Термометр капиллярі бар шыны түтікшеден тұрады, онда сынап толтырылған резервуар бар. Бұл түтік шкалаға бекітілген, оған 34-тен 42°С дейін бөлімдер жасалынған. Қызған кезде капиллярмен жоғары көтерілген сынап суыса да төмен түспейді. Сынап түсуі үшін термометрді бірнеше рет сілку керек. Медициналық термометрдің шкаласы дене температурасын 34-тсн 42°' дейін өлшеуге арналған, бір белігі 0,1 °С.
Дене қызуын көбінесе қолтық астында , ал шап қыртысында (балаларда), ауыз куысында (термометр резервуарын тілдің астына қояды), тік ішекте (вазелинмен майланған термометрдің резервуарын сол қырында жатқан науқастың тік ішегіне 2-3 см тереңдікке кіргізеді) сиректеу өлшейді. Дене қызуын өлшегенде мейірбикенің болуы міндетті. Дене қызуы қолтық астында калыпты жағдайда 36 - 37°С, және ол шырышты қабаттардағы қызуға қарағанда 0,5 - 0,8°С төмен екендігін есте сақтаған жөн.