Айран қосылған пирог



Дата07.02.2022
өлшемі14,68 Kb.
#91898
Байланысты:
Пирог түрлері
4 практикалық сабағы, 4 практикалық сабағы, Бақылау сұрақтары 8, 01.11.21.ЭССЕ, 01.11.21.ЭССЕ, Дарынды балаларды окыту, жаңасы 1-2тарау мол-физ

Айран қосылған пирог
Айран – 250 мл.
Шекер – 150 гр
Ұн – қою болғанша салу қажет
Жұмыртқа – 2 бас
Көпсіткіш (разрыхлитель)- 10 гр
Грек жаңғағы – 100 гр
Тұз – аздап қана
Май – табаны майлау үшін
Тосап (варенье), күлше үгінділері – қалауыңызша (дайын пирог сыртына жағу үшін)

Үлкендеу табақ алыңыз, 2 жұмыртқаны жарып салыңыз, шекерді салыңыз, миксермен араластырыңыз. Қоймалжыңның үстіне айранды құйыңыз, араластырып ұнды електен өткізіп салыңыз, көпсіткішті салыңыз, аздап тұз себіңіз де миксермен жақсылап араластырыңыз. Қоймалжың үстіне жаңғақтарды салыңыз (жаңғақ қоспауға да болады, өз қалауыңызша басқа кепкен жеміс немесе өзге дәндер қосуға да болады). Табаны жақсылап майлап алыңыз да қоймалжыңды құйыңыз. 180 - 200 градус қызып тұрған пеште 30 - 35 минуттай пісіру қажет. Пирогтың сыртына кез келген вареньемен қалауыңызша жағып шығып, үйде қалған күлше үгінділерін сеуіп қойсаңыз тамаша болады.

Ірімшік қосылған бәліш (пирог с творогом)
Қамыры:
Ұн – 200 гр
Шекер – 50 гр
Сары май – 80 гр


Ұн, шекер, сары майды жақсылап араластырамыз. Құм секілді ұнтақ болады. Табаны алып ішіне пергамент қағазын төсейміз (пергаментная бумага) майда ұнтақты табаға саламыз, шет жағын биіктеу етіп саламыз (аздаған ұнтақ қалдырамыз, бетіне себу үшін).

Салма:
Шекер – 50 гр
Жұмыртқа – 2 бас
Ірімшік, сүзбе (творог) – 250 гр

Шекер, жұмыртқа, ірімшікті араластырамыз. Алдын дайындаған табадағы майда ұнтақтың үстіне құямыз. Бетіне ұнтақты жұқалап сеуіп, пеште 45 - 50 минут пісіреміз 180 градуста.

Алма қосылған бәліш(пирог)
Құрамы
Ұн – 450 гр.
Тұз – 1 шай қасық
Сары май (слив масло) – 300 гр.
Суық су – 100-150 мл.

Қамыр ішіне салуға


Алма 800 гр.
Шекер – 150 - 180 гр.
Ұн – 30 гр.
Сары май – 50 гр.
Лимон сөлі – 1 шай қасық


Ең алдымен ұнды елгезермен елеп алыңыз да тоңазытқышта тұрған сары майды майдалап кесіп ұнмен араластырыңыз, жақсылап араластырып алған соң тұз салып мұздай су құйып қамыр илеңіз. Дайын болған қамырды екіге бөліңіз, біреуін үлкенірек екіншісі кішірек болуы керек, целлофанға орап тоңазытқышқа салып қойыңыз.

Қамыр ішіне салатын салмасын дайындау үшін алманы жуып - тазалап кептіріп, қабығын аршып тастап жұқалап тураңыз. Туралған алманы үстіне шекерді, ұнды, сары майды, лимон сөлін құйып жай отқа 3 - 4 минут шекер ерігенше қойып алаңыз.
Қамырды тоңазытқыштан шығарып қалыңдығын 3 мм етіп жаямыз. Жайылған қамырды форманың ішіне салып артығын кесіп алып тастаңыз. Алмадан дайындаған салманы саламыз.

Қамырдың екінші бөлігін қалыңдығы 3 мм етіп жаямыз да ұзынша етіп кесеміз.
Қамырдан кесілген ұзынша бөліктерді алманың үстіне сетка тоқығандай қойып шығамыз.
Бетіне жұмыртқа сарысын жағып 200 градус қызып тұрған пеште 40 - 50 минуттай пісіреміз. Асыңыз дәмді болсын!

Сүзбе қосылған бәліш (пирог с творогом)
Қамырына
Ұн – 3 кесе
Сары май – 200 гр
Шекер – 1 кесе
Тұз – жарты шай қасық
Сода – жарты шай қасық

Қамырдың ортасына құятын қоймалжың
Сүзбе – 500 г.
Жұмыртқа – 4 бас
Шекер – 1 кесе
Ванилин – қалауыңызша

Алдымен қамыр ортасына құйылатын қоймалжыңды дайындап алу қажет.
▪ Сүзбені үлкен ыдысқа салып жұмыртқа, шекер, ванилинді салып барлығын жақсылап араластыру керек (блендермен араластырса дұрыс). Қоймалжың дайын.
Қамырын дайындау тәсілі:
Негізінен қамыр дегенімізбен қамыр емес Ұнмен сары майдан үгінді дайындаймыз.
▪ Сары майды ірі теркадан өткізіп, үстіне ұн, шекер, тұз, соданы салып жақсылап араластыру қажет. Осы үгіндіні майланған табаның ішіне жартысын саламыз (шеткі жағын биіктеу етіп саламыз, өйткені үстіне сүзбеден дайындалған қоймалжың құйған кезде төменге ағып кетпес үшін).
▪ Сүзбеден дайындалған қоймалжыңды құямыз.
▪ Оның үстіне ұннан дайындалған үгіндінің қалғанын саламыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет