Cарсенбаева Айжан



бет1/3
Дата08.02.2022
өлшемі19,48 Kb.
#121628
  1   2   3
Байланысты:
СРОП - 6


Cарсенбаева Айжан
Группа СД-206
СРОП №-6
Таңғыштардың жіктелуі (классификациясы) және олардың салыну әдістері. Пайдалануына байланысты таңғыштар төмендегідей түрлерге жіктелінеді: Басатын немесе қысатын таңғыш. Соғылғанда ісікті, қан құйылуды азайту үшін ұлпаны астына мақта салып бинтпен қысып таңады. Ал жарақаттанған жердегі ұсақ қан тамырларынан аққан қанды тоқтату үшін оның астына 5% иод тұндасы сіңірілген мәрлі - мақта жастықшасы (анжы) салынады.
Жарақатқа салынатын таңғыш – жарақатты екінші рет жарақаттанудан және инфекциядан қорғайды. Мәрлі, бинт тәрізді материалдан салфетка, мәрлі - мақта жастықшасы дайындалып, оларға антибактериалдық майлар сіңіріліп жарақатты жауып, сыртынан дәкемен орап таңады. Бұл мақсатта стерильді материалдар пайдаланылады.
Өткізбейтін (окклюзиондық) таңғыш - көкірек, құрсақ қуыстарын тесіп өткен (енетін) жарақаттарда аталған қуыстарға ауа, шаң, микрофлора және басқа бөгде заттар түспес үшін қолданылады. Ол үшін ішкі қабатына дәкелі салфетканы майлы эмульсиярға батырады да, жарақатты жауып оның үстіне мақтаны салып, оның сыртынан дымқыл және ауа жібермейтін клеенка немесе целофанмен орап, дәкемен таңып байлайды.
Арнайы байлам салудың көрінісі
Құрғақ сорғыш таңғыш — жарақаттың бірінші кезеңінде, оның ішіндегі жиналған эксудатты, микрофлора мен оның уыттарын сорып құрғату үшін қолданылады. Байламның бірінші (ішкі) қабаты дәкелі тампон жарақаттың ішіне толтырылып тығылады, екінші қабаты гигроскопты мақта (қалындағы 1 см аспауы керек), үшінші қабаты бекіту қабаты (бөз, дәке). Капилярлық заң бойынша ішкі қабаттан сорылған жарақат эксудаты мен уыттары екінші қабаттағы мақтаға сорылады, аталған қабаттар ластанғанда құрғақ сорғыш материалдармен ауыстырылып тұрады.
Дымқыл сорғыш таңғыш — жарақат қуысындағы экссудатты, іріңді тезірек және толық сорып алу үшін қолданылады. Дәкелі кәріз жарақаттың қуысына енгізілместен бұрын NaСІ - дың гипертоникалық ертіндісіне батырылады да бір ұшы жарақат өзегіне енгізіліп, екінші ұшы жарақаттың сыртына шырарылады. Қалған қабаттары құрғақ сорғыш танғышпен бірдей.
Иммобилизациялық таңғыш — ұлпалардың бүлінген жерін қозғалтпай бекемдеу үшін қолданылады. Мысалы сынған сүйектің екі басын бір-біріне беттестіріп бекемдеу үшін қолданылады.
Қыздырғыш компресс таңғыштар — ұлпалардың жарақаттанған жеріне жоғары температура беру үшін қолданылады. Мысалы асептикалық қабынуды емдеу үшін. Бірінші (ішкі) қабаты 3-4 қабат жұмсақ материалдан (жұмсақ мата т.б.) дайындалып, 40-50% жылы спиртке малынып, сорғытылды да бүлінген жерге жабылады. Оның шеттері жарақат аумарынан 2-3 см шығып тұруы керек. Оның үстінен су жібермейтін қабат (целофан) оралады. Үшінші қабат жылу өткізбейтін материалдан (мақта т.б.) жасалады. Төртінші қабат қалған үш қабатты жануардың денесіне бекемдеу үшін жасалады (дәке, марлі т.б.) Қызу компресс танғыштары 4-6 сағат арасында 2 сағат үзіліспен қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет