-
- Құрметті кісілерге ұсынатын кәделі әрі орны бөлек тағамдардың ең бастысы - қазақша ет (бесбармақ). Әр табақ қонақтың дәрежесі мен жасына, іліктік жолына (нағашы, жиен, құдағи, қыз бала, т.б.) сәйкес келуі керек. Осыған орай табақ тарту – бас табақ, сый табақ, күйеу табақ, келін табағы, жастар табағы, жай табақ болып бөлінеді.
Сыйлы қонақтарға, алыстан келген құрметті кісілерге бас тарту оларды қадір тұтудың бір белгісі. - Сыйлы қонақтарға, алыстан келген құрметті кісілерге бас тарту оларды қадір тұтудың бір белгісі.
Бұл құдалық дәстүр рәсімі. Құйрық-бауыр қазақ дәстүрінде құда болудың заңды белгісі. - Бұл құдалық дәстүр рәсімі. Құйрық-бауыр қазақ дәстүрінде құда болудың заңды белгісі.
- Нан – ас атасы. Ұлт дастарханында нанның орны мен бағасы өте зор. Нан қазақ ұғымы мен салтында қасиетті, киелі ас. Оны жерге тастамайды, үстінен аттамайды, үстіне зат қоймайды. Нанды бір қолмен үзудің өзі күнә. Нан астың басы, құдыреті әрі символы. Үйге келген адамға да дәм ауыз тигізгенде де алдымен нан ұсынады.
- Мал және онан алынатын өнімдер қазақтың басты байлық қоры. Сүт тағамдарын халық бір сөзбен ақ деп атайды. Сүт тағамдары денсаулыққа пайдалы және қоректік қасиеті мол. Қазақ халқы “ақты төкпе”, “ақты аттама” , “ақты ысыраптама, малдың желіні кетеді” деген қағида қалыптасқан ел ішінде.
- Халықтың қасиетін, дәулетін, салтанатын, байлығын, мырзалығын, дастархан берекесін білдіретін әрі сусын, әрі ұлттық тағам.
- Ұлы Жамбыл:
- Ауруға – ем,
- сауға – қуат,
- дәрі – қымыз
- – деп жырлаған.
- Құрт – қой, сиыр сүтінен жасалады. Той кезінде шашу салтанатына да құрт араластырады.
Сүттен жасалатын және ұлт дастарханында мыңдаған жылдар бойы халықпен бірге жасап келе жатқан белгілі тағамдардың бірі. - Сүттен жасалатын және ұлт дастарханында мыңдаған жылдар бойы халықпен бірге жасап келе жатқан белгілі тағамдардың бірі.
- Халық дастарханынан өмірі үзілмей келе жатқан қасиетті әрі қастерлейтін сыйла тағамы – сары май.
Достарыңызбен бөлісу: |