Сабақтың тақырыбы: Жабайы жануарлар



Дата01.04.2017
өлшемі49,62 Kb.
түріСабақ
Пәні: Жаратылыстану ашық сабақ 0 «А» сынып

Сабақтың тақырыбы: Жабайы жануарлар

Сабақтың мақсаты: 1. Жабайы аңдармен таныстыру. Жабайы аңдардың атын дұрыс айтуға үйрету.

2.Балаларға ертегінің жоспар бойынша мазмұнын айтуды үйрету арқылы зейіндерін  есте сақтау, сөз дыбыстарын анық айту, сөйлеу ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Табиғаттың бір бөлігі-жануарларды қамқорлыққа алуға тәрбиелеу.

І. Ұйымдастыру кезеңі

Қайырлы күн, Жер – Ана,

Қайырлы күн, көк аспан. Қайырлы күн достар,

Қайырлы күн апайлар, Сәлеметсіздер ме?

ІІ. Өткен сабақты пысықтау

1-топ. Әдебиет орталығы:

Тапсырма: Үй жануарларын ата

2-топ. Өнер орталығы:

Тапсырма: Үй жануарларының дауысын дыбыстау

ІІІ. Психологиялық жаттығу:

Қуанамын менде, Қуанамын сенде,
Қуанайық достарым, Арайлап атқан күнге! 


4. Жаңа сабақ : « Жабайы жануарлар» туралы түсінік беру

Олай болса, бүгінгі сабағымыз «Жабайы жануарлар»  деп аталады? Жабайы жануарлар орманда, таулы жерде мекендейді. Олар өз азықтарын өздері тауып жейді. Жабайы жануарлар жыртқыш және пайдалы болып бөлінеді. Аңдардың бізге пайдасы мол, олардың терісінен тон, жаға киімдер, бас киімдер тігеді. Немен қоректенеді? Қасқыр мен жолбарыс өздерінен кіші аңдарға шабады. Түлкі ұсақ аңдар мен, тышқандармен қоректенеді. Қоян шөптермен қоректенеді, ең сүйікті тағамы – сәбіз. Аю – жазда жеміс – жидектермен ал қыста ұйықтайды. 


  Бүгінгі сабағымызда орманға саяхат жасаймыз. 
5. Қызығушылығын ояту : Жұмбақ жасыру

1.Орманнан жалпақ даладан,

Бал іздеп бір аң жортады.

Кіп-кішкене арадан,

Үп-үлкен болып қорқады. (аю)

2. Сылдырдан қорқады,

  Шошынып жортады (қоян)



3. Көп-көп ине, көп ине,

Бір сабағы жоқ ине, Іс тікпейтін әрине. (кірпі)

4. Өзі бір қу,

Жүрген жері айғай да шу.   (түлкі)

5. Секең- секең етеді,

Орман – оның мекені.

Отырғанда шоқиып,

Құманға ұқсап кетеді. (тиін)



6. Суреттен нелерді көрдік? - Оларды бір сөзбен қалай атаймыз? Олай болса бүгінгі біздің сабақтың тақырыбы: «Жабайы жануарлар» Түлкі, аю, қоян, тиін, кірпі. «Жабайы жануарлар».

7. «Тапқыр қоян». Ертегісін оқып беру.

Бірде аңдардың патшасы арыстан бәйге жариялапты.Бір қазан суды қайнатып қойып: «Осы суды кім ішіп қойса,көп сыйлық беремін» деген шарт қойыпты.

Аңдар бірінен соң бірі келеді. Қанша өжеттенсе де,қайнап тұрған суды ішуге батылдары бармапты.Ең соңында қоян келеді.Қып-қызыл шоқта тұрған қазанды көтеріп алады да:


  • Суды ыстықтай ішуді өте жақсы көремін, - деп жан-жағына қарайды.

  • Ендеше , іше ғой, - дейді аңдар аң-таң қалып.

Қоян ұзыннан –ұзақ қаз-қатар тізіліп тұрған аңдарды жағалай жүріп:

басына көрсетіп шығады.

Қоян аңдарды басынан аяғына дейін аралап шыққанша ,қазандағы су

суып қалады. Ал, тапқыр қоян суды басына бір-ақ көтеріп,сіміріп салады. Таңданған аңдар ауыздарын ашып,көздерін жұмады. Алданған арыстан қоянға көп сыйлықтар беріп: «Міне , нағыз ер!» - деп мақтапты.

8. Сұрақ – жауап

-Бұл ертегі не туралы?

-Ертегіде қандай кейіперлер бар?

-Оларды бір сөзбен қалай атаймыз?

-Оларды неліктен жабайы аңдар дейміз?

-Олар қайда өмір сүреді?

-Енді осы жануарлар мен аңдар тұратын орманға барғыларың келе ме?

9. Сөздік жұмыс

Қасқырдың баласы –бөлтірік.

Қоянның баласы –көжек.

Түлкінің баласы –мыршай (жаутаң)

Аюдың баласы- қонжық.

Жолбарыстың баласы-шөнжік.

Арастаннның баласы-абдан.

Миығынан күлу – мысқылдап күлу, мазақтап күлу



10. Дыбыстық жаттағуларды орындайық

- Ыр, ыр, ыр ырылдайды қасқыр,


-    Кі, кі, кі бұлаңдайды түлкі,
-    Ян, ян, ян жүгіріп  жүр қоян,
-    Ю, ю, ю қорбаңдайды аю.  

11. Ойын: “Ненің басы, ненің құйрығы?”

12. «Аңдар қалай қозғалады?». (Суретпен жұмыс).   (қимылдарын салу)

13. Сергіту сәті: (Әлқиса күйіне қимылдарын салу)

14. Тапсырмалар: 1-топ Ертегі кейіпкерлерін атау

Ең айлакер аң – (түлкі)

Ең қорқақ аң – (қоян)

Балды ең жақсы көретін аң – (аю)

Аң патшасы – (арыстан)

2-топ Ертегі кейіпкерлерін тауып, жапсырмалау

Мысыққа ұқсайтын аң – (жолбарыс)

Ең ұзын мойын – (керік)

Қораға шабатын аң – (қасқыр)



Ең ірі жануар - (піл)

15. «Аяқталмаған сөйлемдер» ойын



  • 1. Мен бүгін ___________________білдім.

  • 2. Маған _____________ қызықты болды.

  • 3. Маған__________________қиын болды.

  • 4. Мен _______тапсырманы орындадым.

  • 5. Менің түсінігім бойынша ____________

  • 6. Енді мен ______________ істей аламын.

  • 7. Мен _______________________сезіндім.

  • 8. Бүгінгі сабақтан менің алғаным ______

  • 9. Мен ______________________үйрендім.

  • 10. Менің _____________қолымнан келді.

  • 11. Мен _________________  істей алдым.

  • 12. Мен ________________істеп көремін.

13. Мені _______________таң қалдырды.

14. Бұл сабақ менің өміріме _______берді.

16. Қорытындылау:

Топтастыру: топпен жұмыс

Үй жануарлары

1 - Топпен жұмыс

Жылқы, ит. Қой, мысық.

Жабайы жануарлар

2 - Топпен жұмыс



Жолбарыс, арыстан, қасқыр, түлкі.

Күтілетін нәтиже

  • Не білді? Жабайы аңдардың орманда мекендейтінін, немен қоректенетінін және балаларын қалай атайтынын білді.

  • Не алды? Орман және жабайы аңдар туралы мағлұмат алды.

  • Не істей алады?

  • Ойындарды дұрыс орындай алады.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
Каталог: uploads -> doc -> 0659
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0659 -> Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың типі: дәстүрлі Сабақтың әдіс тәсілі: түсіндіру, сұрақ- жауап, талдау, шығармашылық жұмыс


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет