Т, РS, АҚ деректерін дұрыс енгізу үшін шкаланың бөлінулерінің
бағасын есептей білу қажет.
Ауруханада алған күн графасын екіге бөледі:- "У" - таңертеңгі және
"В" - кешкі. Таңертеңгі деректер "У" графасында нүктемен белгіленеді. "В" графасында кешкілік деректер белгіленеді. Нүктелерді бір-біріне қосқанда температуралық кисық пайда болады.
ЕСКЕРТУ!
Қазіргі кезде қызуды өлшеудің басқа да жолдары бар екендігін айтқан жөн. Мысалы, электронды термометрлер, электротермометрлер, тез анықтау үшін - экспресс әдіс, маңдай терісіне қызу көтерілгенде бояуын өзгертетін термолабильді затпен қапталған қағаз киындысы.
Термометр түрлері
1. Сұйық заттар арқылы жұмыс істейтін термометрлар
2. Электрлі термометрлар
3. Механикалық термометр
4. Инфрақызыл термометрлар
Сұйық заттар арқылы жұмыс істейтін термометрлар – сыртқы температураның өзгеруіне байланысты термометрдың ішіне құйылған сұйықтықтың көлемінің өзгеруіне негізделген.
Электрлі термометрлар – бұл термометрлердің жұмыс істеу принципі сыртқы температура өзгергенде өткізгіште пайда болатын қарсылыққа байланысты.
Механикалық термометр – бұл термометрлардың жұмыс істеу принципі жоғарыда айтып өткен термометрлар сияқты, тек бір айырмашылығы мұнда датчик орнына металды спираль немесе биметалдан жасалған лента қолданылады.
Инфрақызыл термометрлар – инфрақызыл термометрлер денеге жанаспай-ақ температураны анықтай алады. Дамыған елдерде сынапты термометрларды медициналық деңгейді былай қойғанда, үй жағдайында да қолданбайды. Инфрақызыл термометрлардың мүмкіндіктері өте зор:
• Қолдануда қауіпсіз
• Барынша нақты нәтиже көрсетеді
• Нәтижені аз уақыт ішінде көрсетеді (шамамен 0,5 секунд)
Достарыңызбен бөлісу: |