Термометрді пайдаланып болғанан соң, сынап бағанасы 35ºС-қа төмендегенше сілку керек, 1% хлорамин ерітіндісінде 15минут салып алады да, құрғақ салфеткамен сүртіп, таза ыдысқа немесе өзінің қорапшасына салып қояды.
Ерте балалық шақта тәулік ішінде үлкен ауытқулармен көрінетін дене қызуының аса тұрақсыздығы байқалады. Қалыпты жағдайда дене қызуы ас қабылдағаннан кейін физикалык күшті жұмсай отырып, жұмыс істегенде айқын көрінетін көңіл-күй жағдайлары, әйелдерде жүктілік және етеккір келу кезеңдерінде аздап жоғарылайды. Қалыпты жағдайларда сау адамдардың дене температурасы физиологиялық жағдайларына байланысты 0,5°С деңгейінде ауытқиды. Сонымен қатар, қалыпты жағдайда теріде өлшенетін дене қызуы (табиғи қатпарлардағы) кілегей қабаттағы қызудан (ауыз қуысы, тік ішегі, қынап) 0,5-0,8°С төмен. Қолтық асты аймағындағы дене қызуы 36-37° С-қа тең.
ЕСТЕ САҚТА!
Дене қызуын өлшегеннен сон, термометр көрсеткіштерін жеке температуралық параққа енгізеді. Оны стационарға түсетін әрбір науқасқа арналған медициналық картамен бірге қабылдау бөлімінде ашады. Онда дене қызуынан басқа тамыр соғу көрсеткіштерін, артериялық қысымды тіркейді.
Дене қызуы, артериялық қысым, пульс көрсеткіштерін температуралық параққа графикалық тәсілмен тіркейді, сол жақта тігінен "Т", "П", "АҚ" шкалалары болады. Кейбір температуралық парақтарда бір минут ішінде тыныс алу жиілігін графикалық тіркеуге арналган "Ц" шкаласы да бар. Температуралық парақтың төменгі бөлігінде емделушінің дене салмағын тәулік бойы қабылданған және бөлінген сұйықтық (су балансы), мөлшерін нәжіс бөлу туралы деректерді жазады және жүргізілген санитарлық өңдеуді + белгісімен белгілейді.