. Аурудан құстардың көпшілігі 1 апта ішінде өледі.

2.3 Паталогоанатомиялық өзгерістер

Листериозға тән ерекше патанатомиялық өзгерістер кездеспейді. Әйтсе де, листериоздан өлген малдың өлексесінде мынандай өзгерістер жиі ұшырайды: жүйке жүйесі зақымданғанда ми мен мидың қабаттарының тамырлары қанға толып, мидың ұлпасы қанталайды, кейбір ішкі ағзаларда да қанталаған телімдер кездеседі. Өлітиген түрінде көк бауыр мен ішкі сөл түйіндері ұлғайьш, ішкі үлпершек ағзалар қанталайды. Өкпенің қан тамырлары қанға толы болады немесе өкпе ұлпасы қабынады. Бауыр мен көкбауырда, сирегірек бүйрек пен жүрек етінде, өліеттенген нүктелер кездеседі. Жыныс мүшелері зақымданса аналық малдарда эндометрит немесе метрит байқалады.



Балау. Листериозды анықтау үшін індеттанулық деректер, аурудың кли-никалық белгілері, өлекседегі патанатомиялық өзгерістер және зертханалық зерттеулердің қорытындылары пайдаланылады.

Бүл ауруға тән індеттанулық деректер: барлық үй жануарлары, көптеген жабайы жануарлар ауырады, көбінде спорадия түрінде, кейде індет ретінде өтеді, белгілі бір аймақта орын тебуі және кемірушілерге байланысы бай-қалады, қойда қыс пен көктемге келетін маусымдылығы, жас төл мен буаз жануарлардың бейімділігінің жоғары болуы.

Клиникалық белгілерден ескерілетіндері: жүйкені зақымдайтын және өлітиген түрлері, іш тастау, метрит жэне мастит.

Түбегейлі диагноз бактериологиялық зерттеудің нәтижесінде қойылады. Зертханаға жаңа ғана өлген малдың өлексесін, не болмаса басын (миын), үлпершек ағзаларын, іш тастағанда тастанды төлді, шарана қабын, жыныс мүшелерінен аққан сораны жібереді. Материялды глицериннің 30% судағы ерітіндісімен консервілейді не болмаса суыққа қатырып тастайды. Патматериялмен қатар бактериологиялық зерттеу үшін күдікті сүрлемді де жібереді.

Бактериологиялық зерттеу материалға сүйкелген шыныдағы жағындыны микроскоптау, қоздырушыньң өсінін алып, ұқсас микробтардан ажырату арқылы іске асырылады. Биосынама үшін ақ тышқан, теңіз тышқаны, үй қояны қолданылады. Кортизон жіберу (жүқтырардан 4 сағ. бұрын бұлшық етіне 5 мг) ақ тышқанның листериоз қоздырушысына сезімталдығын арттырады. Үй қоянына көк тамыр арқылы жұқтырғанда қанында моноциттердің саны көбейеді. Листериоздан өлген зертханалық жануарлардың бауырында, көкбауырында, бүйректері мен жүрек етінде көптеген өліеттенген телімдер болады. Листериялардың өсінін теңіз тышқаны мен үй қоянының көзіне тамызса кератоконъюнктивит пайда болады (конъюнктива сынамасы). Диагнозды тездету үшін люминисценциялық антиденелер эдісін пайдаланады.

Листериозға тірі малды серологиялық әдіспен (АР, КБР) тексереді. Co-нымен бірге, серологиялық тексеру жасырын микроб алып жүрушілерді де анықтайды. Кешенді әдіспен листериозға диагноз қойылған шаруашылықта малды жаппай серологиялық тексеру індеттік жағдайды толық айқындауға мүмкіндік береді.



2.4 Ажыратып балау

Листериозды бірқатар аурудан ажырату қажет. Зілді катарлы қызба кезінде жоғары температура, кератит, ринит, стоматит байқалады. Бруцеллез, трихомоноз, кампилобактериоз кезінде негізінен іш тастау, шу түспеу, орхит, эпидидимит байқалады, ал листериоздың белгілері одан гөрі молырақ, олардың ішінде ең бір көзге түсетіні - орталық жүйке жүйесінің зақымдануы. Ауески ауруы аса жұғымтал келеді де, тез тарайды, ересек шошқаның ыстығы көтеріліп, тыныс мүшелері зақымданады. Колибактериозбен (домбығу ауруы) тек қана енесінен бөлінген торайлар ауырады да, бас жағы домбығады. Ценуроз кезінде мида ценурус болады да, ауру ұзаққа созылады. Құтырықтың өзіне тән клиникалық белгілері болады, құтырған жануар өшпенділік көрсетеді, миында Бабеш-Негри денешіктері табылады. Листериозға диагноз қойғанда аралас инфекцияның да болатындығын ескеру қажет.



Иммунитет. Листериозбен ауырып жазылған жануарларда иммунитет қалыптасып, қан сарысуында антиденелер пайда болады. Бірақ, листериозға қарсы гипериммунды қан сарысуының, одан алынған глобулиндердің, ауырып жазылған малдардың қан сарысуының емдік, дауалық қасиеті жоқ, сондықтан, бұл ауруға қарсы иммунитет жасушалардьщ эрекетіне негізделген деп есептеледі. 1975 ж. бастап Қазан ветеринария институтында алынған АУФ (ультракүлгін сәуле эсер еткен А варианты) штамынан даярланған вакцина қолданылады. Сиыр, қой, шошқа бұл вакцинамен жылына бір рет тері астына егіледі. Иммунитет 10-14 күн өткенде қалыптасып, 1 жылға дейін сақталады. Күзен мен үй қояндарында вакцинадан кейінгі иммунитеттің ұзақтығы 6 ай.
2.5 Емі

Листериоздың өзіне тән емдік препараттар жоқ. Емдеу үшін анти-биотиктер (биомицин, террамицин, тетрациклин) қолданылады. Ем неғұрлым ерте басталса, соғұрлым нәтижелі болады. Тіпті ауру жұғу қаупі туған кезде алдын-ала жүргізілсе листериоздың алдын алуға болады. Дауалық мақсатпен малдың 1кг салмағына биомицинді 20 мг, террамицинді 25 мг 5-7 күн бойы күніне 1-2 реттен беріп, қажет болғанда 5-6 күннен кейін қайталайды. Ауырған жануарды емдеу үшін 1кг салмағына биомицинді 25 мг, террамицинді 30 кг күніне 2-3 реттен жазылып кеткенге дейін жэне тағы бірнеше күн ауру қайталанбау үшін береді. Басқа да антибиотиктерді (амфицилин, экмонова-циллин, бициллин), сульфаниламиттерді қолдануға болады. Аурудың клиникалық білінуіне байланысты симптоматикалық ем (жүректің, ас қорыту мүшелерінің, жүйке жүйесінің қызметін дұрыстайтын, су-минерал алмасуын жақсартатын) қолданудың маңызы зор.



Дауалау және күресу шаралары,вет-сан бағалау Листериозды болдырмау үшін шеттен әкелінген малды бұл аурудан сау шаруашылықтардан ғана алу керек. Жем-шөптің, әсіресе, сүрлемнің сапасы үнемі бақыланьш, кемірушілермен күрес жүргізіледі.

Листериоз байқалған шаруашылықты сау емес деп жариялап, оған шектеу қойылады. Шектеудің шарттары бойынша малды әкелуге рұқсат етіледі. Лажсыз сойылған малдың қасап өнімдерін шикідей шетке шығаруға болмайды. Тек қана ет комбинаттарында өңдеу үшін әкетуге болады. Листериялармен былғануы мүмкін жемшөпті, сүрлемді шетке шығаруға болмайды. Листериоз шыққан фермада малдарды жаппай қарап, ішінара ыстығын өлшейді. Орталық жүйке жүйесінің зақымдану белгілері бар ауырған малдарды бірден союға жібереді. Ауруы күдікті жэне ауру малдарды оқшаулап, емдейді. Сауықтырылған шаруашылықтан соңғы ауырған мал жазылған соң 2 ай өткенде қорытынды дезинфекция мен дератизация жүргізіп барып, шектеу алынады.



ІІІ. Қорытынды бөлім

Листериозға белгілі бір аймаққа орын тебу және табиғи ошақтылық тән. Ірі қараларда маусымдылық байқалмайды, кез келген маусымда ауруға шалдығуы мүмкін.

Әдетте ауру қоздырушысы ірі қара денесіне негізінен ауыз арқылы, сонымен қатар, тыныс жолдары, көз конъюктивасы, зақымдалған тері арқылы енеді. Қан сорғыш жәндіктер: кене, бүрге, бит, т.б. қатысуымен трансмиссивті жолмен таралуы мүмкін. Көп жағдайда малдардың арасында листериозға шалдығуына кемірушілер арасында таралған індет себепкер болуы мүмкін.

Листериоз байқалған шаруашылықты сау емес деп жариялап, оған шектеу қойылады. Шектеудің шарттары бойынша малды экелуге рұқсат етіледі. Лажсыз сойылған малдың қасап өнімдерін шикідей шетке шығаруға бол-майды. Тек қана ет комбинаттарында өңдеу үшін әкетуге болады. Листериялармен былғануы мүмкін жемшөпті, сүрлемді шетке шығаруға болмайды.

Листериоз шыққан фермада малдарды жаппай қарап, ішінара ыстығын өлшейді. Орталық жүйке жүйесінің зақымдану белгілері бар ауырған малдарды бірден союға жібереді. Ауруы күдікті және ауру малдарды оқшаулап, емдейді. Листерия алып жүруші және ауруы жасырын жануарларды анықтау үшін жаппай қан алып, АР мен КБР бойынша тексереді. Оң нәтиже берген малдарды да бөліп алып емдейді. Барлық қалған шартты түрде сау жануарларды АУФ штаммынан жасалған вакцина егілмесе бірден, жемге антибиотиктер қосып береді.

Ауру мал тұрған қораны 3% күйдіргіш натрий ерітіндісі, 5% ксилонафт эмульсиясы, 6% креолин, 2% белсенді хлоры бар хлорлы әк тұнбасымен дезинфекциялайды жэне дератизация шараларын іске асырады.

Сауықтырылған шаруашылықтан соңғы ауырған мал жазылған соң 2 ай өткенде қорытынды дезинфекция мен дератизация жүргізіп барып, шектеу алынады.

IV Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Сайдулдин Т.«Ветеринарлық індеттану», 1,2-кітап, Алматы, 1999ж.

2. Сайдоллоұлы Т.«Ветеринарлық індеттану», Алматы, 1999ж.

3.Урбан В.П.Практикум по эпизоотологии. Учебное пособие. М.,Колос,

4. Ветеринарлық законодательство РК, Астана, 2005 г, т 1,2,3.

5. А.А.Поляков «Ветеринарная санитария», Учебное пособие, М.,

Колос,1979 г.

6. А.Д.Третьяков «Ветеринарнаязаконодательство» под.ред. М., Колос, 1972г.

7. А.А.Конопаткина «Эпизоотология и инфекционные болезни» Учебник под.ред. М.,Колос, 1993г.

8. А.А.Конопаткина., А.А.Глушков «Инфекционные болезни с/х животных в тропических странах» М., МВА, 1984г.

9. И.А.Бакулов и др. «Руководство по общей эпизоотологии» под.ред. Колос, 1979г.

10. И.А.Бакулов «Карантинные и малоизвестные болезни животных» Колос, 1983г.



Мазмұны:

Кіріспе.................................................................................................................. бет

Негізгі бөлім........................................................................................................ бет

Листериоз ауруы туралы түсінік....................................................................... бет

Індеттік ерекшеліктері....................................................................................... бет

Паталогоанатомиялық өзгерістер..................................................................... бет

Ажыратып балау................................................................................................. бет

Емі....................................................................................................................... бет


Қортынды........................................................................................................... бет

Пайдаланылған әдебиеттер.............................................................................. бет

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет