Дене қызуын күніне 2 рет өлшеу керек:
таңертең - ұйқыдан кейін, ашқарынға(сағат 7.00 - 9.00 аралығында)
және кешке -күндізгі демалыстан кейінгі, кешкі асқа дейінгі уақытта (сағат 17.00-19.00 аралығында). Кейбір жағдайларда (дәрігердің белгілеуі бойынша) дене қызуын әрбір 3 сағат сайын өлшеу керек, оны температураның профилін өлшеу деп атайды.
Дене қызуын өлшеу алгоритмі:
1. Термометрдің бүтіндігіне көзіңізді жеткізіңіз!
2. Сынап бағанасы 35° төмен болғанша термометрді сілкіңіз.
3. Қолтық астында қабыну құбылыстары мен терінің
зақымдануларының бар-жоғын байқаңыз.
4. Қолтық асты терісін құрғақ орамалмен сүртіңіз.
5. Термометрдің сынабы бар резервуарын қолтық астына
орналастырыңыз.
6. Дене температурасын 10 минут ішінде өлшеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |