Дене қызуын өлшеу Орындаған: Құлмырзаева Замира



Дата13.04.2020
өлшемі316,85 Kb.
#62337
Байланысты:
Презентация
Презентация, Презентация

Дене қызуын өлшеу

Орындаған: Құлмырзаева Замира

Қабылдаған: Сазанбаева Анар

ДЕНЕ ТЕМПЕРАТУРАСЫ

  • Дені сау адамның қалыпты дене температурасы таңертең және кешке сәл ғана өзгеріп отырады және 37°С артпайтын тұрақты болады. Температураның мұндай тұрақтылығы организмдегі жылу бөлу және жылу беру процесіне байланысты болады. Балалардың темпе-ратурасы сәл жоғары, ал қария адамдардың температу-расы сәл төмендеу болады. Дене температурасының тәу-ліктік езгеруі организмдегі тәулік бойында болатын қышқылдық процестермен байланысты, сондықтан таң-ертең температура градустың бірнеше ондық бөлігіне жоғары, кешке төмен болады. Тік ішек пен қынапта тем-пература, қолтық пен шаптың тұсындағы тері темпера-турасынан 1°С жоғары болады.

Термометр

  • Дененің температурасын өлшеу мен оны бақылау — мейірбикенің күнделікті әрі маңызды міндеті. Дене температурасын дәрігерлік термометрмен елшейді.
  • Термометр (гр. θέρμη — жылу; Үлгі:Lang-el2 — өлшеймін) — дененің, заттың, ауаның температурасын өлшеуге арналған аспап. Термометрді ойлап тапқан адам ретінде Галилео Галилейді атайды. Оның өз қолымен жазған еңбектерінде термометрдің нақты сипаттамасы жоқ, бірақ оның шәкірттері Нелли мен Вивиани Галилейдің 1597 жылы термоброскопқа ұқсас бір нәрсе жасап шығарғанын байқаған. Галилей бұл кездері өзі жасап шығарған аспапқа ұқсайтын құралдың сипаттамасы кездесетін Герон Александрийскидің еңбектерін зерттеп жүрген еді, бірақ ол денелердің температурасын өлшеу үшін емес, судың температурасын жылыту арқылы көтеру үшін арналған еді. 

Алғаш дәрігерлік термометрді 1723 жылы ұсынған Фаренгейт еді. Еліміз Цельский термометрін қолданып жүр, ол капиллярі бар шыны түтікшеден тұрады, онда сынап толтырылған резервуар бар. Бұл түтік шкалаға бекітілген, оған 34-тен 42°С дейін бөлімдер жасалынған. Температураны елшегенде көтерілген сынап суыса да төмен түспейді. Сынап түсуі үшін термометрді бірнеше рет сілку керек. Термометрді жерге түсіріп немесе жақын тұрған затқа ұрып алмас үшін оны еппен сілку керек.

Алғаш дәрігерлік термометрді 1723 жылы ұсынған Фаренгейт еді. Еліміз Цельский термометрін қолданып жүр, ол капиллярі бар шыны түтікшеден тұрады, онда сынап толтырылған резервуар бар. Бұл түтік шкалаға бекітілген, оған 34-тен 42°С дейін бөлімдер жасалынған. Температураны елшегенде көтерілген сынап суыса да төмен түспейді. Сынап түсуі үшін термометрді бірнеше рет сілку керек. Термометрді жерге түсіріп немесе жақын тұрған затқа ұрып алмас үшін оны еппен сілку керек.

Термометрді сақтау және қолдану

  • Дәрігерлік термометрді түбіне бір қабат мақта салып, дизенфекцияланатын ерітінді, мысалы 0,5% хлорамин ерітіндісін құйған банкіге немесе стақанға салып сақтау қажет.
  • Температураны өлшеу алдында термометрді мұқият сүртіп, 35°С дейінгі белгіден темендегенше сілкіп, содан кейін сырқатқа береді. Қолтық астын алдын ала құрғақ сүлгімен сүрту қажет, себебі дымқылдық сынапты суы-тады да, термометр неғұрлым төмен температураны көрсетеді. Қолтық астына термометрді барлық өлшеу уақыты барысында оның сынаптық резервуары барлық жағынан денеге тиіп тұратындай етіп қою керек. Термо-метр мен дене арасына іш киім қалмауы тиіс. Әлсіз сырқаттың қолын мейіркеш сүйеп түрады. Өлшеу ұзақтығы кем дегенде 10 минут.

Өте жүдеген және ауыр науқастар температурасы тік ішек арқылы өлшенеді. Дәреті жүрмеген немесе іші өткен кездерде, тік ішек ауруы болса, мұндай әдіспен өлшеуге болмайды. Тік ішекке термометр салмастан бүрын вазелинмен немесе кез келген маймен оны майлап, содан кейін сырқатты қырынан жатқызып, термометрді жартысына дейін кіргізу керек. Қос құйымшақ бірінің үстіне бірі тығыз жатуы тиіс. Тік ішек арқылы өлшеген сайын термометрді жылы сумен мұқият жуып, спиртке немесе қолда бар дизенфекциялайтын ерітіндінің біреуіне салып залалсыздау керек.

Балалардың температурасын шап қыртысынан өлшейді. Ол үшін баланың аяғын ұршық буынынан термометр тері қыртысында болатын етіп біршама бүгеді.

Стационарда температураны тәулігіне 2 рет: таңертеңгі 6 мен 8 сағат арасында, күндіз 16—18 сағат арасында өлшейді. Сырқат бұл кезде отыруы не жатуы тиіс. Осы сағаттарда жоғары және төмен температура жөнінде айтуға болады. Егер неғұрлым нақты тәуліктік тем-пература жөнінде мағлұмат алу қажет болса, темпера-тураны әрбір 2—3 сағатта өлшеп, бөлек қағазға жазу керек.

Температураны жазу үшін температуралық бет пай-даланылады, онда сырқат фамилиясы, өлшеу күні мен уақыты (таңертең және кешке) керсетілген. Оның үстіне әрбір сырқатқа температуралық бет толтырылады. Оны ауру тарихына салып қояды. Әрбір елшеу санын сол бойда жалпы бетке түсіру керек, содан кейін оны ауру тарихына, ондағы температураның бетке көшіріп, әрбір өлшеуді нүктемен белгілеу қажет. Нүктелерді түзу сызықпен қосу кезінде температуралық қисық сызықтар пайда болады, олар стационарда жатқан сырқаттың барлық кезеңдегі температураларының өзгеріп отыр-ғанын керсетеді.


Назарларыңызға рахмет



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет